Cайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Израиль агрессиясы - Палестинаның қасіреті

www.bravica.tv

Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күн өткен сайын ушығып барады. Қазірдің өзіңде қаза болған палестиндіктердің саны 1900-ден асып кетті. Екі ел арасындағы жағдай қиындаған сайын бұл шектен шыққан әрекетке тосқауыл болуға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік комитетінің мүше мемлекеттері емеурін танытпағаны өкінішті. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері қақтығысып келе жатқан Палестина мен Израиль мәселесі баршаны алаңдататыны жасырын емес. Тақырып орай біз осы халықаралық қатынас саласының маманы, дипломат Сайлау Батырша-ұлымен сұхбаттасқан едік.
- Екі ел арасындағы қазіргі жанжалдың беталысы қиын. Израиль тарапы әскери шабуыл жасау үшін үш еврей жігітінің өлімін желеу еткені қисынға келе ме?
- Шындығына мәселенің мәнісі тым тереңде жатыр. Әу баста яхудилер Палестина жерінде иудея діни оқу орнын заңсыз салған болатын. Сонда оқып жүрген үш жігіт Палестина территориясында жоғалып кетіп, арада үш күн өткенде денелері табылды. Осы кезде Израиль үкіметі «оларды арабтар өлтірді, енді біз кек алуымыз керек» деп соны желеу сылтау етуде. Шын мәнісінде олай деуіне ешқандай дәлел жоқ еді. Оларды кім өлтірді? Белгісіз. Жалпы, еврейлерде ортодокс деген бар. Олардың ойынша, яхудилер Құдай қалаған халық, басқа халықтардың бәрі «Гои» (екінші деңгейлі адамдар). Сосын олар әлемде иудоизм діні басым болуы керек, деп санайды. Менің ойымша, осындай түсініктің салдарынан олар әлемдік дін - исламға қарсы күресіп жатыр.
- Қазақстанның Израильдегі елшілігінде жұмыс істеген Сізге бұл мемлекеттің ішкі ахуалы, оның Палестинамен арадағы жиі орын алатын қақтығыстары жақсы таныс деп білеміз. Осы уақытқа дейін араб пен еврейлер неліктен ымыраға келе алмай отыр деп ойлайсыз?
- Палестина мен Израиль арасындағы бүгінгі күнге дейін орын алған қақтығысты көрген адамның жанын түршіктіреді. Мұндай жағдайдың неден туындап, осы уақытқа дейін басылмай келе жатқанын түсіну үшін оның тарихын білу керек. Тарих былай айтады: БҰҰ-ның 1947 жылғы шешімі бойынша Англияның қол астындағы бұрынғы протекторат Палестинаны екіге бөлу қарастырылған болатын. Онда Палестина жерінде араб және еврей-екі мемлекет құрылсын деп айтылған. Шарт бойынша оның жартысы еврей, жартысы арабтардікі болуы тиіс еді. Арабша «Құдыс» қаласын (қазіргі Иерусалим) БҰҰ өзі басқаруы тиіс-тін. Жалпы, әлемдік үш діннің негізі, яғни иудаизм, христиан және мұсылман діндері осы жерден таралған. Сондықтан да оларды бөле-жармай Ватикан секілді бөлек қала ретінде қалдырылуы керек еді. Бірақ 1948-49 жылғы соғыс кезінде Израиль әскері Құдыс қаласының жартысын басып алды. Атам заманнан оның жартысында арабтар мен палестиндіктер, екінші бөлігінде еврейлер мен басқа ұлт өкілдері тұратын. Содан бері еврейлер тікелей Палестина мемлекетін құруға жол бермей әскерімен БҰҰ комиссиясы арабтарға бөліп берген жердің үштен бірін қосып алды. Ал 1967 жылғы соғысты бірінші Израиль бастап, Палестина жерлерінің ішінде Газа секторында түрлі қақтығыстар орын алды. Иордан өзенінің Батыс жағалауын Палестина жері деп атамай, осындай саяси атау қалыптасты. Сөйтіп, 1967 жылы Израиль Палестинаның қалған аймағын да басып алып, мемлекетін құруға қарсы шықты. Түйіндей айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдың арқасында еврейлер өздерінің мемлекетін құрып алды да, палестиндіктерге рұқсат та, мүмкіндік те бермей қойды, керісінше басқыншылықты одан сайын үдетті. Мәселен, Израиль сол жолы Египеттің Синай түбегін басып алды. Иерусалимде Иорданияның әскері тұрған еді, оны да қуып шықты. Сирияның Голан таулы аумағын басып алды. Осындай жағдайлардан кейін 1948 жылдан бері Израиль мен Палестина арасында ірі-ірі 5 әскери қақтығыс тіркеліпті.
- Палестина – араб мемлекеті. Неліктен арабтар қанды қырғынды бастан кешіп жатқанда өзге араб мемлекеттері оларды еврейдің тепкісінен арашалай алмай отыр?
- Шындығында, қазіргі әлемде 22 араб мемлекеті бола тұра, неліктен Палестина еврейлерден қысым көріп келеді деген пікірлер басым. Дегенмен, араб мемелкеттерінің ішінде - Мавритания, Марокко, Алжир алыста. Катар, Бахрейн, Судан, Иемен секілді елдер Палестинаға нақты жәрдем бермей келгенін айта кеткенді жөн санаймын. Араб мемлекеттерінің ішінде Израильмен қақтығысқан Египет, Сирия, Ливан, Иордания ғана. Қалғандары әншейін экономикалық тұрғыда мұнайға бай мемлекеттер болып, реті келгенде жәрдем беріп отырады, сонымен шектеліп, басқа жағынан олардың әскерлері де қатысқан емес. Халық түсінігінде «22 мемлекеттегі 300 млн араб халқы азғантай еврейден неге қорқады?» деген ой да бар. Дегенмен, олардың аты араб болғанымен,заты бөлек мемлекеттер. Әр араб елі өз алдына дербес мемлекет. Олардың ішкі проблемасы да жетерлік, түйіндей айтсақ олар өз қазанында өздері қайнап жатыр.
Жалпы, арабтар тұрмақ біз өзіміздің түркілер туралы мысалды айтсақ та бұл мәселеден көз ашамыз. Әлемнің 20 мемлекетінің ішіне кіретін түркілердің арасында бір-бірімен түбіміз бір деп араласқанды былай қойып, әлі де бір бірін көрмегендері бар екенін мысалға алсақ та жеткілікті. Мысалы, якуттарды түрік тайпасына жатқызады. Ендеше, Якутия қай жақта, Түркия қай жақта?! Проблемасы түгіл бірі-біріне еш байланысы жоқ мемлекеттерге айналып кетті емес пе? Саяси жағынан әңгіме болғанда түркі тілдестер көп деп айтылғанымен, олардың негізі тарихи жағынан ғана түркі тілдес халықтар болып отыр. Міне, ендеше қазіргі арабтардың жағдайын да осымен салыстыруға болады. Сондықтан да, араб әлемінің алдында қазіргі таңда тікелей бірігіп, тұтастай жұмылып арабтарды қорғау деген мәселе тұрмағанын түсінуге тиіспіз. Онсыз да араб мемлекеттерінің біразы Франция мен Англияның отары болды. Кейінгі уақытта бұл аймақтарда АҚШ-тың ықпалы күшейіп, олардың біраз мемлекет басшылары бүгінгі күнге дейін Еуропа мен АҚШ-қа жалтақтап қарап отыр. Араб мемлекеттерінің Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатынаспауын осыдан-ақ түсінуге болады.
- Әңгіме үш дінге де ортақ тарихи қасиетті жер туралы болып отыр ғой. Дегенмен, Палестинадағы Әл-Ақса мешітіне қатысты еврейлер түрлі пиғылдарын білдіріп қалады. Мәселен, оны бұзу туралы да айтылуда...
-Рас. Қазіргі болып жатқан қақтығыстар аясында уағында Мұхаммед пайғамбар намаз оқыған жерге салынған Әл-Ақса мешітін бұзып, орнына синагога саламыз деген әңгімелер де қылаң береді. Еврейлер ол жерде бұрын өздерінің ғибадат орнының болғанын алға тартады. Әсілі, осыдан ХХ ғасыр бұрын ол храмды римдіктер жойып жіберген. Сосын оны ешкім көрген де жоқ. Ал енді келіп еврейлер соның есесі деп арабтардан өш алуды көксеп отырған сыңай танытады. Әл-Ақса мешіті Ислам әлемінің солтүстіктегі мешіті болып саналады. Осыдан жиырма жылдай бұрын Ицхак Рабин деген Израильдің Үкімет басшысы Палестина халқын қанша қырғанмен түбіне жете алмайтынын, мұсылман елдері, әлемдік қауымдастық палестиндықтарды қолдайтынын түсініп, бейбітшілікке келу туралы ойға бекінеді. Сөйтіп, 1993 жылы «Осло-Норвегия келісімі» бойынша бейбіт бітімге қол жеткізді. Алайда, оның «Басып алған жерлерді толық бере алмаймыз, дегенмен арабтар тұратын жерлерді берейік» деп митингіде әңгіме айтқаны үшін оны Амир Игаль деген еврей атып тастады. Шындығында яхудилерде «еврей еврейге қанша жаманшылық істесе де өлтірмеуі керек» деген діни қағида бар еді. Олар керісінше арабтарды өлтіру керек деп санайды. Керек десеңіз «Әл-Ақса мешітін бұзып, бір-бір кірпіштен алып кетіңдер» дегенге саятын доқ көрсетулері де сондықтан. Ал сол «еврей еврейді не істесе де өлтірмеуі керек» деген қағидаға қарамастан Рабинді атқан Амир күні бүгінде тірі, түрмеде отыр.
- Палестина ұлт-азаттық күрес жүргізіп жатқан халық екені белгілі. Екі ел арасындағы қақтығысқа соғыс деп баға беруге бола ма?
- Әрине, егер соғыс болуы үшін екі мемлекетте де әскер болуы керек еді. Ал қазіргі Палестинада құрлық пен теңіз әскері, ұшақ деген дүниелер атауымен мүлдем жоқ. Оларда бар болғаны автоматпен қаруланған полиция бар. Қазір Палестина Автономиясын еврейлер қоршап алып, шетелмен байланыс жасатпайды. Бір сөзбен айтқанда бүтіндей елді концлагерь жасап отыр. Көрші бауырлас Иорданиямен де байланыстырмайды. Кезінде Палестинаны азат ету ұйымының төрағасы Ясер Арафат Газа қаласында тұрған ел билігін Иеруссалимге жақын маңдағы Рамалла қаласына көшіріп әкелді. Қазіргі басшысы Махмуд Аббас сол жерде отыр. Тіпті, кезінде ҚР Президенті Н.Назарбаев Ясер Арафатқа екі мәрте ресми сапармен барып қайтқанын айтуымыз керек. Бір ретте Газаға сапармен барса, екіншісінде мен Израильде жұмыс істеген кезде біздің Президент Рамалла қаласына арнайы барды. «Израильді де, Палестина да дербес мемлекет ретінде мойындаймыз. Палестинамен қарым-қатынасымыз жақсы» деген еді ҚР Президенті сол кезде. Қазір әлемнің 130 елі Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды. Сондықтан Қазақстан Палестинамен толық дипломатиялық қарым-қатынаста. Оның айғағы Астанада Палестинаның елшілігі бар. Ал Еуропа мен АҚШ бұл халық бостандық алуы керек дегенімен, олар мемлекет ретінде Палестинаны еш мойындамай келеді.
-ҚР Президентінің Палестинадағы өкілі ретінде екі мемлекет арасында қандай да бір тиімді шаруаны атқара алдым деп санайсыз ба?
-Мен Тель-Авивте бес жыл жұмыс істедім. Сонымен қатар, ҚР Президентінің Палестинадағы ресми өкілінің міндеті менің мойнымда болды. Ең басты Палестина-Израиль қатынастары туралы және Таяу Шығыстағы ахуалды Сыртқы істер министрлігіне уақытылы және нақты жіберіп тұрдым. Сол уақыттары мерекелерде Палестина көсеміне Қазақстан мемлекет басшысының ресми құттықтауларын табыстап жүрдім. Тоқсаныншы жылдардың басынан бері Я. Арафатпен 5 рет кездесіппін. Ең алғаш ол 1992 жылдың қаңтарында Қазақстанға келді. Қытай, Вьетнам, Малайзия мемлекеттерін аралап, Палестинаға қолдау іздеп жүрген ол «Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаймын. Мүмкін болса мені қабылдасаңыздар» деп өтініш білдірді. Алайда сол кезде ҚР Сыртқы істер министрі болған Т. Сүлейменов оның елге келуіне қарсы болды. Дегенмен, сол кездегі СІМ бірінші орынбасары ретінде қоярда қоймай жүріп қабылдауына септігімді тигізген едім. Неге десеңіз арабтар біздің тәуелсіздігімізді мойындап отыр. Әрі енді ғана тәуелсіз ел болған Қазақстанға оның келуі басқа араб мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуына жол ашады деп сенген едім. Содан Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ясер Арафатты қабылдап, екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісім жасалды. Біздің республикада 30 дан астам палестина жастары оқыды. Олардың көбісі медицина, құрылыс, инженер сынды мамандықтарында оқыды. Палестина жағы бұған жауап ретінде 1997-1998 жылдары Қазақстаннан бес студент Газа қаласындағы педагогика институтына барып, араб тілін оқып шықты. Жатақхана беріп, стипендия төледі. Қазақстандық жастар Газадан қайтарында Ясер Арафат оларды арнайы қабылдап, сыйлық табыстаған болатын.
Бүгінде Израильде бір миллионнан астам бұрығын КСРО-дан шыққан еврейлер тұрады. Оның бестен бірінің отбасы аралас ұлтты болып саналады. Оның ішінде қазақтар да бар. Кезінде Израильде жұмыс істеген уақытта оларды көрген едім. Жалпы, байқағаным еврейлер жергілікті арабтарға жақсы көзқараста емес болса, КСРО-дан барған еврейлер тіпті агрессивті боп келеді екен. Әл-Ақса мешітін бұзуға талпынуының өзі олардың есе қайтаруға сондай құлықты екенін көрсетеді. КСРО-дан ауып келген бүгінде Израильдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның өзі бір кездері: «Бізге тиіспеңдер. Керек болса Египеттегі Асуан плотинасын, Иранның астанасы Тегеранды жойып жібереміз», - деп ашықтан-ашық қорқытты емес пе?!.
-Еврейлердің Палестина жерінде арабтарды қырып, ел аумағының басым бөлігін иеленуіне қатысты БҰҰ неліктен Израиль агрессиясын айыптамай отыр?
-Бұл жағдайға байланысты БҰҰ қаншама рет әрекет жасады. Еуропа Одағы да табыстыруға талпынды. Бірақ Израиль Үкіметінің негізгі идеологиясы сионизмге тіреліп тұр. Кейбіреулер бұл проблема Қазақстанға қатыссыз, Палестина алыстағы бір араб мемлекеті деп ойлайды. Бірақ оның да Қазақстанға қатысы бар. Исламға қарсы шыққан олар ертең бізге де тиіспей қоймайды. Себебі, біз де мұсылманбыз. Қазірдің өзінде олар Құранда жазылған үш қасиетті қаланың бірін басып алып отыр. Қазір Әл-Ақса мешітін қоршап еврейлердің сарбаздары тұр. Ол жерге өтіп, намаз оқудың өзі мұсылман үшін мұңға айналып барады. Еврейлер бастапқыда намаз оқуға 25 жасқа дейінгілерді өткізбей қойған еді. Содан кейін шектеу 35 жасқа өсті. Қазір 45 жасқа дейінгі арабтарды мешіттегі жұма намазға жібермейді. Неге? Басып алумен қоймай мешітке кіруге осылай шектеу қойып отырғаны не деген сұмдық?
Жалпы, менің ойымша Таяу Шығыста бейбітшілік орнамай, ал ол үшін Палестина мемлекеті өз тәуелсіздігін толық алмай арабтар күресін ешқашан тоқтатпайды. Оларға басқа да араб мемлекеттері ақшалай жәрдем беріп келеді. Яғни, осылай жалғасса күрес ешқашан тоқтамайды. Тіпті жағдай осылай ушыға беріп, аумағы үлкейіп, күллі аймақты қамтуы мүмкін. Қазір сондай қауіптер басым. Кейін бұл жанжалға мемлекеттер де, соның ішінде Иран да қосылып кетуі мүмкін. Бұрын Газа секторымен Батыс жағалауын Палестинаны байланыстырып тұрған жол бар еді. Кейін еврейлердің басып алуынан кейін ол көпір үзілді. Соғыс болмай тұрғанда қатынасуға кедергі болмайтын. Қазір оған ешқандай жол жоқ, бір адамды аумақтан шығармайды.
Жоғарыда айтқанымдай, БҰҰ шартына сәйкес, Иеруссалимнің бір бөлігі арабтарға, қалған бөлігі еврейлерге тиесілі болуы керек еді. Алайда еврейлер оған көнбей қаланы тұтас аламыз, ел астанасы болады деген шешім шығарды. Бірақ әлемнің бір де бір мемлекеті оларды мойындаған жоқ. Себебі, БҰҰ шешімін ешкім де бұза алмайды. Егер Израиль жағы 1947 жылғы БҰҰ шешімін орындайтын болса, аймақта тыныштық орнар еді деп ойлаймын. Қазір шетелдік ақпарат құралдарының арасында «Евроньюс» секілділер палестиндіктер еврейлерді бомбалап жатыр деп ақпарат таратуда. Бұл шындыққа толық сәйкес келмейді. Өйткені, арабтарда тек қолдан жасаған от шашатын порх қана бар. Оны атқанмен нақты бір нүктеге бағыттай алмайды. Ал Израиль әскері осындай «өлермен» қарсылықты сылтау етіп, бейбіт мұсылман халқына қарсы зеңбірек, танк, БТР, ракета, бомба пайдаланып жатыр. Қаншама сәбидің қаны судай ағып, жазықсық аналардың көз жасы көл болды.
Кезінде Палестинаға Сирия, Египет көмектесіп тұратын. Тіпті, Ливанның Хизбалла партиясы әскери көмек пен жәрдемдесетін. Бірақ бүгінгі Сириядағы азаматтық соғыс, Ливандағы өзара қақтығыстар, Египеттегі әскери төңкерістердің салдарынан палестина халқы қорғаусыз қалды. Израиль Палестинаға жақ болатын тараптың болмауын өз мүддесіне пайдаланып отыр. Қай бір жылдары Палестина КСРО-дан қолдау тауып, кейін Ресей де оған демеу көрсетті. Украина мен Ресей арасындағы жағдай ушығып, Қырымға әскер кіргізгеннен кейін Мәскеудің Палестинаға қолдау көрсетуінің реті болмай отыр. Еврейлер басым болып, бомбалап бейбіт адамдарды 1 айдан бері қырып жатыр. Мысалы, Кезінде БҰҰ Палестинаға үш мектеп, екі аурухана салып берген. Бомбадан, снарядтан қашқан халық сонда барып бой тасалағанына қарамастан, Израиль солдаттары онда «лаңкестер» жиналып жатыр деп, ғимараттарды талқандады. Бұл әлемнің көз алдында бейбіт халыққа жасалып жатқан зор қиянат емес пе?
-Осы уақытқа дейін Палестинада қаза болғандары саны 2 мыңға жуықтаса олардың басымы бейбіт халық. Израиль жағынан марқұм болғандар әскерінің саны әлдеқайда бұдан төмен. Неліктен, күллі әлем Израильдің Палестинаға осыншалықты озбырлық жасауына үнсіздік танытып отыр?
-Қақтығыстан осы уақытқа дейін Израильден мерт болғандар саны 60-қа жуықтаған. Ал палестиндіктердің саны 2000-ға жуықтады. Израильдіктер біз ХАМАС-тың мүшелерін атып түсірдік деп мәлімдеуде. Бір үйді тұтас жарып жібергенде ондағы 50 пәтерде кім ХАМАС-тың мүшесі, кім бейбіт тұрғын екенін бомба бөліп-жармайды ғой? Тіпті, біз қару-жарақ шығаратын зауыттарды жарып жібердік деп хабарлауда. Менің пайымымша, бұндай ақпараттардың бәрі жалған. Оларда ешқандай зауыт қалған жоқ. Палестина энергияның 80 пайызын Израильден сатып алады. Ал еврейлер керек болса оны қалаған уақытында қия салады. Қалған 20 пайыз энергияны шығаратын палестинадағы 3-4 станцияның ең соңғысын да жарып жіберді. Соның салдарынан Палестина жарықсыз қалды.
Расын айтайық, шындықты қанша жапқанымен, ол көрінбей қоймайды. Сол секілді бүгінгі ХХІ ғасырда әлемдік ақпарат дамыған кезде Израильдің Палестина халқына жасаған қиянатын жасыру еш мүмкін емес. Сондықтан да көптеген мемлекеттер бұл агрессияны айыптап жатыр, тіпті мемлекет басшылары осыншама қырғынға көзін жұма қарағанымен, қалың жұртшылық оған қарсы шығып, наразылық митинглерін, шерулерді өткізіп жатыр. Ендеше әлемнің халқы кімнің кім екенін анық көріп отыр деген сөз. Еврейлер түрлі сылтауларды алға тартып, беттерін қанша бүркегенімен, шындық бәрібір сыпырылып шығып жатыр. Бұндай қасіреттің тереңдеуіне әлемдік қауымдастық одан әрі жол бермеуі керек деп санаймын.
-Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан Жанкелді Қаржан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста