Мемлекет басшысы Ресейдегі жағдайға байланысты оның тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы Премьер-Министрдің, құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Көршілес дос мемлекеттегі жағдайдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына ықпал етуінің ықтимал теріс салдарын бейтараптандыру бойынша жедел іс-шаралар жоспары қабылданады деп күтілуде.