Бізге Өзбекстаннан үлгі алар тұс бар

«Байырғы ұлттық дәстүрі мен бүгінгі демократиялық құндылықтарды байланыстыра отырып жаңғырушы өзбек махаллалары өзгелерге, соның ішінде Қазақстанға үлкен өнеге» дейді Өзбекстандағы президент сайлау науқанын қадағалауға қатысып келген саясаттанушы Уәлихан Төлешов «Алаш айнасы» порталына білдірген пікірінде.
- Қазақстанда «Жергілікті өз-өзін басқару органдары туралы» заң жобасы бірнеше рет қарастырылып, көбіне оны қабылдау кейінге шегеріліп, ақыры кеш те болса, оны мақұлдай алдық. Сөйтіп кейбір ауылдарда ақсақалдар алқасы құрылып, ауылдың құрметі азаматы деген таңдалды. Бірақ жергілікті басқарудың бұл тетіктері біз күткен нәтижені бере алмай, әттеген-айлатып жүргені рас. Мен таяуда Өзбекстанда боп, ондағы азаматтық қоғамның айқын көрінісін танытатын, қоғамдық бақылау рөлін жақсы атқаратын махаллалар институтын өз көзімен көріп, оған қатты тәнті боп қайттым, - дейді саясаттанушы.
Махалла – бұл сырттан қарағанда сол аумақ халқының салт-дәстүріне бағынатын бір көше кварталы немесе шағын мөлтекаудандар. Оның орталығы – сол аумақтағы мешіт немесе шайхана боп саналады. Махалланың ауданы кезінде мешіт төбесінен намазға шақырған азаншының дауысы жететін жермен шектелген. Ал шайханада көбіне еркектер бас қосып, өз махалласында не боп жатқаны жайлы өзара әңгіме-дүкен құрады. Тіпті, өз-өзін басқарушы әкімшілік нысан болғандықтан махалла мәселелері мен дау-дамайлары тап сол арада шешілетін болған.
Махаллалардың басты ерекшелігі ондағы халық байырғы дәстүрге сай үлкенге құрметпен қарап, ақсақалдарға бағынуда бейбіт пен бірлікте өмір сүреді, бір-біріне көмектеседі, көшенің тазалығын сақтап, бірігіп асарлайды, тіпті той-думанды, қазаны да бірге өткізіп, бір-біріне көмектеседі. Ал бұл заңмен жазылмаған, бірақ дәстүрге сай бұзылмауы тиіс махалла қағидаттары. Мысалы, біреу үйін сатқысы келсе, онда ол, ең бірінші, туысына, көрші-қолаңға ұсыныс жасайды, одан кейін махалланың өзге тұрғындарына өз ойын жариялайды. Бұл - махалланың бұзылмас заңдылығының бірі.
«Бүгінгі таңда Өзбекстанда жергілікті өз-өзін басқарушы органның 30 функциясын атқаратын, оған қауқарлы 10 мыңнан аса махалла бар. Осы махаллалар, оның ақсақалдары Өзбекстандағы президент сайлау науқанында дауыс жинауда, халықтың сайлауға келуін қамтамасыз етуде де жетекші рөл атқарды. Осылайша олар өз-өзін басқару органы ретінде жергілікті маңызды мәселелер шешімінің тиімді жүйесі екенін, азаматтардың заңды мүддесін қорғаушысы екенін, мемлекеттік құрылым өкілдері мен азаматтар арасында көпір бола алатынын, үкімет шығарған үкім мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қадағалап, бақылай алатынын дәлелдеп беріп отыр. Қазақстанның жергілікті аумақтары үшін бұл тиімді басқарудың үлгісі бола алады деп ойлаймын» дейді Уәлихан Төлешов.

Кәмшат Сатиева
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста