Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы химиялық қарумен күресетін ұйымға бұйырды

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (ХҚТҰ) берілді.
«Сыйлықты тапсыруға ұйымның Си­рияда химиялық қарумен күресті күшейтуі себеп болып отыр. Қарудың мұн­дай түрінің қолданылуы биылғы жылдың тамыз-қыркүйегінде әлемде талқыланған басты тақырыптардың бірі болды», – делінген хабарламада. Химия­­­лық қаруға тыйым салу ұйымы 1997 жылы Химиялық қаруға тыйым салу туралы Конвенцияны іске асыру мақсатында құрылған. ХҚТҰ бақы­лауымен әлемдегі белгілі химиялық қарулардың 80 пайызға жуығы жойылды. Оған Конвен­цияны ратификациялаған мемлекеттер автоматты түрде мүше бо­лады. Қазіргі кезде ХҚТҰ ұйымына 189 мем­лекет қатысушы болып отыр, 2013 жылы 14 қазанда Сирия ресми түрде ұйым­ның 190-қатысушысы болады. Ресей-американ жоспарына сәйкес, Си­рияда химиялық қару өндірісі жаб­дықтары қа­раша айына дейін, ал барлық химиялық арсеналдар келесі жылдың бірінші жар­тысында жойылуы тиіс.
Биылғы жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына үміткерлер саны рекорд­тық межеге жетті. Бұл марапатқа 50 қоғамдық ұйымды қоса алғанда, 259 үміткер тіркелді. 211 жылы мұндай үміт­керлер саны 241 болған еді.
Дәстүр бойынша үміткерлердің аты-жөні құпия ұсталады (тізім алдағы 50 жыл бойы құпия сақталуы тиіс). Дегенмен оған ұсынылғандар арасында АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон, 14 жасар пәкіс­тандық белсенді қыз Малала Юсуфзай, Ресей Президенті Владимир Путин, ОББ-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден болған. Олардың бірде-бірі сыйлыққа қол жеткізе алмады, өйткені өтінім беру мерзімі 1 ақпанда өтіп кетті.
Өткен жылы да Нобель сыйлығын нақ­ты адам емес, Еуроодақ алған болатын. Бұл сыйлық «Еуропаны соғыс құрлығынан бейбітшілік құрлығына айналдырудағы басты рөлі үшін» берілді.
Нобель сыйлығы – 1901 жылдан бері Альфред Нобельдің жеке өзінің өсиеті бойынша бес аталымда: физикадағы, химиядағы, медицинадағы, әдебиеттегі жетістіктері және бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін беріліп келе жатқан марапат. 1969 жылдан бастап экономика бойынша да наградалар беріле бастады. Биылғы жылы әр аталым бойынша берілетін Нобель сыйлығы 8 млн швед кронын (1,2 млн АҚШ доллары) құрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста