Бау-бақша мен қосалқы шаруашылықтарды қолдауға бетбұрыс басталды

Үкіметтің кешегі сәрсенбінің сәтіне келген отырысы оған баяндама жасай келген министрлер үшін, шынымен-ақ, сәтті өтті. Үкімет мүшелері саяжайлар, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылықтарды мемлекеттік қолдаудың 2011-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әкелген ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке де, «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша жалғыз терезе» интеграциялық ақпараттық жүйесін таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішевке де сұрақ қойып жатпай, ұсынылған құжаттарды бірауыздан мақұлдады.

Саяжайдың әлеуеті зор
5-10 сотық саяжай ала жаздай еңбек­тен­ген отбасын алты ай қыста азықтан та­рық­тырмайды. Өзің егіп, өзің өсіргесін, бо­­йына нендей химикат сіңірілгені белгісіз ба­зардың өнімінен сенімді. Әрі үстеме ба­ға қосылып келетін алыпсатардікінен әл­де­қайда арзанға түсетіндіктен, сатып же­ген­нен гөрі берекелі. Соны құнттай алып, ала­қандай жеріңе еге білсең болғаны. Жер-ана еңбегіңді еш қылмай, күз түсе өз от­басыңнан асып артылатындай көл-көсір өнім беретіні хақ. Ал бір саяжайдың бір от­басын ғана емес, бірнеше үйді асырай ала­тындай тиімділігін қыс бойы саяжай өнім­дерін сатып шығатын зейнеткерлер­ден-ақ байқауға болады. Демек, қала ма­ңын­дағы саяжайлар мен қосалқы бау-бақ­ша шаруашылықтарының ел үшін эко­но­микалық тірек болар мүмкіндігі зор де­ген сөз. Тек сол саяжайларды қажетті ин­фра­құрылымдармен қамтамасыз етіп, суын, жарығын тағы басқа қажеттіліктерін рет­теп қойсаңыз болғаны. Осыны ескерген Үкі­мет енді халықтың саяжай, бау-бақша се­кілді қосалқы шаруашылықтарына да мем­лекеттік тұрғыдан қолдау жасамақ. Со­ның жай-жапсарын таныстыруға келген А. Мамытбеков Үкіметте алдымен Статис­ти­ка агенттігінің 2011 жылдың қаңтарына бер­ген мәліметтеріне сүйеніп, Қазақстан хал­­қы 16,4 миллион адам болса, соның 9 мил­­лионы немесе 54, 5 пайызы қа­ла­лар­да тұратындығына бір тоқталып алды. Со­сын ауыл шаруашылығындағы жалпы өні­мнің құрылымына назар аударды. Осы са­лада өндірілетін өнімнің құны 1,5 трил­лион теңге екен. Соның 277,5 миллиард тең­гесі – ауыл­шаруашылық өнімін өндіру­ші­лердің, 346 миллиарды – фермерлік ша­руашы­лық­тар­дың, 820 миллиарды ха­лық ша­руа­шы­лығының үлесіне тиетін кө­рінеді. «Алайда же­ке қосалқы шаруашы­лық­тар­дың, жалпы, ауыл шаруашылығы­ның құрылымында алар қомақты үлесіне қарамастан, мем­ле­кет өндірістік қуат­тар­дың дамуын жеке қо­сал­қы шаруашы­лық­тардың дамуы арқылы жос­парлай алмай­тыны түсінікті. Дей ­тұр­ға­нымен, осынша­лық өндіріс әлеуетін мем­лекеттің қолда­уын­сыз да қалдыруға әс­те болмайды», – дейді министр.
Саяжай дамысын десек, алдымен төрт мәселе шешілсін
Қазіргі кезде әкімдіктер тарапынан сая­жай, жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жа­тыр. Бірақ мұндай жұмыстар барлық жерде бірдей жүйесін тауып отырған жоқ. Мұның айғағы – бос тұрған жекелеген сая­жайлар ғана емес, кей жерлерде қаңы­рап тұрған тұтастай бір саяжайлық алаптар да бар. Ал, негізінде, саяжайшылар мен бағ­бандардың талабы көп те емес. Олар бі­рінші кезекте су, электр энергиясы, көлік қа­тынасы, қоғамдық тәртіпті қадағалау, яғ­ни ұры-қарыдан күзету мәселесін ше­шу­ді сұрайды. Бұл мәселелер көп жағ­дай­да ішінара ғана шешімін табады. Мысалы, су тартылса, саяжайды күзету мәселесі қа­лыс қалады да, өнімдері ұрланып, мү­лік­тері тоналады. Сөйтіп, саяжаймен айна­лы­суға деген құлшыныстарын да жоғал­тады.
Осындай түйткілді мәселелерді ек­ше­ген Ауыл шаруашылығы министрлігі сая­жай­лар мен жеке қосалқы шаруашы­лық­тарды мемлекеттік қолдаудың 2011-2014 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеген.
Ол бойынша бірінші кезекте әкімдіктер саяжай және бау-бақшалық шаруашылық учаскелерін түгендеп, иесіз қалғаны бар, пайдаланылатыны бар – бәрін есепке алып, оны саяжайлық учаске алуға беріл­ген өті­ніш­термен салыстыруы тиіс. Саяжай алап­тарын әрі қарай ұлғайта ма, әлде қа­зіргі ба­ры жеткілікті бола ма – бұл арасы әкі­м­­дік­терге сол арқылы белгілі болады. Сая­­жай алаптарын ұлғайту қажеттігі туса, әкім­­діктер елді мекендер айналасында сая­жайшыларға жер бөліп беру үшін бос жер­­лердің бар-жоғын анықтайды. Ал әкім­­діктердің жанындағы коммуналдық ша­руашылықтар саяжайлардың, оның ішін­­де бұрынғысы да, жаңадан ашылаты­ны да бар – бәрін қажетті инфрақұрылым­мен қамтамасыз етудің техникалық-эконо­ми­калық негіздемесін әзірлейді. Мұндай ТЭН саяжайды сумен, электрмен қам­та­ма­сыз етуден бастап, оған баратын автобус жол­дары мен аялдамаларын салуға дейін қа­растыруы тиіс. Оған қажетті қаражаттың бә­рі әкімдіктердің бюджетінен ескеріледі.
Әкімдіктер саяжай кооперативтеріне қолдау көрсетеді
Ал әкімдіктердің өздері саяжайлар мен саяжай кооперативтерінің дамуына атса­лы­сып, олардың өндірген өнімдерін сата­тын орындардан бастап, артық өнімдерін сақ­тайтын қоймаларға, коммуналдық ры­нок­тарға жеткізуге дейінгі мәселелердің бә­рін ұйымдастыруы керек. «Бұл ретте әр облыста осындай саяжайлық кооператив­тер­ді жеңілдікпен қаржыландыру үшін әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорацияларды 50 миллион теңге көлемінде қосымша ка­пи­талдандыру қажет деп санаймыз. Мұ­ның сыртында жеке тұлғаларды, яғни сая­жай­шыларды да қажетті мүлік-мүкәммал­дар мен арнайы техникалар алуы үшін шағын несиелеу жолымен қаржыландыру­ды да ұмытпау керек. Бұған да әр облыста ке­мін­де 20 миллион теңге бөлінгені жөн», – дейді ауыл шаруашылығы министрі.
Іс-шаралар жоспарында саяжайларға берілетін су бағасының тарифтерін де тө­мен­дету қажеттігі ұмытылмапты. Сонымен қатар саяжай кооперативтеріне электр тарифтерін жеке тұлғалар тарифімен те­ңес­­тіру қажеттігі де ұсынылыпты.
Министрдің баяндамасын тыңдаған Үкі­­мет мүшелері онда ұсынылған іс-ша­ра­лар жоспарын бірауыздан қолдады. Осы қарқынмен мінберге шыққан қаржы ми­­нистрі Болат Жәмішевтің де жолы бол­ды.
«Е-терезе» деген де іске қосылатын болды
Болат Бидахметұлы «Экспорттық-им­порт­­тық операциялар бойынша жалғыз те­­­резе» интеграциялық ақпараттық жү­йе­сін таныстырды. Бұл жүйені қысқа қа­йыр­сақ, ол экспорттық-импорттық опе­ра­ция­лар ке­зіндегі кедергілер мен проце­дура­лар­ды жеңілдетуге бағытталған. Мысалы, сырт­қы экономикалық қызметке қаты­су­шылар экспорттық-импорттық опе­ра­ция­лар үшін мемлекеттік органдардан 14-17 рұқ­сат қа­ғазын алады екен. Ал мұның бі­раз уақытты қажет ететіні белгілі. Ми­нис­тр­­­лік ұсынып отырған «Е-терезе» ақ­па­­рат­тық жобасы осы процедураларды же­­ңіл­детуге бағыт­талған. Оны 2013 жыл­ға қа­рай толықтай іске қосу жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста