2023 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) ⅩⅩ кезектен тыс съезі өтті.
Партия съезінің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 46 делегат қатысты.
ЖСДП-ның жоғарғы басшы органы ағымдағы сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдады.
Съезд жауапты тұлғаларға сайлауалды бағдарламасын дайындауды тапсырды.
Партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдерінің квотасын сақтап, 19 кандидаттарды бекітілді.
Оған қоса, бір мандатты аймақтық округтер бойынша кандидаттардың ұсынылуы қарастырылды.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну, филиал конференцияларында шешіледі.
ЖСДП төрағасы Рахымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы:
Біздің басты мақсатымыз барлық жерде қазақстандықтардың әл-ауқатының тұрақты өсуі болады, ол қоғам, бизнес және мемлекет мүдделерінің теңгеріміне байланысты болады.
Азаматтар бенефициарға айналуы керек, ал бизнес олигархияның немесе мемлекеттік органдардың қудалауынан және қысымынан қорықпай адал жұмыс істеп, салық төлеуі керек.
Басқа саяси күштерге қарағанда, бізде қоғам мен мемлекеттің түйткілді мәселелеріне қатысты нақты көзқарас пен нақты ұстаным бар.