Әскеріміз антқа адал болуы үшін не істеуіміз керек?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақстанның Ұлттық армия сапында 74 мың сарбазы бар. Оның 47 мыңы Құрлық, 19 мыңы Әскери-Әуе, 3 мыңы Әскери-Теңіз Күштерінде қызмет етуде? Осы 74 мың сарбазымыз антына адал ма? Олар қасық қаны қалғанша, қазақ жерін қорғауға дайын ба? Жаһандағы болып жатқан түрлі дүрбелеңдер әр саналы азаматқа осы сұрақты қойғызары хақ. Ендеше, «Алаш айнасы» талқылап көрсін.
Әлемге әйгілі қолбасшы Наполеон: «Өз әскерін асырап-сақтай алмаған мемлекет өзгенің әскерін асырауға мәжбүр болады» депті-міс. Әрине, біздің тәуелсіз Қазақстан өз әскерін асырап, керек-жарағын қамтамассыз ете алатын  дәрежеде. Мәселен, әскери доктринаға сүйенсек, Қарулы Күштерге бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімінің 1 пайызынан кем болмауы тиіс. Яғни, ІЖӨ өскен сайын оның да көлемі ұлғая түседі деген сөз. Мысалы, біздің әскери бюджетіміз Тәжікстаннан 20, Қырғыз Республикасынан 45 есе көп. Осыдан-ақ, Қазақстан Армиясын Орталық Азиядағы мықтылардың бірі деп бағалауға болады. Бірақ, «қаржылық мықтылықпен бірге рухани күштілік те қатар жүретінің ұмытпауымыз керек» дейді сарапшылар. Бұл орайда әрдайым әскердің ұлттық рухын көтеріп тұру керек. Мемлекетшілдік патриотизмді ояту әскери ант қабылдаудан басталады.
Антқа адал болмаудың қандай қасірет әкелетінін жуырда ғана Украинаның мысалынан байқадық. Украинаның әскери-теңіз күштері қолбасшысы Денис Березовский антынан тайып, украин жұртын жерге қаратты. Қазір бұл жөнінде аз жазылып жатқан жоқ. Кейбір ақпарат құралдары Денис Березовский 200 мың долларға сатылып кеткенін айтады. Қырым халқының тағдыры қыл үстінде тұрған кезде әскери қолбасшының жат елдің әскерінің алдында тізе бүгуі нені білдіреді? Бір сөзбен айтқанда ол мемлекет пен халық алдындағы антты бұзды.
Әскери ант – сарбаздың Отанына, халқына, үкіметіне, өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде жеке-жеке әскери ант қабылдап, өзіне міндеттеме алады. Құдай сақтасын, ел басына күн туса, сол міндеттеме мен сенімді үш тағанға негізделген Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері ақтай ала ма?.
Болат Сайлан, тарихшы, Ауған соғысының ардагері:
– Әскерилер өзінің берген антын бұза алмайды. Әскери анттың жарғысында мұның бәрі көрсетілген. Қазір әскери саламызды нашар деуге болмайды. Құдайға шүкір, еліміздің әскери әлеуетін әлем танып отыр. Заманға лайық техниканың түр-түрі бар. Демек, сарбаздарымыз еліміздің тәуелсіздігіне қорған бола алады деген сөз. Десе де, бұл бағыттағы саясатымызды әрдайым жан-жақты саралап отыруға тиіспіз. Кеңес кезеңінде әскерлерге саяси дәрістер оқытылатын. Қазіргі ғаламдағы оқиғаларға қарап отырсақ, бізге де сол саяси сабақтарды қайта жаңғыртып, қолға алатын уақыт келген сияқты. Бұл сарбаздарымыздың сауатын ашуға, жалпы әлемдік саясатты түсінуге, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білуге септесер еді. Сол саяси дәрістер арқылы антқа адалдық мәселесін де жолға қойып, ұлттық патриотизмді сіңіре алар едік.
Ким Серікбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, запастағы полковник, әскер ғылымдарының докторы:
– Украинадағы қақтығыстарды бәріміз көріп отырмыз. Біріншіден, Құдай біздің басымызға мұндай сынақ бермесін. Екіншіден, әскер негізгі антын халқына береді. Демек, оның қандай жағдайда болмасын, басты міндеті халықты, елді, жерді қорғау. Қазіргі Украинадағы уақытша үкімет заңды түрде мойындалған жоқ. Түрлі басшылар ауысып, мемлекетте жаңа жүйе құрылып жатыр. Бір басшы келер, екіншісі кетер, тек қалың жұртшылық қана өз орында қалады. Сондықтан да, ол елдегі әскерилер елдің, жалпы бұқараның жағында болғаны дұрыс. Біз басқа мемлекеттің ішкі саясатына араласпаймыз. Еліміздің әскер саласында 36 жыл еңбек еттім, әлі де осы әскери қауіпсіздік саласына қызмет етіп жүрмін. Біздің басымызға әлдеқандай күн туа қалса, әскерилеріміз антында тұрады деп ойлаймын. Десе де, ескеретін бір жай бар. Біздің әскеріміз шағын көрші елдерге төтеп бере алатындай деңгейде. Бірақ, жанымызда екі бірдей алып әскери державасы бар екі ел тұр. Сол себепті, бұл саладағы кәсіби біліктілігімізді артыра түскеніміз дұрыс.

«Алаш айнасының» түйін
Өткен аптада ғана ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскерилермен кездескенде: «Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға орасан зор қаржы бөлінуде. Ұлттық қауіпсіздік жо¬ғарғы деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ретте жемқорлық фактілері мазасыздық туғызады, әскердің беделіне «дақ» түсіреді, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді» деді. Осыдан-ақ, «әскери салада Денис Березовский секілділер жоқ» деп айту қиын. Демек, Қазақ елі әрқашан да қамсыз болмаға тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста