Артық асаймын деп езу жыртылмасын...

Санат НҰРЛЫБЕК (фото)

Демалыс күндері жұрт дәріханалардың табалдырығын тоздырып, еш жерден дәкеперде мен оксолин майын таба алмай сабылды. Қарапайым жұрт тұрмақ, вице-премьер Серік Ахметов те екі дәріханаға барып, шошқа тұмауынан сақтану үшін қажетті дүниелерге қол жеткізе алмай қайтқан екен. Кеше біздің елімізге де тұмсық сұққан «талпақ танаулының тұмауына» қатысты өткен Үкімет отырысында вице-премьер Серік Ахметов осыны айтып, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қарады: «Жақсылық Ақмырзаұлы, Астанада тұмаудың алдын алатын қарапайым ғана қорғану құралдарының жетіспеушілігі бар. Менің өзім кеше екі дәріханада болдым. Екеуінен де «дәкеперде, оксолин майы жоқ» деген жазуларды көріп, кері қайттым», – деді Серік Нығметұлы. Осыны күтіп отырғандай, «ақ халатты» министр бұл мәселенің шешілгенінен хабардар етті. «Астанаға бүгін 147 мың дәкеперде мен 7000 оксолин майы жеткізіледі деп күтілуде», – деді Жақсылық Досқалиев.

«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» демекші, кейбір кәсіпкерлер дәкеперде мен оксолин майына сұраныс артқан соң, бағаларын екі есеге өсіріп қойған. Осыған қатысты денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысынан шыққаннан кейін кәсіпкерлерге үндеу тастады. «Бұл жағдаймен (шошқа тұмауымен) ойнауға болмайды. Аурудан қорғануға арналған заттардың бағасын қымбаттату адамгершілікке жат нәрсе», – деді ол кәсіпкерлерге құр босқа лицензияларынан айырылып қалмауларын ескертіп. Жақсылық Ақмырзаұлының айтуынша, бұл жағдай, яғни жеке бастың қорғану заттарына бағаны өсіріп қойып, табыс табатындар Денсаулық сақтау министрлігінің қадағалауында болады. Ондай «пысық» кәсіпкерлер қолға түскен жағдайда лицензияларынан қағылмақ. «Біздің ондайлардың лицензияларын алып қоюға жағдайымыз жетеді», – дейді ол.

ӘЗІРГЕ 13 АДАМ...
Қазақстан бойынша әзірге барлығы 13 адам А/Н1N1 вирусымен тіркелген. «Әзірге» деп отырған себебіміз, шошқа тұмауы мұнымен бітеді деп айта алмаймыз. «Аурудың таралуы осымен шектелді деуге болмайды. Өйткені Қазақстан – транзиттік ел. Оның үстіне, қаншама қазақстандық оқушы шетелдерде оқып жатыр», – дейді денсаулық сақтау министрі. Алайда олардың тізімі қазір министрдің қолында. Келетін мерзімінде оларды әуежайдан қарсы алып тексермек. Аурудың белгілері болған жағдайда тиісті медициналық шаралар қолданбақ.
Шошқа тұмауымен тіркелгендердің 12-сі қазақстандық болса, біреуі – 21 жастағы Германия азаматы. Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің директоры Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, германиялық қыз қазір Щучинскіде емделуде.
Карантинде жатқандардың алды әдеттегі режимге шыға бастады. «Астанадағы тұмауға шалдыққан балалардың алтауы карантиндік бақылаудан босатылды. Қалғаны да ем-домын алған соң мерзімі келгенде, еркін емделуге көшеді. Қуантарлық жағдай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Жіті қабынулар болып жатқан жоқ», – дейді министр Ж.Досқалиев.
Министр жұқпалы ауруға шалдыққан балаларды тексеру кезінде ата-аналардың бұл ауруға салғырт, немқұрайды қарайтын жағдайларға тап болғандарын айтады. «Шошқа тұмауына немқұрайды қарауға болмайды. Бұл инфекция өте қауіпті. Адам өліміне дейін әкеп соғуы мүмкін», – деп ескертеді министр.

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛҒАЙ...
Үкімет тұмаудың алдын алуға бел шеше кірісті. Вице-премьер арнайы штаб құруды тапсырды. «Республиканың барлық облыстарында, қалаларда
А/Н1N1 вирусты тұмаудың таралуына жол бермейтін, індеттің алдын алу жұмыстарын үйлестіретін тұрақты штабтар құру қажет», – дейді Серік Нығметұлы. Сонымен қатар вице-премьер бюджеттен қосымша қаражат қарастыру қажеттігін айтты. Осы жерде айта кететін жағдай, Астана әкімшілігі шошқа тұмауын емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен вирустан қорғану құралдарын сатып алуға 149 миллион теңге бөлмек. Бұл туралы Үкімет мінберінде баяндама жасаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов мәлім етті. «Әкімшілік қорының резервінен жалпы сомасы 149 миллион теңге қаражат бөлу жайында шешім қабылданды. Оның ішінде емхана және стационар қызметкерлерінің қорғану құралдарына – 31,8 миллион теңге, дәрі-дәрмек сатып алуға 117,7 миллион теңге қарастырылып отыр», – дейді әкімнің орынбасары.
Серік Ахметов тұмауға қарсы әрекет етудің ұлттық жоспарын әзірлеуді де денсаулық сақтау министріне табыстады.
Вице-премьер ауру жұқтырғандарды ауруханаға жатқызатындай жағдай туындаса, орын тапшылығы проблемасы болмас үшін алдын алуды тапсырды.
Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, ауруларды емдеу үшін 30 мың шамасында тамифлю дәрісі жеткізілген. Бұл дәрі-дәрмек емханаларда тегін беріледі. Десек те, министр аталмыш дәрінің дәріханадағы бағасы удай екенін айтып отыр. Бұл дәріні тек ауруды жұқтырғанда ғана пайдалану керектігін ескертті министр. «Аурудың алдын алу үшін қолдануға еш негіз жоқ», – дейді. Ал сақтануға дәкеперде мен оксолин майы жеткілікті.
Серік Ахметов Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі саладағы шаруаларды жүктеп шықты. Оның ішінде білім және ғылым, туризм және спорт министрлеріне сыртта оқып жүрген, не оқуға баратындардың мониторингін ұйымдастыруды тапсырды. «Біз сырттан келетін адамдардың санын, қай жерде тұратынын, сондай-ақ қай кезде елге келетінін нақты білуіміз керек», – дейді вице-премьер.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне де, Денсаулық сақтау министрлігімен жұртты тұмауға қатысты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етудің арнайы жоспарын жасауды тапсырды.
«Бір айналдырса, шыр айналдырады» деген рас-ау. Қырым қанды безгегі, одан кейінгі шошқа тұмауы,  бәрі-бәрі Жақсылық Досқалиевке үлкен сын болайын деп тұр. «Арты жақсылықпен аяқталсын» дейміз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста