Газетіміз алғаш жарыққа шығып, өз оқырманымен қауышқан сәттен бастап басылымның қалыптасуына өзінің сүбелі үлесін қосқан әріптесіміз Қуанышбек Қари Азаттық радиосының Алматы бюросына бас редактор болып тағайындалды.
Парсы тілін еркін меңгерген Қуанышбек Қари Иран елінде он жылдай білім алып, иран тілінде таралатын радиода және сол елде дипломатиялық қызметтер атқарған. Бұған дейін кәсіби білімі мен мол тәжірибесін ақпарат айдынында өзіндік орны бар басылымдарда көрсетіп келген Қуанышбек әріптесіміз «Алаш айнасының» тілшілер қосынына жетекшілік еткен кезінде алыс аймақтардан жылдам әрі мазмұнды ақпараттарды тарту арқылы ұйымдастырушылық қабілетін де байқатты. Қаламы қарымды қазақ журналистерінің арасында өзіндік орны бар әріптесіміздің жаңа қызметінде де жемісті еңбек етуіне шын жүректен тілектеспіз!