Алматы агломерациясы қай бағытта дамып жатыр?

Алматы агломерациясы қай бағытта дамып жатыр?

Соңғы жиырма жылда Алматы территориясының кеңеюі бірнеше мәрте жүргізілген құбылыс. Кеңестік кезеңді былай қойғанда, соңғы он бес жылдың өзінде Алматы батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік бағыттардың барлығында ұлғайып отырды. Бір кездері қала сыртындағы саяжайлар, жайылымдар мен егістіктер орналасқан жерлердің бірсыпырасы қазір қала территориясына кірді. Бүгінде Қазақстанда Алматы агломерациясынан басқа мегаполис атануға лайық қала жоқ. Сол Алматымыздың өзін шетелдіктер мегаполис ретінде мойындамайтынын тағы білеміз. Өйткені көптеген елдерде «мегаполис» термині халық саны он миллионнан басталатын қалаларға қатысты қолданылады. Дегенмен біздің ұғымдағы мегаполис әзірге осы Алматы болып тұр.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев  «Алматы қаласының ше­карасын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қой­ған болатын. Соның нәтижесінде қала тер­­риториясы 11920 гектар аумаққа ке­ңей­ді. Атап айтқанда, Алматы облысы­ның Қарасай ауданына қарасты 8360,52 гектар, Талғар ауданына қарасты 3560 гектар жер енді.
Қала территориясын кеңейтіп отыру үрдісін әлемдегі ірі мегаполистердің кез келгенінің тарихынан кездестіруге болады. Жалпы, қалаға шоғырлануды, урбаниза­ция­лық құбылысты мемлекеттің дамуын­дағы негізгі қозғауыш күш ретінде баға­лай­тындар бар. Осыдан төрт ғасырдай бұрын Батыс елдері «ірі қаланы одан ары кеңейтіп, биіктетіп, өсіре беру керек пе, әлде жеке-дара шағын қалаларды көбей­тіп, әрбірін бөлек орталық ретінде ұстау қажет пе?» деген сауалда пікірталас жүр­гіз­ген екен. Сол сауалдың біржақты жауабы әлі де қалыптасып үлгерген жоқ. Әр елдің, әр халықтың өз ерекшелігіне, география­лық жағдайына байланысты өзіндік даму жолдары болады. Сол сияқты жер көлемі бойынша әлемдік алыптардың қатарында­ғы Қазақстанның да өзіндік ерекшеліктерін айта кету керек. Жалпы, сейсмология ғылы­­мы жерден таршылық көріп отырма­ған елдер­дің зәулім үйлерге құмар болма­ға­нын жөн көреді. Ендеше, Қазақстанның та­биғаты биіктіктен гөрі кеңдікке қарай даму­ға сай келеді.
Алматы әлемдік мегаполистердің даму тәжірибесін көшіре алмайды
Қала дамуының әлемдік тәжірибесі мол. Әр қайсысының өзіндік даму тарихы, даму үрдісі, ерекшелігі бар. Мәселен, Лондон, Париж, Нью-Йорк, Бейжің сынды қалалардың даму ерекшеліктері Алматыға мүлде келмейді. Себебі бұл қалалардың құрылысы ғимараттардың неғұрлым зәулім, неғұрлым көп адамды қамтамасыз етуге қабілетті болуды көздейді. Бізге ха­лық саны аз дамыған елдердің тәжірибесін іздеу қажет. Дегенмен кез келген дамыған қаланың бір ерекшелігі, қаланың әр ауданының өз алдына бөлек әлеуметтік агломерациясы қалыптасқан. 2011 жылы Мәскеу территориясы 2,5 есеге дейін кеңейтілгені белгілі. Алғашқы жылдары Ресей әкімшілігі бұл шешімін асығыс жоба болды деп те мойындап үлгерген болатын. Себебі көп уақытқа дейін Мәскеуге қосыл­ған аудандардың көлік қатынасы жолға қойылмады. Ал табиғи қорғауға алынған орманды жерлер қала территориясына енген соң, ол аймақтарда саяжайлар қап­тап кетіп, экологиялық проблемалар тудыр­ды.
Дәл осындай мәселе алдағы уақытта Алматыда да туындауы ғажап емес. Қала территориясына қосылып отырған бұрын­ғы Қарасай ауданына қарасты таулы жерлерден алдағы уақытта «Көк-Жайлау» курорттық тау шаңғысы орталығының құ­рылысы басталатыны жарияланып үлгерді. Демек, сол бағытта тау бөктеріне жол са­лы­­нады. Ал сол жолдардың бойында орта­ға­сыр­­лық бекіністерге бергісіз үйлердің құрылысы қаптайтыны айтпаса да түсінікті.
Қала территориясының кеңейіп отыруы кептеліс мәселесін шеше ме?
Өткен жылы бір адам қалалық әкімші­лікке «Алматының экологиясын жақсарту үшін жол бойындағы ағаштарды кесу керек» дегенді айтқан еді. Алғаш естігенде күлкіңді шақыратын бұл пікірдің де жаны бар. Жол бойында өсіп тұрған ағаш бір күнде өндіретін оттегіні кептелісте тұрған бір көлік жарты сағатта жарамсыз етуге қабілетті екенін ешкім қаперге алып жатқан жоқ. Бір заманда Верный қаласы­ның іргесі тұрғызылғанда оның бір жарым, екі миллионға дейін халқы бар қалаға айналатыны ескерілмегені анық. Соған қарамастан, қаладағы көптеген көшелер­дің кеңеюге мүмкіндігі бар. Кез келген Еуропа елдерін алып қарасаңыз, көшелер зәулім үйлерге тақалып тұрады. Көше бойында тек жаяу жүргіншіге жол қалады. Ал су жүре­тін арықтар жер астымен өтеді. Бай­қаса­ңыз, жарнама тақтайшалары, бил­борд­тар тек ғимараттарға селбесіп «тір­шілік» ете алады.
Шалғайдан мысал іздеп жатпай-ақ, Алматыны өзіне ұқсас мегаполиспен, «кедендік одақтасымыз» Белоруссияның астанасы Минскімен салыстырайық. Жер көлемі жағынан екі қала түйдей сәйкес (Алматы 332 шаршы шақырымды, Минск 348 шаршы шақырымды құрайды). Халық саны жағынан Минск Алматыдан 400 мың адамға артық. Соған қарамастан, Минскі­де кептеліс жоқ. Жергілікті тұрғындар таңер­тең және кешкісін он көліктің қатар жина­лып қалуын «кептеліс» деп атайды. Минск қала­сының бұл ерекшелікті, ең алдымен, кө­ше­лердің кеңдігімен, екін­шіден, көпте­ген кәсіпорындар мен ірі ме­ке­мелердің қаланың шеткі аудандарына орналастыры­луы­мен түсіндіруге болады. Қалааралық қатынастағы автобекеттер, теміржол бе­кет­тері әкімшілік орталықтан шалғайда орналасқан. Ал Мәскеу депутат­тары қазір кептелістерден құтылу үшін әкім­шілік ме­кемелерді қала сыртына кө­шіру мәселесін көтеріп жатыр.
Дәурен Сатыбалды, Алматы қалалық үй иелері тұтынушылар кооперативінің төрағасы:
– Қала территориясының кеңейіп отыруын табиғи құбылыс деп қабылдасақ болады. Дегенмен ол өте үлкен ұқыпты­лықты қажет етеді. Мен Алматының даму тарихын сонау кеңестік кезден бақылап жүрмін. Қай жылдары қанша территория қосылып отырғанын нақты цифрларымен білемін. Дегенмен Алматы басшылығында Виктор Храпунов отырған жылдары қала территориясының 4 жарым мыңнан астам гектармен кеңеюі есебінен жемқор шенеу­нік­тер өздерінің қалтасын толтырумен айналысып кетті. Сол көріністің қайталан­бауы қатаң бақылауда болу керек. Қалаға жер қосылған сайын қаланың проблемасы да көбейе береді. Мысалы, қала терри­тория­сына осыдан он жыл бұрын қосыл­ған қазіргі «Қалқаман-3» ықшамауданы әлі күнге дейін ауызсуға ие бола алмай отыр. Бұған дейінгі әкімдер де, қазіргі әкім де оған назар аударып жатқан жоқ. Қала бас­шылығы қарамағындағы жердің не­ғұрлым көп болғанын қалайды, бірақ соны өз­дері игере алмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста