Әкімдер сайланса, не өзгереді?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау қажеттілігін айтқан еді. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп барлық әкім атаулысына тілек айтар біз үшін бұл қаншалықты қажетті қарекет болмақ? Ресми деректерге сүйенсек, алдағы уақытта 2533 әкімді сайлау арқылы лауазымды қызметке бекітеді екенбіз. Бұл бастама биылдан бастап жүзеге аса бастайды. Яғни селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімдерінің (бұл мөлшер еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7 пайызы) қызметтік тағдырын сайлау шешпек. Бұл бастама бізге не береді? Саралап көрелікші…

Демократияға қадам
Ауыл – алтын бесік. Сол алтын бесіктің ыр­ғақты тербелуі, сәбидей пәк көңілді ауыл жұртшылығының тіршілігінің ұршық­ша иірілуі – тікелей сол ауылдың басшысы­ның қолында. Десек те, бүгінгі күнге дейін ауыл, кент және аудандық маңызы бар қа­лалардың экономикасын, әлеуетін, мәде­ниетін көтереді деген әкімдерімізді жоға­ры­дан (яғни ауыл әкімдерін аудан әкім­де­рі, аудан әкімдерін облыс әкімдері) таға­йын­дап келдік. Мұндай жағдайда көбіне ауыл тізгіні саналы, іскер азаматтың қолы­на тие бермейтіні белгілі. Яғни қызметке та­ғайындалған адам «тағайындаушының» ығына жығылуға бейім болады. Бұл орай­да «тағайындаушының» жүгі «сайлаушы­ға» артылса, сол «сайлаушы», яғни жергі­лік­ті мәслихаттар халықтың таңдауына құ­лақ асары сөзсіз. Яғни демократияға бір қадам жақындай түсеміз.
Бұл сайлаудың пайдасы қандай бол­мақ?
1. Мәслихат депутаттарын халық таң­дайды. Ал әкімдерді мәслихат мүшелері сай­лайды. Демек, халық тарапы сайланған әкімге әрдайым да өз талаптарын қоя алады. Халық сайлап отырған соң, әкім де белсене жұмыс істеуге мүдделі.
2. Халық таңдауы алдымен елдің мұң-мұқтажын бес саусағындай білетін, ел іш­ін­дегі жұмысты шебер ұйымдастыра ала­тын азаматқа түсері хақ.
3. Әкім сайлауы арқылы кейбір өрке­ниет­ті елдердегідей электорат үшін кү­реске, бәсекеге жол ашамыз. Озық ойлы, қолынан шаруа келетін, іскерлігі, жауап­кер­шілігі бар азамат қана сол электоратты жинай алады. Демек, сайлау – жауап­кер­шілікті күшейтеді деген сөз.
4. Жергілікті жерлердегі әкімдер сай­лауалды бағдарлама жасайды. Сол бағ­дар­лама негізінде жұмыс жүргізеді.
5. Әкімдердің құзыреті кеңейіп, құрығы ұза­рады. Бюрократия шекпенi шешіліп, ха­лықпен ашық араласу жанданады.
6. Әкім әр кезде халыққа берген уәде­сінен тайқып кетпеуге тырысады. Бұрын ок­руг әкімдерін орындарынан аудан әкім­дері алып тастайтын болса, ендігі жерде оларды халық та қызметінен кетіре алатын болады.
7. Өңірлердегі талай мәселені орта­лықтардағы кабинеттерде емес, сол жер­дің өзінде шешуге зор мүмкіндіктер туады. Мысалы, әкім бюджеттен қаржы бөлінетін 15 бағдарлама аясында ауыл ақсақалда­ры­мен, белсенді тұрғындарымен келісе отырып, қомақты соманы қай салаға бөлу­ге болатынын ұсыныс арқылы шеше алады.

Әкім қалай сайланады?
Енді «бұл сайлау қалай жүзеге асыры­лады?» деген сауалға келсек... Аудан әкімі аудандық мәслихатқа кемінде екі үміт­кердің кандидатурасын ұсынады. Мәсли­хаттағы халық атынан өкілдік ететін депу­таттар дауыс беру арқылы әкімдерді сай­лай­ды. Мұндай жағдайда алдымен қапер­ге кандидаттың білімі мен біліктілігі, іскер­лік қабілеті мен бағдарламасы алынады. Бұл орайда жұртшылық әкімдік қызметке «басқару ісінен мүлдем бейхабар, іскерлік қабілеті, қаржылық сауаты төмен адамдар өтіп кетпей ме?» деген сауал қояры анық. Сайланған әкім өзіне жүктелген міндет­терді орындамаса немесе округтегі тұр­ғын­дар оның мәселе шешуге қабілетсіз ек­ендігін айтып шағымданса, аудан әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәй­кес, оны өкілеттілігінен айыру жөнінде ша­ра­лар қабылдай алады.
Сіз не дейсіз?
Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
– Біз 2006 жылы әкімдерді сайлау ар­қылы қызметке тағайындап, арнайы сынақ өткізген болатынбыз (2006 жылы елімізде 59 әкім сайлау арқылы қызметке тағайын­далған болатын). Яғни бұл мәселеде елі­міздің «ненің жаман, ненің жақсы» еке­нін айырарлық тәжірибесі бар. Қазір «әкім сайлауының жалпы ережелері қандай болуы керек?» деген сауал қаралып жатыр. Бұл орайда мәселені алдымен ауыл әкім­дерін сайлаудан бастайтынымызды еске­руіміз керек. Мысалы, Президенттік сайлау кезінде жұмыссызы бар, басқасы бар, неше түрлі адамдар өз кандидатурасын ұсынып, елді біраз әбігерге салғаны белгілі. Осын­дай жайттар орын алып, сайлау үрдісіне ке­дергі болмауы үшін белгілі бір дәрежеде шектеулер қажет секілді. Яғни егер де азамат­тар әкімдікке өз кандидатурасын ұсы­на алатын болса, оның тәжірибесі, ел ара­сындағы беделі, білімі, еңбек өтілі, т.б ескерілуі керек. Десек те, бұл науқан бары­сында әлеуметтік топқа мүмкіндік берге­німіз жөн. Әр азаматтың еркін бәсекеге тү­суіне жағдай жасауымыз қажет. Соны­мен қатар рушылдық-жершілдік қарама-қайшылықтарға жол бермеу жағын да қа­растырып, шараның ең тиімді механизмін жа­сайық дегім келеді.

Халық бақылауы күшейеді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы биыл­ғы халыққа Жолдауында: «Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргі­зуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясы­ның мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңір­лік билік органдарына беру», – деген бола­тын. Яғни жоғарыдан келетін пәрмен аза­йып, әкімдердің шешім қабылдау құқығы кеңейіп, қажетті ресурстар орталықтан өңір­лік биліктің қолына ауысады деген сөз.
Нұрәкім ЕСЖАНОВ, Алматы облысы, Ұйғыр аудандық мәслихатының хатшысы:
– Бұл бастама жергілікті өзін-өзі бас­қаруды дамыту тұжырымдамасына тың сер­піліс әкеледі деп ойлаймын. Яғни, бі­рін­шіден, сол жергілікті өзін-өзі басқару­дың сапасын арттырады. Екіншіден, ауыл­дық, аудандық деңгейдегі әкімдердің өкі­лет­тілігі кеңейеді. Үшіншіден, арнайы Кең­естер арқылы қоғамдық бақылау күшейіп, халық әкімдіктердің шешімдеріне тікелей қатыса алады. Сонымен бірге осы мақсат жер­гілікті жерлердің өзіндік бюджетін қа­лып­тастыруға, жұмыстарын жүйелі жос­пар­лауға мүмкіндік береді. Бұл орайда біз­ге, яғни жергілікті Мәслихаттарға зор жа­уапкершілік артылып отыр. Сондықтан да халық назарда ұстап тұрған мәселеге Мәс­лихат депутаттары ықтиятты қарауы қажет.

Түйін
Ел басқару – өнердің өнері. Білікті басшы әрдайым да халықтың жүрегінен орын алады. Мысалы, Социалистік Еңбек Ері Нүсіпбек Әшімбаевты алыңызшы. Кеңестік кезеңде сусыз Сарыбастауды егістік алқабына айналдырды. Өзі басқарған алақандай ауылдың экономикалық өсіп-өркендеуіне мұрындық болып, колхоз қаражатымен екі мектеп, Мәдениет сарайы, кірпіш зауыты, стадион, 30000 бастық мал бордақылау кешені, инкубатор стансысы, әк күйдіру цехы, т.б. өндіріс ошақтарын іске қосқызды. Бүгінде Әшімбаевтың бұл істерін мемлекеттің жәрдемінсіз-ақ атқарғанын аңыз қылып айтамыз. Мұны айтып отырған себебіміз, алдағы әкім сайлауында Нүсіпбектей оғландарды таба білсек, болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста