"Әкем - күзетші, анам - жұмыссыз". Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы жайлы айтты

"Әкем - күзетші, анам - жұмыссыз". Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы жайлы айтты

Депутат Дәулет Мұқаев "Менің өмірім" бағдарламасында өзінің жалақысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Дәулет Мұқаев өзінің жалақысы жайлы айтты.

"Мен 720-740 мың төңірегінде аламын. Бұл біреуге әрине өте көп болып көрінеді. Бірақ мысалы, шетелге кетіп қалып, ыдыс жусаң да, күзетші болсаң да, ол жақта 5 мың доллар аласың. Достарым "мынадай пікірлерді оқып, қалай шыдап отырсың" дейді, "бұл қызмет, шыдау керек" деймін", - деді ол. 

Сондай-ақ ол ата-анасының кім болып жұмыс істейтінін айтты.

"Әкем - күзетші, 90 мың теңге алады. Балабақшада күзетші қызметінде жасайды, бұл намыстанып жасыратындай нәрсе емес. Себебі әр адамның өзінің тағыдыры, жолы бар. Кейде пікірлерді оқып, әкем де "адамдар да қызық, сен 700 мың алып отырсың, мен 90 мың алып отырмын, анаң жұмыссыз" дейді. Менің анам медбике, бірақ қазір немерелерімен болсын деп үйде, ресми түрде жұмыссыз. Мен оларға көмектесіп тұрамын.

Ата-ана болғасын уайымдайды, кейде қан қысымы көтеріліп кетеді. Мен оларға оқымаңыздаршы деп айтамын. Үйрену керек, Саяси жолда болғасын әр адам сеннен бір мін іздеп тұрады. Жақсы жағыннан гөрі жаман бірдеңе көріп қалса, сол туралы көбірек таратуға тырысады. Бір жағынан ешкімге ренжуге болмайды. Бұл өмір", - деді депутат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста