Әйгілі лаңкестік оқиғаның салдары қандай болды?

АҚШ жұртшылығы қазіргі және бұрынғы президенттері бастап осыдан он жыл бұрын айдай әлемді дүр сілкіндірген лаңкестік оқиғадан қаза тап­қан­дарды еске алды. Әлемдік ақ­парат құралдары, әсіресе ресей­лік телеарналар мен ба­сы­лымдар 11 қыркүйек оқиға­сы­на жіті мән беріп, өздерінше бол­жам жасап жатты. «Террор­лық актінің құпиясын аштық» деп мұның бәрі қолдан ұйым­дас­тырылған деген уәждер де айтылды. Кім қандай болжам жасаса да, бұл оқиғаны тарих бетінен ешкім өшіре алмайды. Ең бастысы, 11 қыркүйек оқи­ға­сы аталып кеткен лаңкестік әрекеттердің салдары әлемдік қауымдастықтағы жүйені, жал­пы, халықаралық саясатты өз­герт­кені анық.
Сол кездегі АҚШ Президенті Джордж Буштың «Кім бізбен бірге болмаса, сол ел терроршылармен бірге» деген ұраны көптеген мемлекетті лаңкестікке қарсы күреске жұмылдырған-ды. Аталған оқи­ғадан кейін НАТО әскерилері тәлібтерге қарсы соғыс ашып, Ауғанстан жерін бом­балауды бастап кетті. Солтүстікатлантикалық ұйымның келісіміндегі 5-бап осы кезде тұңғыш рет жүзеге асырылды. «Талибан» қоз­ғалысына қарсы басталған күрес Ирак­тағы соғысқа ұласты. Әлемдік мұнай баға­сы­на ғана емес, ғаламдық экономикаға ық­пал еткен оқиғалар осылайша тізбектеле берді. XX ғасырдың соңында халықаралық қауымдастықтың субъектілеріне айналған жас мемлекеттер орналасқан аймақта да өзіндік өзгерістер болды.
Еуразия кеңістігіндегі салдары
 «Айдаладағы Америкадағы оқиғадан бізге келіп-кетер не болды?» дейтіндер де та­былар. Күн сайын бір бүтін ағзаға ай­налып бара жатқан жер-жаһандағы бір оқиғаның өзі халықаралық қатынастарды бір сәтте өзгертіп жіберуге қауқары жетеді. Әлем жұртшылығы секем алып қалған әйгілі жарылыстардан кейін жекелеген мем­лекеттер топтасып қорғана бастады. Лаңкестікпен күрес дүниежүзі бойынша жүргізілді. Сонау 1992 жылдан бері пост­кеңестік кеңістікте Ұжымдық қауіпсіздік келі­сімшарты болып келген құрылым 2002 жыл­дың мамыр айындаҰжымдық қауіпсіз­дік шарты ұйымы болып құрылды. Әскери-саяси одақтың басты мақсаты да – лаңкес­тікке қарсы күрес жүргізу мен ғаламдық терроршылардың кіріс көзіне айналған есірткі тасымалына тосқауыл болу. Дәл осындай әрекет әрбір құрлықта, әрбір аймақта болып жатты. Сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі террорға қарсы орталық та өз жұмысын жандандыра түсті. Халықаралық терроризм мен экстремизмнің бойына балта шабу үшін ТМД салалық органы да тиісті шара­ларды қолға алды. 2003 жылы Мәскеуде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінде ШЫҰ-ның аймақтық террорға қарсы құрылымы құрылды. Штаб-пәтері Ташкент қаласында орналасқан аталмыш құрылым да әлем халқына қауіпті ұйымдармен күресті мұрат етті. Айта кету керек, бұл құрылым жыл сайын лайықты оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, тәжіри­бе жинақтауда. Біріккен Ұлттар Ұйымы 11 қыркүйек оқиғасының 5 жылдығы қар­саңын­да, яғни 2006 жылдың 8 қыркүйе­гінде 192 мүше-мемлекеттің қатысуымен БҰҰ-ның контртеррорлық стратегиясын қа­былдады. Лаңкестікке қарсы түрлі ай­мақ­тық ұйымдар осы құжат бойынша жұ­мыс істейді. Жоғарыда айтып өткен ШЫҰ-ның антитеррорлық құрылымы да осы стра­тегияны басшылыққа алады.
Біздің ел былтыр ғана төрағасы болған Еу­ропадағы қауіпсіздік және ынтымақтас­тық ұйымы да 2002 жылдан бастап қауіп­сіздік мәселесіне ден қойып келеді. 2002 жылы Португалия астанасында өткен ха­лық­аралық конференцияда лаңкестікті ауыздықтап және онымен күрес жүргізуге мүмкіндік беретін ортақ құжат қабылданды. 2003 жылы ұйымның сыртқы істер министрлер кеңесі Маастрихтте өткізіліп, ЕҚЫҰ әскери-саяси қауіпсіздік саласына ден қоя бастады.
АҚШ-тың өзін аң-таң еткен оқиғадан кейін көптеген держава да қорғаныс жүйе­сін бекемдей түсті. Мысалы, көршілес Ре­сей­де 2006 жылдың ақпан айында РФ Пре­зидентінің жарлығымен Ұлттық антитеррорлық комитеті құрылып, жүйелі түрде жұмыс істеуде. Әлемдік осы бір оқиғадан кейін Орталық Азия лаңкестікке қарсы күрестің негізгі дәлізіне айналды. Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанда әскери базалар ашылып, сол арқылы Ау­ғанстан­дағы бітімгершілік күштермен бай­ланыс орнады. Бітімгершілік күштерге Қа­зақстан да кезінде әскерилерін жіберіп, ха­лық­аралық қауымдастықпен бірге екенін көр­сетті.

Бір пікір
Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
– 11 қыркүйек оқиғасы сөзсіз әлемдік қатынастарды өзгертті. Ал енді сол халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналған біздің елімізге қатысы болмады деп айту мүмкін емес. Тиісінше осы оқиғадан кейін Қазақстан өзінің стратегиялық әріптес елдерімен біріге отырып, қауіпсіздікті нығайта түсті. Біз орналасқан аймақта ҰҚШҰ сияқты ұйым құрылып, ШЫҰ аясында террорға қарсы құрылым түзілді. Ең бастысы, 2001 жылдың қыркүйегінен бастап «қауіпсіздік» ұғымына байланысты қалыптасқан ескі көзқарастар жойылып, жаңа пайымдар пайда болды. Және бүкіл Жер шарындағы мемлекеттер ұйысып, халықаралық қатынастарды жоғары деңгейге көтере түсті.

Түйін
Өткен ғасырда «демократия», «адам құқығы» деген сөздер көптеп қолданылса, қазір ғаламдық саясаткерлердің екі сөзінің бірі «терроризм» болып келеді екен. Бұл жаттандылықтан емес, қажеттілік болған соң айтыла­тын сияқты. Жоғарыда біз тізбектеп өткендер – тек қана ТМД немесе бізге ға­на көршілес мемлекеттер бас қосқан ұйымдардың өзгерген бағыты. Әлем­дегі түрлі ұйымдар осындай стратегиялық қадамдар жасады. Соған сәй­кес әлемдік саясаттың да бағыты өзгеріп сала берді. Бәлкім, 2001 жыл­ғы оқиға болмағанда, әлемнің қазіргі келбеті дәл осындай болмас па еді?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста