Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау – ардың ісі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық. От басы, ошақ қасындағы ұрыс-керістің арты күш қолдануға, соққыға жығуға ұласса, анықтамасын осылай беретін болдық. Ал мұндай келеңсіз құбылыстан, өкінішке қарай, біздің қоғам да ада емес. Ең өкініштісі, тұрмыстық зорлықтың құрбаны көп жағдайларда әйелдер мен балалар болып жататыны. Өйткені ашуға алдырған қара дүрсін күштің  алдында әйел – әлсіз, бала – қорғансыз.

Әйелге қол көтеру менталитеттен бе?
Қандай қоғам болмасын, мінсіз бол­май­ды. Біздің қоғам да солай. Әділеттілік пен ізгілікке ұмтылып келеміз, бірақ неше түрлі қылмыстар мен әлгіндей зорлық-зомбылық секілді келеңсіздіктер бізде де бар. Әйтпесе, әйелдерді  зорлық-зомбы­лық­тан қорғау жөніндегі орындарға өз құ­қы­ғы шектелген, зорлық көрген 17 мыңнан астам нәзікжанды шағым түсірмес еді.
Демек, тұрмыстық қатынаста жекелеген отбасыларында әйелге зорлық көрсету оқиғалары болатынын мойындауымыз керек. Мысалы, ІІМ-нің аумақтық бөлініс­тері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас са­ласында жасалатын зорлық-зомбылық дең­гейін, нысандары мен тәсілдерін  зер­делеу мақсатында сауалнамалар, зерт­теу­лер жүргізгенде,  тұрмыстық зорлық-зом­былықтың көпшілігі әйелдерге қатысты бо­латыны дәлелденген.
Мысалы,  Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің тапсырысы бойынша 2011 жылдың мамыр айында өткізілген бір сауалнамада осы өңірдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың таралуы туралы сұраққа жауап бергенде, респонденттердің 28,2 пайызы оның кейбір отбасыларда бар екендігін және күш қолдану тұрғысынан болатынын ай­тып­ты. Ал 26,8 пайызы өңірдегі көптеген отбасыларда әйелдерді ұрып-соғу қалыпты өмір нормасы ретінде саналатындығын атап өткен. Жауап бергендердің  34,2 па­йы­зы аталған мәселе туралы естімеген. 10,8 пайызы жауап беруге қиналған. Осы­лайша, жауап бергендердің жартысынан көбі (55,0 пайыз) Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық кең таралғандығын көрсеткен.

                                                                Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Не істеліп жатыр?
 Мұндай сауалнама елдің барлық өңірлерінде де жүргізілген және барлығы да әйелдерге қатысты зорлық-зомбы­лық­тың бар екенін растайды. Қысқасы,  тиісті органдарға, қоғамдық ұйымдарға, жалпы баршамызға өмір көркін бұзатын осындай сұрқия көріністерді болдырмау, алдын алу бағытында атқарар іс көп. Ал бұл жұмыс­тармен мемлекеттік тұрғыдан жүйелі айна­лысатын негізгі органдардың бірі – Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті, әділін айтсақ, қыруар шаруаны ең­серіп жатыр. Мәселен, Ішкі істер ми­нистр­лігі әзірлеген, отбасындағы  құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатындағы «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтың алдын алу тура­лы» Заң 2009 жылы күшіне енді. Сөйтіп, тұр­мыстық зорлық-зомбылықты азайту, оның алдын алу мақсатындағы шаралар осы заңның негізінде жүйелі жүзеге асы­рыла бастады (бұған қарап, 2009 жылға дейін жұмыс істелмеген бе деп ойлауға әсте болмайды, Бас прокуратураның  ста­­тистикалық  деректері  бойынша 2007-2009 жылдары отбасы-тұрмыс­тық қарым-қа­тынас саласында жасал­ған  қылмыстар саны 25 пайызға тө­мендеген– автор).  Атап айтсақ, ІІМ-нің Әкімшілік полиция ко­митеті мен Дағдарыс орталықтары ода­ғының ара­сында ынты­мақтастықты ке­ңейту мақ­са­тында Ынты­мақ­тастық туралы мемо­ран­думға қол қо­йылып, тұрмыстық зорлық-зом­былық­ты бол­дырмау жөніндегі 2010 жыл­ға ар­нал­ған іс-шаралар жоспары әзір­ленді және сол жылы тәулік бойы жұмыс істейтін  «1415» сенім телефоны Астана қаласы  ІІД-нің базасын­да  ашылды.  Ал биылғы жылы  үкіметтік емес ұйым­дармен бір­лесіп, тұрмыстық зорлық-зом­былықтың алдын алу бо­йынша  300-дей іс-шара  өткі­зіл­ді. Гендерлік теңдік стра­те­гия­сын  іске асыру  жоспарына сәй­кес,  барлық об­лыстарда  құ­қық қорғау және сот, ден­сау­лық сақтау, білім беру ор­ган­да­рының,  зорлық-зомбы­лық құр­бан­да­­­рымен жұмыс істейтін  ҮЕҰ  қызмет­кер­лерімен оқыту бағ­да­рлама­лары да жүйелі түр­де өткізіліп келеді.
Орынкүл Ешенқұлова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы:
– «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгеннен бастап отбасы жанжалқорларына қорғау нұсқамасын шығару және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу сияқты  ықпал етудің жаңа тиімді тетіктері пайда болды. Ағымдағы жылы  соттар отбасы-тұрмыстық  қарым-қатынас саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін  26 мыңнан астам  құқық бұзушыны  әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданғаннан бастап тұрмыста  құқықбұзушы­лық­тарға  жол беретін  адамдарға қатысты 27 256 қорғау нұсқамасы  шығарылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста