Ағылшындар қазақ киносына тәнті болды

«ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» акционерлік қоғамы Лондон қор биржасына, IPO-ға, яғни халықаралық қор нарығына шыққанына бес жыл толуына орай Лондон қаласында қазақ киносының апталығын өткізді. Мұндай шараны «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы Лондон қаласында 24-30 қазан күндері «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Компания Еуропа халықтарына қазақ­тың болмысы мен мәдениетін таныстырып, Қазақстанның табиғи ресурстарға ғана бай мемлекет емес, өзінің рухани құнды­лықтарымен де ерекшеленетіндігін байқа­тып қайтты. Компания «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, Лондон­дағы қазақ киносының апталығына түрлі жанрдағы 12 фильм ұсынған. Бұл отандық кинематография фестивалі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Қазақстан Елшілігі қолдауымен өткізілді.
Лондондағы қазақ киносы апталығы бірнеше ауқымды кинематографиялық шаралармен қатар келді. Мадонна және Кира Найтли секілді актрисалардың қаты­суымен өткен екі британдық кино фестивалі, сондай-ақ ирандық, корей және ресейлік фестивальдермен қатарлас болып, бірге аталып өтті. Қазақ киносының апта­лығы туралы жарнамалар Financial Times, Evening Standard, Time Out, The Sunday Times, Metro, Pulse UK, City AM, Kommersant UK секілді бірқатар беделді британдық газеттерде жарық көрді. Жарнаманың психо­логиялық әсерін ескере отырып, қазақ ки­но­сының апталығы туралы өзге жақсы жар­намалық науқандар ұйымдас­ты­рыл­ды.
Британдық Кинематография институты­ның белді халықаралық Sight and Sound басылымында «Қазақфильм» студиясының жұмысына арналған мақала жарияланды. Мақалада: «Бұл студияның қызметінен жер­гілікті көрермендеріне де, әлемдік арт­хаус аудиториясына да фильмдер түсіру энер­гиясының шоғырландыруын байқаймыз. Мұндай белгі, кино саласындағы мұндай ер­ек­шелік Еуропаның көп елдерінде: Фран­ция­дағы мемлекеттік реттеу жұмыс­тары, Германиядағы бюрократия, Италия­дағы текетірестер және Ұлыбритания ры­но­гын­дағы жоғары сұранысы сияқты күр­делі ке­зеңдерде жоғалып кеткен еді», – деп жа­зады Sight and Sound журналының кино­сыншысы Ник Роддик.
Лондондағы кинофестивальде көрсе­ту­ге «Қазақфильм» студиясының әр кезең­де түсірілген әртүрлі картиналары іріктеліпті. Онда классикалық «Қыз-Жібек» жә­не «Транс­сібір экспресі» фильмінен бастап, Қазақстанның атынан аме­ри­ка­лық «Оскар» киноакадемиясының «Шет тілін­дегі ең үздік фильміне» ұсыныл­ған Егор Михалков-Кончаловскийдің «Воз­вра­ще­ние в А» фильмдері көрсетілді.
Сонымен қатар еуропалық көрермен­дерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, жастығы мен ел басшылығына таға­йын­далу сияқты кезеңдері туралы Рүстем Әбдірашевтің «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмі ұсынылды. Фестиваль аясында режиссердің «Восток & Запад. Классика и Авангард» атты алғашқы халықаралық кинофестивалінің Гран-при иегерлері атанған «Сталинге сыйлық» се­кілді фильмі де көрсетілді.
Қазақстанға 30 жылдардағы өзге ұлт өкілдерінің күштеп қоныс аудару туралы ұтымды түсірілген Сламбек Тәуекелдің «Жер­ұйық» фильмі де британдық көрер­мен­дер назарына ұсынылды. Бұл фильмнің еліміздегі тұсаукесері 2011 жылдың маусым айында болып өткен еді.
Ал кеңестік классикалық шытырман оқиғалы драмалық – «Транссібір экспресі» фильмі өзінің жалғасы ретінде түсірілген «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты фильмімен бір­ге көрсетілді. Бұл картина былтыр Мәс­кеу­де өткен шытырман оқиғалы фильмдер фес­тивалінде Шытырман оқиғалы көркем фильмдер» атты номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ атақты британдық актер Винни Джонс ойнаған Ахан Сатаевтың «Ликвидатор» фильмі де фестиваль аясында көрсетілген фильмдер қатарынан көрінді. Картинаның бас кейіпкерлері Берік Айтжанов пен Қарлығаш Мұхамеджанова лондондық көрермендерімен кездесуге барды. Сатаевтың басты рөлде ресейлік актер Андрей Мерзликиннің қатысуымен түсірілген мистикалық триллері «Заблудившийся» фильмі де көрсетілді.
Жеңіс жолындағы қайсарлықты сипаттайтын Қанағат Мұстафиннің «Рывок» фильмі, атақты композитор және әнші Біржан Қожағұловтың шытырман оқиғаға толы өмір тарихын баяндайтын Досхан Жол­жақсынов пен Рымбек Әлпиевтің «Біржан сал» тарихи драмасы, қазақ халқының хандары Әбілхайыр, Абылай хан, билерден Төле би және жоңғарлардың басшысы Қалдан Серен сияқты тарихи тұлғаларды сом­дайтын Рустам Ибрагимбековтің «Көш­пенділер» эпикалық драмасы Лондонда өт­кен қазақ киносы апталығында британ­дық көрерменнің назарына ұсынылды.
Бұл тарихи драмалармен қатар, Орта Азия халықтары ортақ түркі туы астында біріктіргісі келген ХХ ғасырдың басындағы белгілі тұлға – Мұстафа Шоқайдың өмірі мен тағдырын сипаттайтын «Мұстафа Шо­қай» фильмі де фестиваль құрамынан табылды. Картинада Түркістан, Кавказ, Түр­кия, Франция секілді елдердегі эмигрант­тық өмірі баяндалады. Осы фильмде опе­ралық әнші Мария Горинаның рөлін сом­даған қазақстандық әнші Карина Абдулли­на Лондонға көрермендерімен қауы­шуға келді.
Қазақстан киносының апталығы Лон­дондағы ауқымды кинотеатрлар желісі – Apollo-ның бес залды кинотеатрында өтті. Бұл кинотеатрларда жыл сайын Ресей кинофестивалі де өткізіліп тұрады. Осы жолы қазақстандық кинофестивальдің өтетіндігі туралы жақсы жарнамалап жатқандығынан олар сескеніп, өздерінің көрермендерін жоғалтуға алаңдаған екен.
Ақпарат заманында ұлтымыздың дәс­тү­рі, болмысы, өнері мен мәдениетін осын­дай фильмдерге көрсетіп, дамытып, өзге елге де мо­йындатары сөзсіз. Себебі кино – ақ­параттың кең көзі. Ал Ұлыбритания­да қа­зақ киносының фестивалін ұйым­дас­ты­рып отырған компанияның бұл жолдағы ізгі­лікті істеріне алғыcтан басқа айтарымыз жоқ.

Қайрат ӘБУСЕЙІТОВ, Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі:
– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы Қазақстан мен Ұлыбритания арасында мәдени байланысты қазақ киносы фестивалі арқылы жалғап отырғандығы, әрине, қуанышты әрі құптарлық жәйт. Меніңше, бұл Лондон қаласындағы тұңғыш отандық фильм­дердің кинофестивалі болып отырса керек.
Тома ДИМ, Apollo Piccadilly Circus кинотеатрының бас менеджері:
– Лондонда Қазақстан киносы аптасын өткізу — біз үшін қуаныш. Бұл фес­тивальдің ұйымдастырушы­лары­ның өз­дерінің айтулы мерекелік күндерінде халқының классикалық және заманауи фильмдерін көрсетуге деген батыл­дық­тары үшін ризашылығымды білдірер едім. Мен бұл іс-шара Қазақстанның терең тарихы мен жарқын болашағына, оның киноөндірісіне деген ауқымды аудиторияның шынайы ықыласын тудырады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста