Адам құқығын желеулеткендер нені көксейді?

Адам құқығын желеулеткендер нені көксейді?

Жер бетінде адам пайда болғалы бері қоғамның дамуында адам құқы үшін күрес маңызды рөл атқарып келеді. Адам – әділ қоғамды аңсайды және сол мінсіз қоғамды орнату жолында заман сынын бастан өткереді. Замана ағымы өткен ғасырдың бел ортасына келгенде «адам құқының қорғалуы» атты термин әлемдік деңгейге көтерілді. Ал ХХІ ғасыр басында бұл құндылықтың маңызы еселей артып, геосаясаттың да құралына айналды.
Адам құқығының әлқиссасы
1948 жылы Парижде БҰҰ жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі декларация қабылдап, әлемнің барлық елдеріне мем­лекеттік құрылымына қарамастан декла­ра­цияда келтірілген ұстындарды ұсынды. Атал­ған декларацияда келтірілген шарттар азды-көпті әлемнің барлық мемле­кет­те­ріне енгізіліп жатыр. Батыс жұрты төрелік ете­тін бұл заманда әлем халықтары адам құ­қығы барынша қорғалатын қоғам құру­ды өмірлік мотивация ретінде қарастырып жүр. Адам құқығы қызғыштай қорғалатын қоғамның баламасыз үлгі екендігіне шүбә келтіретіндер де аз. Америка ғалымы, саясаткер Фрэнсис Фукуяма өзінің «Тарих­тың ақыры немесе соңғы адам» деген еңбегінде адам құқының қорғалуына не­гіз­деле отырып құралған либералды де­мо­кратияны қоғам дамуының соңғы сатысы етіп көрсетеді. «Адамзат дамуында енді өзге жол жоқ және болуы да мүмкін емес» деп қорытындылайды ол. Өзінің саяси даму жолына Еуропаны құбыла етіп сайлаған Қазақстан қоғамы да «адам құ­қының қорғалуы» деген ұғыммен жиі ұшы­раса бастады. Сондықтан бұл ұғым­ның бізге берер жемісі мен терісін тара­зылауға тура келеді. Еліміздің консти­ту­циясы «Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мем­лекет ретiнде орнықтырады, оның ең қым­бат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деген жолдармен басталады. Конституция барысында БҰҰ қабылдаған жалпыға бірдей адам құқығы жөніндегі деклара­цияның негізгі ойларының барлығы бар екендігін шетелдік сарапшылар әлдеқашан мойындаған. Әйтсе де, оны жүзеге асыру мәселесі өз алдына бөлек тақырып.
Қазақстанда адам құқығы қалай қорғалып жүр?
Бұл тұрғыдан Қазақстанды Кеңес Ода­ғы ыдырап, мәре сызығында қатар тұрған елдермен салыстырсақ, айтарлықтай алға ілгерілеу бар. Бастысы, мемлекет саясаты адам құқығы барынша ескерілетін азамат­тық қоғам құруға концептуалды түрде бағытталды. Дегенмен, Батыс үлгісіндегі азаматтық қоғамды, либералды демокра­тияны және адам құқын қорғаудың үлгі­лерін екі көзді тарс жұмған күйде қабыл­дай салсақ, бұл надандық болар еді. Мә­селен, әлем саясаткерлері Қытайды ком­­­мунистік режиммен қымтанып отыр деп жиі сынға алғанымен, ондағы ком­мунистік идея барынша бейімделген жаңа пішінмен жемісін беріп отыр. Соңғы кез­дері батыс мемлекеттері өзге аймақтағы елдерді адам құқының қорғалуы бойынша сынағыш болып алды. Саяси, эконо­ми­ка­лық санкциялармен қыспаққа алып Батыс құрастырып шыққан механизмді мәжбүр­лі түрде қабылдатуға қадам жасайды. Әрине мұның астарында бармағы бүгулі қитұрқы саяси мүдде көлбеңдейді. «Адам құқығы» деп аталатын әдемі термин Еуро­па үшін епті құрал, бір жағы қисық меха­низм. Жеке тұлғаның құқығын қорғау жолында Батыс ұсынған тәсілдерге неғұр­лым терең беттесек, соғұрлым мемлекеттік мүдде әлсірей бастайды. Түптеп келгенде, бұл құбылыстың апарар соңғы аялдамасы – жаһандану. Экономикалық та, мәдени тұрғыдан да доминанттылық көрсетіп тұр­ғандықтан, Еуропа халқы жаһанданудан қорықпайды. Керісінше, осы бағытта көп еңбектенеді. Мәселен, ЕҚЫҰ ұйымы о бас­та Еуропаның қауіпсіздігі үшін құ­рыл­ғанымен, қазіргі кезде өз арнасынан ал­шақтап, өзге елдердегі адам құқығының қорғалуын, сөз бостандығы мен діни се­нім бостандығын талап етумен айна­лы­сатын саяси күшке айналды. Қазақ­станда адам құқығын қорғау керек деген желеу­мен жат пиғылды әртүрлі діни се­нім­дердің шашбауын көтерушілік бай­қа­лады. Біз қабылдаған либералды демо­кратияның заңдылығы бойынша көп­­­ші­ліктің ғана емес, азшылықтың да құ­қы қорғалуы ке­рек. Осылайша, адам құ­қын қорғауды же­леулеткендердің ұраны­мен елімізде сырт­тан келген азшылықты құрайтын жат идеологиялар мен діни ұйымдардың мәр­тебесі еселей артты. Осын­дай жағ­дайда көпшілікті кимелеп, аз­шы­лықтың мүддесін күйттеп, адам құ­қын дабыра­латқан ала шұбар либералды демокра­тияның ұлттық қауіпсіздікке, әсі­ресе ұлт мәдениетіне нұқсан келтіретінін қаперден шығармаған ләзім. Бұлар үшін ұлттық, мемлекеттік мүд­­деден адам құқы асқақ.

Адам құқығы - Батыс үшін
Батыс менталитеті – индивидуализмге негізделген. Сондықтан олардың адам құ­қы­ғы туралы түсінігі де соның аясында қа­растырылады. Батыс үшін жеке адам, жеке адамның қалауы жоғары тұрады. Мемлекет мүддесі екінші орынға ысырылады.
Адам құқығы – Шығыс үшін
Шығыс менталитеті – коллективтік санаға негізделген. Шығыс адамдары үшін жеке адамнан гөрі мемлекет мүддесі әрдайым жоғары тұрады. Жеке адамның мүддесі ел мүддесінен кейін тұрады.

Бір пікір
Марат Башимов, Еуропалық құқық және адам құқығы институтының төрағасы:
– Мен адам құқығының қорғалуы де­­ген ұғым Батыстан пайда болды де­генге келіспеймін. Адам құқығы адамзат баласы үшін ортақ құндылық. Бірақ әр халық адам құқығы деген мәселені әрқалай түсінуі мүмкін. Мысалы тарихқа назар қойсақ, қазақтардың арасында адам құқығы таңғаларлық жоғары дә­режеде қорғалатын кездер бар. Жай ғана мысал, құл иеленушілікті алайық. Адамды құлдыққа салуға болмай­тын­дығын Еуропа халқы кеше ғана түсінді. Ал біздің қоғамда ондай ұғым мүлде болмаған ғой.

Ой-тұжырым
Адам құқының қорғалуы қажет екендігін ешбір саясаткер, пәлсапашы жоққа шығара алмайды. Әрбір жесір мен жетімнің өмірдегі сыбағасы ескерілген, төрелік айтар билері қара қылды қақ жарып ақиқатын айтатын, аузы дуалы би-шешені  ел мүддесін төре алдына тікесінен қоятын сөз бостандығы бар, бірақ бірде-бір түрмесі мен зынданы жоқ, қой үстіне бозторғай жұмыртқалатқан қоғам басқаны қайдам, қазақ жеріне тән болғанын ешкім жоққа шығара алмас.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста