Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтуде. Ата Заңымыз осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған болатын.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы Конституция екі мәрте қабылданды. Алғашқысы – 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған.
Сондай-ақ, 30 тамыз – Қазақстан тарихында өзге де маңызды оқиғалармен есте қалған. Атап айтсақ:
1920 жылы – Жамбыл облысында телефон байланыс жүйесі пайда болды. Оған дәлел болатын құжаттар облыстық мемлекеттік мұрағаттан табылды;
1944 жылы – КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешімімен, Қазақстанға түріктер, күрдтер мен хемшилдер жер аударылды.
2001 жылы – Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға Испания королі Хуан Карлос I келді.