Бүгінгі жанжалдар саяси-идеологиялық емес, діни негізде жүреді

Бүгінгі жанжалдар саяси-идеологиялық емес,  діни негізде жүреді

Гүлнар НАСИМОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор:

– Гүлнар ханым, сіз саяси ғылымның бір арнасы – конфликтология бойынша ғы­лыми диссертация қорғадыңыз. Әң­гі­мемізді осы жанжалдың түрлеріне қа­тысты өрбітсек... XXI ғасырда өмір сү­ріп отырсақ та, әлем мемлекеттері ара­сын­да жанжалдар басылмай келеді. Әлем елдерінің барлығының көксегені да­му мен бейбітшілік ұраны болса да, не­ге әлі күнге дейін қақтығыстар бой көр­сетіп келеді?
– Адамзат өзінің тарихында соғыссыз жә­не жанжалсыз әлемдік жүйе құруға ты­рысып келеді. Дегенмен өткен ғасыр жой­қын әлемдік соғыстармен, идеологиялық жан­жалдармен және бейбітшілікті орнату мен ынтымақтастықтың жаңа түрлерін із­деу­мен белгілі болды. Сіздің сұраққа жауап бе­ре отыра, алдын ала айтқым келеді: өкі­нішке орай, жанжалдар адамзат бар кезде бо­лады және болған да. Шынымен, мо­йындау керек, «неге әлемде, жанжалдардың ал­дын алу мен шешу міндеттері қиын? Мем­лекеттің жетекшілері дипломатияны да­мыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жә­не тұрақтылықты орнатуда не істей ала­ды?» деген сұрақтар туындайды. Дегенмен ХХІ ғасыр жанжалдарының мәндік сипаты тұ­рақты және бірқатар жаңа ерекшеліктері бар. Халықаралық жүйенің өзгеріске ұшы­ра­уы жаңа замандағы жанжалдар ерек­ше­ліктерінің табиғи өзгеруін анықтайды. Қа­зіргі таңда мемлекет ішіндегі және асим­­ме­триялық жанжалдар ХХ ғасырмен жә­не ер­те тарихи кезеңдермен салыс­тырғанда ха­лықаралық саясатта маңызды орын ала­ды. Біріншіден, егер де бұрын жан­жалдың сая­си сөздігінде мемле­кет­аралық со­ғыс­тар­ды меңзесе, қазір біз «ға­ламдық күш көр­сету», «тұлға қауіпсіздігі» деген тү­сі­нік­тер­ді қолданамыз. Мемлекет орталық фак­тор болып қала береді, бірақ басты қауіп ту­дырушы болып табылмайды. Сондықтан қа­уіпсіздікті бірегейлендіру мен оған қарсы тұ­ру қиын. Екіншіден, бүгінгі жанжалдар сая­си идеологиялық емес, діни немесе эт­ни­калық негізде жиі жүреді. Сонымен қа­тар діни сипаттың өсуі  ХХ ғасыр бойы ба­ты­с­тық әлеуметтік-саяси ғылымда кең етек ал­ған модернизация теориясына күмән кел­тіруде. Үшіншіден, қазіргі жанжалдарға қыл­мыстық топтар да қатысуда. Идео­ло­гия­лық, отарлау, геостратегиялық және үс­тем­дік қақтығыстарының орнына ай­мақ­тық державалар арасындағы соғыстар кел­ді. Халықаралық қатынастар ұлттық әс­ке­ри күшпен ғана емес, сонымен қатар ха­лық­аралық институттар, трансұлттық кор­по­рациялар, азаматтар мен террористер то­бы және жеке жүйелер қатысатын қиын сая­си процестермен де анықталады. Сон­дық­тан жанжалдың құрылымын анықтау қиын­дай түсуде. Егер бұрын қарама-қарсы топ­тарды тек қана анықтау болса, қазіргі таң­да субъектілер де күрделі, әр алуан бо­лып келеді. Басқа сөзбен айтқанда, қазіргі жан­жалдар қиын сипатымен ерекшеленеді. Жан­жалға қатысушылардың саны көп бол­ған­дықтан, олардың реттеушілікке қол жет­кізуі қиын. Қазіргі таңда жанжалды ше­шу­де оның жаңа заңдылықтарын анықтап, жү­руін бақылауда басқа әдістеме мен кон­цеп­ция керек. Ал мемлекет болса өткен ға­сыр­дағы қауіптің елесімен күресуді тоқ­татып, жаңа туған ғасырдың шынайы қау­піне қарсы бірігуі қажет.
­– Қазіргі таңда делдалдықтың  қақ­ты­ғыстарды шешудегі рөлі әлсіреп кет­ке­ні туралы жиі айтылады. Алдағы уа­қыт­та үшінші тараптың маңыздылығы арта түсе ме, әлде олардың  рөлін ірі державалар иеленіп кете ме?
– Егер де делдалдың мақсаты мақсатты жә­не тиімді делдалдық етіп, жанжалды ше­шу болса. Ал үшінші жақтың мақсаты аг­рес­сия болса, онда бұндай делдалдық қауіпті әрі қатерлі болып табылады. Енді Ка­рабах мәселесін реттеуде серпіліс кү­тіл­ген Армения мен Әзірбайжан прези­дент­те­рінің Қазандағы кездесуін еске тү­сі­ре­йікші. Олар жанжалды шешуге дайын бол­ды ма? Менің ойымша, жоқ. Егер де дел­далға келетін болсақ, олар әр кезде өз­дерінің бейбітшілік қызметтерін риясыз ат­қа­ра ма? Яғни жанжалда үшінші жақтың аг­рес­сияны өзіне қажетті бағытқа бұруға мүд­делі болатыны сирек емес. Эко­но­ми­калық тұрғыдан дамыған және әскери-сая­си күші зор, әлемдік қауымдастықтың кей­бір бөлігі жанжалды реттеудің маңызды бө­лігін өздерінің мойнына алуға ынталанып отыр­ғандығы туралы фактінің бар екен­дігін есімізден шығармауымыз қажет. Де­ген­мен «дамыған субъектілер» сонымен қа­тар кейбір жағдайларда жаңа қақ­ты­ғыстар тудырады. Заманауи жанжалдардың та­биғаты, көбінесе, қақтығыстың алдын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді тудыратын, бі­рақ қатысушы елдер үшін көп жағ­дай­лар­да тәуекелділікті жоғарылататын әс­ке­ри-технологиялық және ақпараттық но­ва­ция­лар факторларымен анықталады. Ре­жимді ауыстыру немесе постжанжалдық қай­та қалыптастыру үшін үстем етуші дер­жа­валар  жалғыз немесе басқа мем­ле­кет­термен коалиция құра отырып, басқа мем­ле­кеттердің ішкі істеріне араласу тал­­­пыныстарын қолданғаны құпия емес. АҚШ-тың халықаралық саясаттағы рөлін ес­кере отырып, заманауи жанжалдың «бей­несін» қалыптастыруда негізгі рөлді, аме­рикандық сыртқы саяси және әскери бю­рократия оның әлемдік дамудың басқа кон­фликтогендік сипаттамаларына тө­зім­ділігі, сонымен қатар Вашингтонның жаңа ха­лықаралық жанжалдардың алдын алу­дың және қазіргі халықаралық жан­жалдардың үдемелі қарқындылығын тө­мен­детудің қолайлы жолдары ойнайтын бо­лады. Дегенмен делдалдық институтының бар­лық кемшіліктерінің негізінде оның қызметтерінен бас тартуға болмайды. Егер де ол қолайлы қызметтерді орындамаса, онда әлем толықтай жанжалдарға белше­сінен батар еді. Егер батыс зерттеушілерінің зерттеулеріне сенетін болсақ, онда 1945 жылдан бастап 90-жылдардың басына дейін делдалдық шамамен Африка және Латын Америкасында 2/3 жанжалдық жағ­дайларда, Таяу Шығыста 4/5 жанжал­дар­да қолданылған.
Делдалдық жанжалға түсуші елдерге біржақтылық негізінде немесе саяси және идеологиялық бағытта емес, ал халық­ара­лық құқықтың сақталуында құрылуы тиіс.
– Мысалы, Сирия мәселесіне кел­ген­де БҰҰ-ның тұрақты мүшелері ке­лі­се алмады. Жалпы, бұл жағдайға қан­дай баға бересіз? Сириядағы бір жыл­ға жуық болған соғыстар туралы не айта аласыз?
– Сириядағы оқиғалар – ішкі немесе ай­мақтық мәселелер емес, ал күштердің ға­ламдық тепе-теңдігі анықталатын ма­ңыз­ды халықаралық үдерістердің негізгі ком­поненттері. БҰҰ резолюциясын сылтау етіп, сириялық тәртіпті құлату қадамдары Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты екі мүшесі Ресей мен Қытайдың қарсылығы арқасында жүзеге асырылмауда. Бұл жанжалда бір­неше аспекті бар. Ең алдымен Си­рия­дағы дағдарыстың негізінде оның қо­ға­мының көп бөлігін кедейлер құрайтын өт­кір әлеу­меттік мәселелер жатыр. Со­нымен қатар биліктің қателіктері мен қыл­мы­сы туралы да болып отыр.  Мысалы, жем­қорлық. Бі­рақ осы дағдарыстың басты ас­пектісі – сырт­қы фактор. Қазіргі таңда Си­рия – тек қа­на аймақтық емес, сонымен қа­тар ға­лам­дық саясаттың шоғырланған ор­талығы. Си­рияны Ресей, Иран, Қытай қол­дап отыр. Осы сыртқы аспект үлкен рөл ой­найды. Бір­қатар сарапшылардың ойын­ша, Си­рия­да­ғы тәртіпті жоюға қарсы сырт­қы агрес­сия­ның күшеюі, Иранның ай­мақ­тық по­зи­циясын әлсірету үшін жасалуда. Ал Иран – Ресей мен Қытай үшін маңызды одақ­тас. Сондықтан бұл – әлем секілді ескі дү­ние. Тіпті араб елдерінде алдыңғы жыл­дың басынан басталған үдерістер Таяу Шы­ғыстағы шикізат ресурстарын қатаң ба­қы­лауға алу мақсатындағы геосаяси ойындар екен­дігін менің саясаттанушы студентім де айтып бере алады. Біз көріп отырғандай, Ресей мен Қытай аталған конфликтіге қа­тыстырылуда, сондықтан олар БҰҰ ҚК кез келген біржақты әрекетіне вето жариялау ба­рысында АҚШ мен ЕО елдері ешқандай заң­ды халықаралық-құқықтық негізге ие бола алмайды. Ресей Жерорта теңізіндегі жал­ғыз одақтасын жоғалтқысы келмейді.
Сирияда конфессияаралық соғысқа ұласуы мүмкін азаматтық соғыс қаупі бар екен­дігін барлығы түсінеді. Себебі діни фак­тор – кез келген мүддені жақтаушылар үшін тиімді қалқа. Бірақ Сириядағы қай­шы­лықтың маңызды компоненті ақ­па­рат­тық-психологиялық соғыс екендігі айдан анық. Егер де жанжалға қатысушылар атал­ған мәселені шешуде конструктивті ша­раларды жүзеге асырмаса, толықтай бір ай­мақта үлкен көлемді, көптеген жылға созылатын  тұрақсыздық туатынына күмән жоқ.
– Енді ішкі жағдайға келсек, Қа­зақ­станның имиджі туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Ал сіз 20 жыл ішіндегі Қа­зақ­станның халықаралық қауым­дас­тық алдындағы еңбегіне қандай баға бе­ресіз?
– Бүгінде Қазақстанды әлемдік қауым­дас­тық мойындайды, оның аты танымал бо­ла бастады. Қазақстан көптеген ықпалды халықаралық ұйымдарда жүзеге асырылып отырған өзінің белсенді әрекеттерінің ар­қа­сында әлемде маңызды рөлдерді ой­­найды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бас­тап Қазақстан БҰҰ жұмыстарына бел­сенді араласа бастады. Бұл қызметте басты мін­дет халықаралық аренада ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласында ҚР стра­тегиялық мүддесін қамтамасыз ету жұ­мысын жүргізу болып табылады. Қазақстан еш­қашанда әлемдік процесті бақылаушы рө­лінде болмаған. Жиырма жылдық Тә­уел­сіздікте халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауда орасан зор қызмет жа­сады. Ядролық қарудан бас тартты, Азия­дағы өзара ықпалдастық және сенім ша­ралары жөніндегі кеңесті (АӨШСК) құр­ды, Еуразия кеңістігінде интеграциялық про­цестерді бекітті, өркениеттер мен дін­дер диалогін қолдады, міне, Қазақстанның жа­саған шараларының бірқатарлары ғана.
Әлемдік қауымдастықтың біздің бүгінгі жетістіктерімізді мойындауының дәлелі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болып табылады. Ұйым үшін қиын кезеңде, яғни дербес қауіпсіздік жүйесі болу мүмкіндігінен айырылу қаупі төніп тұрғанда және ЕҚЫҰ-ның кейбір елдерінде бірқатар мәселе жинақталғанда Қазақстан ғана өзіне үлкен жауапкершілікті мойнына арт­ты. Қазақстан ұйымның тиімділігін арттыру барысындағы белсенді қызметі, қазіргі қа­уіп­терге барабар әрекет етуі, ЕҚЫҰ-ның ай­мақ­тарындағы серіктестікті бекітуге талпынысы, халықаралық құрылымға жаңа им­пульс беру қажеттігіне терең түсіністікпен қа­рап отырғандығын көрсетіп отыр және бұ­ны мойындау керек.
Қазақстан тоғыз ай төрағалық ету ба­рысында созылып отырған жанжалдарды рет­теуге байланысты үлкен дипломатиялық ша­раларды жүзеге асырды. Әлемдік қа­уымдастықта серіктестікке жету жолындағы бі­рінші қадам мәдениетаралық диалог бо­лып табылатындығын атап өткен жөн. Бұл ру­хани баюдың негізі және өзара тү­сі­ніс­тік­тің, келісім мен төзімділіктің бекітілуіне мүм­кіндік береді. Осыны мойындай отыра, Қа­зақстан толеранттық идеясын ұсынуда, мә­дени әралуандықты сақтауда және мә­де­ниет аралық диалогтерін дамытуда заң­ды түрде күш салуда. Бұған Қазақстанда жүргізілетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезі дәлел болып табылады.
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету­де Қазақстанның маңызды қадам­да­ры­ның бірі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыруды ұсынуы. Бұл орай­да Азия континентінде мемлекет­ара­лық қайшылықтар мен келіспеушіліктердің болуына қарамастан, Қазақстан кеңеске қа­тысушы мүше елдердің назарын мем­лекетаралық ынтамақтастықты әрі қарай бекіту қажеттілігіне аударуда. Оның тиімді институттарының бірі болып Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымы табылады. Бұл ұйым тер­роризмге, сепаратизмге және экс­тре­мизмге қарсы күресті маңызды ба­сым­дықтары етіп белгіледі. Қазақстан және ұйым бойынша оның одақтастары көр­се­тілген бағыттар бойынша әрі қарай қатынас ор­натуға ынталы. Шын мәнінде, бір са­уал­нама барысында Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын көрсету мүм­кін емес. Қазақстан қазіргі таңда тә­уе­кел­ділік пен әлемдегі қауіпке қарсы тұра ала­тын серіктестіктің жаңа түрлерін іздеуде.
Бұл орайда еліміздің Президенті Нұр­сұлтан На­зарбаевтың «Сындарлы он жыл» ең­бе­гінде айтылған сөздері өзекті: «Біз өзі­міз­­дің іш­кі-сыртқы проблемаларымызды мей­­лін­ше бейбіт және күш көрсетпейтін жол­­дар­мен шештік. Егер мемлекет өзінің қа­рым-қа­тынасын келісім мен сенімге не­гіз­дейтін бол­са, қашанда тіл табысар тегер­шік­тің та­бы­латынын біз айтарлықтай айқын се­зіндік.
– Посткеңестік елдердің алғашқы жылдарда саясаты ұқсас болғанмен, ке­йіннен мың сан құбылып кетті. Ұс­тан­ған саясатынан қай мемлекет ұтты, қай елдер ұтылды?
– Иә, бүгінде тек ғана Қазақстан емес, сонымен қатар ТМД-ның басқа да мем­ле­кеттері 20 жылдық тәуелсіздігін қо­рытын­ды­лады. ТМД мемлекеттері сыртқы және ішкі саясаттың басымдықтары мен негіз­де­рін анықтауда және мемлекеттік мүддені тү­сінуде, оған қоса ұлттық мемлекет құру ке­зеңінен өтті. Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттер ТМД елдері мен Достастыққа кір­мейтін мемлекеттер арасынан тиімді се­рік­тестіктерін тауып отырды. Посткеңестік мем­лекеттердің қазіргі заман тарихында қар­улы қақтығыстарға алып келген жан­жал­дар да болып отырды (Тәжікстан, Таулы Ка­рабах, Молдова, Грузия және т.б.). Шы­нын­да, бұл жанжалдар тарихи алғы­шарт­тар­мен, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени, әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық қа­тынастардағы саяси саланың дамуында жүр­ген дағдарыстармен байланысты бол­ды. Менің ойымша, аталған жанжалдардың се­бебі бірқатар елдердің болжамсыздық сая­саты болып табылады және аталған се­беп белгілі жанжалдардың катализаторына ай­налды. Егер де Грузия, Украина және Қыр­ғызстан туралы естігіңіз келсе, осы ел­дер­де болған «түрлі-түсті революцияларды» ес­тен шығармауымыз қажет. Біраз жылдар өт­се де, «түрлі-түсті революциялардан» ке­йін ешбір мемлекетте әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және саяси жүйеде түбегейлі әрі са­па­лы өзгерістер болмады. Сонымен қатар бұл елдерде қалыптасқан саяси жағдай­лар­дың ерекшеліктерінің бірі – билік үшін кү­рес «жаңадан» қалыптасқан элиталар ара­сында жүруде, бұл өз кезегінде, олар­дың мақсаттары мен мүдделерінің қарама-қай­шылығы туралы, олардың арасында ба­залық келсімнің болмауы мен қоғам ал­дында тұрған мәселелердің тереңдігін көру мүм­кіндігінің жоқтығы туралы айтуға мүм­кін­дік береді.
Тұрғындардың әлеуметтік үміті мен олар­дың қанағаттану көлемінің арасындағы қа­рама-қайшылықтың нәтижесінде, мы­са­лы, Қырғызстанда саяси жүйенің дағ­да­ры­сы­на және жүргізіліп отырған қайта құ­ру­лар­дың тоқтатылуына алып келді. Өр­кениеттік басымдықтар негізінде тү­бе­гей­лі шаралармен күйзеліссіз жүргізілетін әлеу­меттік-экономикалық және саяси ре­фор­малардың іске асырылуы құнды жеке кә­сіби қасиеті бар саяси лидердің же­тек­ші­лігімен ғана мүмкін. Бұндай саясаткерде дағ­дарыс кезінде тиімді шешім ұсыну қа­бі­леті мен жігері және қоғамда келісім мен ты­ныштықты қамтамасыз ететін ұйым­дас­ты­ру қасиеті болуы шарт. Егер елде шие­ле­ністің деңгейі жоғары болса, онда аталған ел­дердің көшбасшылары қоғамдағы әр­түр­лі мақсаттарды және бір-біріне қарама-қай­шы мүдделерді біріктіре алмайды. Қай мем­лекет ұтылды, қайсысы жеңілді, менің ойым­ша, біз баға бере алмаймыз. Оны ел­дер­дің халқы мен билігі бағаласын. Бірақ аны­ғы бір, мақсаты тұрақтылықты қам­та­ма­сыз ету болып табылатын мемлекет ғана әр кезде «ұтыста» болады.
– Әңгімеміздің ба­сында жалпы кон­флик­тология туралы айтып өткен­нен ке­йін Жаңаөзендегі жағдайды айналып өт­кеніміз болмас. Маңғыстау облы­сын­дағы осы жанжал туралы зерттеу жүр­гізіп көрдіңіз бе? Сіз не түйдіңіз?
– Әрине, бұл мәселені Маңғыстаудағы ше­рулерден бастап назардан тыс қал­дыр­ған емеспін. «2011 жылы Маңғыстаудағы ше­­ру­лер: себептер мен салдары» атты «Са­мұ­­рық-Қазына» әл-ауқат қоры ұйымдас­тыр­ған «Экс­перт» клубының отырысына қа­тыстым. Сон­дықтан Жаңаөзен оқиғасын ту­дырған жағ­дайларға терең әрі кешенді кон­флик­то­логиялық талдау қажет. Бірін­ші­ден, оқи­ға­ның негізінде конфликтілік жағ­дай­ға алып келетін әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық мә­селелер жатыр, яғни Жаңаөзен қа­ласы тұр­ғындарының көп бөлігінің негізгі қа­­жет­ті­ліктері қанағаттандырылмауы, жұ­мыс­­сыз­дық, миграция, жемқорлық және т.б. Екін­шіден, аталған оқиға, еңбек кон­фли­к­ті­лерін реттеудің конструктивті техно­ло­гия­ла­рының дамымағандығының кө­рі­нісі бо­лып табылады. Басқаша айтқанда, әлеу­­меттік серіктестік жүйесі жеткілікті қыз­мет етпейді. Біз жұмыс берушілерде  кон­фли­к­тіні реттеудің нақты механизмдерінің жоқ екендігін көріп отырмыз. Кәсіподақта жұ­­мысшылардың мүдделерін қорғайтын заң­ды әдістердің жоқ болуы. Егер кәсіподақ жұ­­мысшылардың мүддесін қорғаса, ай­ты­ңыз­шы, мұнайшылар шеруге не үшін шы­ға­ды? Сонымен қатар жұмысшылар да та­лап­тар қоя білмейді, сондықтан оларды же­­ңіл манипуляциялауға болады.
Жанжалды шешуге бағытталған дел­дал­­дар да болмады. Сонымен қатар ере­уіл­­ш­ілермен ынтымақтастығын көрсетіп, жағ­дайды өздерінің мүддесі үшін пай­да­лан­­ғысы келген бірқатар саяси күштердің бол­­ғандығы мәлім.
Маңғыстаудағы шерулер және Жаңа­өзен оқиғасы елімізге үлкен шығын алып келді. Бүгінде сұрауға болады: мұ­най­шы­лардың кішкене болса да талаптарын орын­дағанда қанша шығын шығатын еді? Ал бүгінде біз не алдық? Қаланы қайта тұр­ғы­зу қажет. Сондықтан Президенттің Жа­ңа­өзендегі оқиғаға баса назар аударуы заң­ды әрі уақтылы деп ойлаймын. Осыған орай Елбасының биылғы Жолдауында өңір­лерді дамыту мәселесі қозғалды. Пре­зидент айтқандай, бұл үшін алдымен жаңа за­уыттар көп салынып, жаңа жұмыс орын­дары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қар­қынды дамуы қажет. Мемлекет өз аза­мат­тарының сондай қуатты өңірлерге қо­ныс аударуына көмек қолын созуы тиіс. Жа­ңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қа­лалардың әлеуметтік қатерге жақын еке­нін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағ­дай жариялап, қаладағы ахуалды қал­пына келтіру бойынша кешенді шаралар жа­сауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта он­дағы ахуал қалыпты арнасына түсті. Алайда бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан сабақ алып, ұдайы ескерілуі керек.
– Әңгімеңізге рақмет!

Алашқа айтар датым...
Президент биылғы Жолдауында атап өткендей, біз Жаңаөзендегі оқиғадан тиісті түйін жасап, одан сабақ алып, ұдайы ескеріп отыруымыз керек. Қазіргі таң­да келіссөз мәдениетін қалыптастыруды, мемлекеттік органдар мен аза­маттық қоғам институттарының өзара әрекеттесу механизмдерін жетілдіруді жә­не саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін тиімді техноло­гияларды жасау қажет. Бірақ бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешілуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста