Жыныстық қатынастың пайдасы ұшан теңіз

Жыныстық қатынастың пайдасы ұшан теңіз

Жыныстық қатынастың пайдасы қаншалықты көп екенін сіз көз алдыңызға елестете де алмайсыз! Сексуалды белсенділік денсаулықтың көптеген аспектілеріне оң әсерін тигізеді. Оның денсаулыққа он түрлі пайдасын тізіп көрелік.

Күйзеліске қарсы күш

Жыныстық қатынастан кейін қан қысымы түсіп, күйзеліске қарсы тұру «күші» артады. Мұндай қорытындыны арнайы сынақ жүргізген Шотландия зерттеушілері жария етті. Олар «Секс – тамаша көңіл күй сыйлап, физикалық белсенділікті арттыратын ерекше күш» деген қорытындыға келген

Иммунитетті арттырады
Пенсильвания штатындағы Уилкс университетінің ғалымдары жыныстық қатынас кезінде иммуноглобулиндердің саны көбейетінін айтады. Яғни адам ағзасының түрлі инфекциялық ауруларға қарсы тұру күші артады.

Артық майдан арылтады
Бұл – ең алдымен, дене жаттығуы. Жарты сағаттық секс 85 калориядан арылтады. Әрине, бұл сан аз көрінуі мүмкін. Ал үнемі ерекше сезім құшағында болатын жандардың нәтижесі әлдеқайда көп болары түсінікті.

Жүрек-қан тамырлары ауруларын азайтады
Жастары келген сайын ер азаматтар «жыныстық қатынастың соңы инсультпен аяқталуы мүмкін» деген қорқынышпен өмір сүреді. Десе де, ағылшын ғалымдары аптасына екі не одан да көп ләззатқа бөленетін жандарда инсульт өзгелерден екі есе аз болатынын айтады.

Отбасы қатынастарын нығайтады
Секс сенім гормонын арттырады. Үнемі бір-біріне ләззат сыйлайтын ер мен әйелінің сондай-ақ, бір-біріне деген сенімдері де артады.

Ауыру сезімін төмендетеді
Секс эндорфиннің, яғни қуаныш пен бақыт гормонының көлемін арттырады. Осылайша, бақыттан басы айналып тұрған адам да ауыру сезімін онша сезе қоймайды екен.

Бұлшықеттерді нығайтады
Әйелдерге гинекологтар мен урологтардың Кегель жаттығуларын жасауды жиі ескертетінін білеміз. Ал ол жаттығулар кезінде жұмыс істейтін бұлшықеттерінің бәрін жыныстық қатынас та нығайтады.

Ұйқыны реттейді

Оргазм кезінде бөлінетін окситоцин ұйқының тыныш болуына жағдай жасайды. Ал тыныш ұйқы артериальді қысымды реттеп, зат алмасу процесіне оң әсерін тигізбек.

Anabol.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста