Жүкті екенімді білсе, ата-анам мені тірідей көметін шығар
Сәлеметсіздер ме құрметті xанымдар! Мен сіздерге өз басымнан өтіп жатқан жайтты айтқым келеді. Жасым 21-де. Бәрі осыдан 2 жыл бұрын басталды. Жігітім екеуміз өте бақытты едік. Ол маған үйленгісі келетінін айтып ата-ана, тума-туыс, достарымен таныстырды. Жүргеннен кейін 1ай өткен соң-ақ үйленемге басты. Мен өз ата-анамның жағдайын ойлап тоқтатқан болатынмын. Себебі ағам үйленіп, соның тойы, құдалығы деп үйдегілер мәре-сәре боп жатқан.Болашаққа деген жоспарларымыз өте көп болатын. Содан уақыт өте берді зымырап. Күнде кездесу, қыдыру бізді одан сайын бір-бірімізге жақындата түсті. Кейде ұрсысып та қалдық. Бір-екі аптадай сөйлеспей қойған кездеріміз болды. Бірақ ол үнемі кешірім сұрап келіп тұратын. Ақымақтығымыздың кесірінен осыдан 3 ай алдын қосылып қойдық. Істеген ісіме өкініп жүргенде аяғымның ауыр екенін білдім. Дереу жігітіме айттым. Содан кейін ол жоқ боп кетті. Телефоны өшірулі. Енді не істеймін деп жүргенде бір күні өзі xабарласып, кездесіп сөйлесейік деді. Оның сол кезде айтқан сөздері менің тас-талқаны шыққан өмірімді одан сайын өзгертті. Ол осыдан 1жыл бұрын менімен жүріп жүрген кезінде бір қызды бүлдіріп қойып, соны алған екен. Бірақ маған ешнарсе білдірмеген, достары да ештеңе айтпады. Мен сонда сондай ақымақ, аңқау болған екенмін. Бір таңғалғаным ол менімен күніге кездеседі, түнімен телефон арқылы сөйлеседі, достарымен бәріміз қыдырамыз сонда бір күдіктенетіндей ешнарсе байқамаған екенмін. Енді ол баламызды алдыртпа, мен саған келем бәрін тастап деді. Ал мен оған енді маған ештеңе айтпа, керек емес, мен баланы алдыртып тастадым, деп кетіп қалдым. Ол одан кейін xабарласуын қоймады, номерімді бәрін ауыстырып тастадым. Ата-анам әлң ештеңе білмейді. Олар білсе мені тірідей көміп тастайтын шығар. Өзімде ұяттан қатты өлгім келеді. Ата-анама жөні дұрыс қыз бола алмадым. Алладан кешірім сұрағаннан басқа қолымнан ештеңе келер емес. Жігітсымағымның әйеліне жаным ашиды, байғұс менің кесірімнен қаншама түндерін жылаумен өткізген шығар. Кешірші мені, мен шынымен білмедім, осыны басында білгенде ешқашан бұлай істемес едім. Кеше УЗИ-ге түстім, ішімдегі бала егіз екен. Бір жағынан қуанам, бір жағынан қорқам. Ата-анама қалай айтсам болады. Олардың бетіне жағылған қара күйе болдым мен. Әкесі кім, қайда десе не деп жауап берем. Ішім сәл шығып қалды егіз болған соң. Енді не істесем болады?
Мәдина, Алматы