Төрт ай жезөкшелікпен айналысқаннан кейін тұрмысқа шыққан: Еуропадағы сексуалды құлдыққа тап болған бойжеткеннің оқиғасы

Төрт ай жезөкшелікпен айналысқаннан кейін тұрмысқа шыққан: Еуропадағы сексуалды құлдыққа тап болған бойжеткеннің оқиғасы

Жыл сайын мыңдаған әйел секс-индустрияда жұмыс істеу үшін Еуропа қалаларына әкелінеді. Солардың бірі – жас нигериялық бойжеткен екі кездейсоқ кездесудің арқасында бұл ортадан мәңгіге құтылған. Қыздың оқиғасын BBC баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің алғаш көргенім жарық болды. Мен келген жер үнемі қараңғы болатын. Өйткені бізде электр қуаты жоқ. Мұнда ылғи шамдар жағылып, бәрі жарқырап тұратын. Бұл маған кереметтей көрінді!"- деп еске алады Джуэл (аты өзгертілген) Даниямен алғашқы кездесуін.

 
"Осы елге келгенім үшін Құдайға шексіз алғысымды білдірдім және жұмысқа кірісуді асыға күттім".

Бойжеткенді отанынан қарт адамдарға қарайтынын айтып, алып келген. 

Халықаралық көші-қон ұйымы жұмысқа орналастыру үшін Еуропаға жеткізілетін нигериялық әйелдердің 80%-ы негізінде жезөкшелікке салынады деп санайды. Әрине, Джуэл де алдап апаратын жағдайлар туралы естіген. Бірақ ондай әйелдерді Ливияға қиын және қауіпті жолдар арқылы автобустармен және Жерорта теңізі арқылы қайықтармен жеткізетін болған. Бірақ оған Лагостан Копенгагенге ұшақпен апаруды ұсынады. Бұл аруды тыныштандырып, артық ойға салынбаған. 

"Бәрі соншалықты жақсы ұйымдастырылған, сондықтан менде ешқандай күдік болмады", - дейді ол.

Копенгагенде қызды отандасы қарсы алып, келесі күні Вестербродағы жергілікті қызыл шамдар кварталына апарады. 

"Мен жан-жағыма қарап, қандай да бір клиниканы іздеумен әлек болдым", – деп еске алады Джуэл.

Жанындағы жолдасы көшеде жұмыс істеуге тура келетіндерін жайып салады. Жұмыстың клиенттерді өзіне тартуға бағытталатынын айтады. 

Сол кеште кездейсоқ Джуэл Данияда өзі сияқты қыздарға көмектесетін HopeNow үкіметтік емес ұйымының мүшесі Мишель Милдуотермен кездесіп қалады. Әйел түріндегі қорқыныш пен үрейді көріп жиырма жастағы бойжеткенге телефон мен визиткасын береді. 

Соған қарамастан Джуэл бірнеше ай бойы жезөкше болып жұмыс істейді. 

"Бұл жұмыс менікі емес", - дейді Джуэл. - Мен әрдайым бойымды үрей басып, шетте тұратынмын. Бірақ бәрібір олар мені тауып алатын. Тұрақты клиенттер жаңа қыздың қашан пайда болатынын білетін, себебі оларды әрқашан жаңаға тартып тұратын.

ЕО-ның соңғы мәліметтері бойынша, 2017-2018 жылдары 14 мыңнан астам әйел негізінен жезөкшелікпен айналысу үшін шекарадан өтеді. Олардың жартысына жуығы Еуропалық Одақтан тыс жерлерде болады. Нигерия жеткізуші елдердің алғашқы бестігінде тұр. Бұл айсбергтің ұшы ғана десек болады.Өйткені статистикаға тек анықталған жағдайлар ғана кіреді. 

Еуропалық комиссия астыртын пайда табатындарың кірістерін жылына 14 миллиард еуроға бағалайды.

Әдетте, бәрі бір схема бойынша жүреді. Жас қыздарға дұрыс жұмыс ұсынылады. Олар келгеннен кейін ондай жұмыстың жоқ екені айтылады. Ал қыздар жеткізу мен тұратын орынға ақшаны солардан қарызға алады. Борышын өтеу үшін сондай тірлікпен айналысуларына тура келеді. 

Данияның халықаралық зерттеулер институтының көші-қон бөлімінің аға зерттеушісі Сине Плумбек бұны “қарыздық басыбайлылық", дейді. 

Нигериядан келген әйелдер үшін бұл сома оннан алпыс мың еуроға дейін беріледі. Оны тез арада қайтару керек. Егер сізде жұмыс істеу үшін ресми рұқсат болмаса, секс индустрияда қалудан басқа амалыңыз қалмайды".

Джуэльді жалдағандар Лагостан кетерден бір күн бұрын оған 42 мың еуроны бөліп төлеуге тура келетінін айтады. Оның ешкімге ештеңе айтпайтынына ант бергізеді. Егер тіс жаратын болса оған да, туыстарына да жаман болатынын ескертеді. Әңгіме қорқынышты болу үшін зиратта өтеді. 

Джуэл Данияда болғанда оның жақындарын шынымен қорқытқан.

"Кейбір адамдар полицияға шағымданып, қарызды төлемей қояды деп ойлап әжеммен сөйлесуімді талап ететін. Мен онымен сөйлескен сайын жылап, отбасын жерге қаратпауымды сұрайтын", – дейді қыз. 

Мұндай қысыммен таңдау туралы сөз болмайтын. 

"Жоқ деп айту мүмкін емес еді. Барлығы "Иә"деп жауап беруге мәжбүр болды. Әрбір ауқатты клиентті осы кеште ақша тапқысы келетін 10-15 әйел көздейтін", – дейді Джуэл. 

Шарасыздық пен үмітсіздіктің құрсауында қалған Джуэл төрт ай өтсе де Нигериядағы өзі мен отбасы үшін қорқып, билікке жүгінбейді. 

Кенеттен оның өмірі таңғалардық жағдайда өзгереді. Бұл ертегі сияқты естілетін шығар. Бірақ ол даттық жігітке ғашық болып қалады. Жігіттің де қызға есі кетеді. Алғашқы романтикалық кешкі ас кезінде Джуэль өзінің қалай өмір сүретінін мойындайды. 

"Оған бұл жағдай ауыр тиді. Соған қарамастан ол өзін жақсы ұстады", - дейді Джуэл көп ұзамай күйеуі болған адам туралы.

Сол күннен бастап Джуэл бұл жұмысқа шығуды қояды. 

Күйеу жігіті оған апта сайынғы жинауы керек ақшаларын беріп отырады. Бірақ бір шешім қажет екені анық еді. 

"Осы жағдайға көмектесе алатын біреуді танисың ба?", – деп сұрайды күйеу жігіті Джуэлден. Осы кезде Мишель Милдуатер визиткасы есіне түседі. 

Белсенді жас әйелге қорқынышын жеңіп, оларға ақша төлеуді тоқтатуға кеңес береді. Қыз әйелдің айтқанын орындайды. Салдарынан өзі де, туыстары да жапа шекпеген. Бопсалаушылар сес көрсеткенмен, олар халықаралық банда тобының мүшелері емес, криминалды ұсақ-түйектер болып шыққан. 

Джуэл қазіргі таңда елде тұруға рұқсат алу туралы өтініш беріп қойған. Шешімін күтуде. Әйел істің сәтті аяқталатынына үміттенеді. Өйткені ол тіл меңгеріп, Дания азаматынан бала туып үлгерген. 

Мишель екеуі дос болып үлгерген. Джуэлдің үйлену тойында ол қалыңдыққа қыз жолдас болған. 

"Бұл менің өмірімнің ең жақсы сәттердің бірі болды. Неке орнына апарғанда жанымда Мишель болды", - дейді Джуэл.

Енді Джуэл бизнес-мектепке түсуді, сондай-ақ еріктілерге көмектесуді армандайды.

Локдаун қарсаңында Мишель Джуэлге өзі сияқты тағдырды бастан кешкен әйел туралы әуесқой пьесаға монолог жазуға және соны орындауға көндіреді. Джуэл өзінің шығармасын "Бұдан шығу үшін, оны бастан кешу керек"деп атады.

“Мен үшін бұл терапия сияқты болды. Маған көпшіліктің реакциясы қатты әсер етті. Спектакльді қойып жатқан кезде жаным денемнен бөлініп кеткендей болды. Өйткені мұның бәрі ойдан шығарылмаған шынайы өмір еді", - дейді Джуэл.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста