Сүндеттелген еркектің әйелге де пайдасы бар

Сүндеттелген еркектің әйелге де пайдасы бар

Мұсылман болмаса да... Қандай жағдайда ересек еркектерді сүндетке отырғызады?

Ер баланы сүндетке отырғызу – сүннет. Діни тұрғыдан бұл жөнінде хадисте айтылғандығы кездеседі. Дінді берік ұстанған қазақ халқы ұл баланы 3 не 5 жасында сүндеттеу рәсімін жасайды. Иә, бұл мұсылмандықтың бір белгісі.

Ал медицина не дейді? Қандай жағдайда еркектерді сүндетке отырғызады? Діні мен жасына қарамай сүндеттеу медицинада қай жағдайда қолданылады? Оның бірнеше себебін төменнен оқып біле аласыз.

Патологиялық фимоз

Патологиялық жағдайда қатты қозу үстінде болса да еркектік жыныс мүшесінің ұшы өздігінен ашылмайды. Ұшындағы тері жабысып, асқынған жағдайда ауру пайда болып, проблемалар туындайды. Ең жеңіл белгісі – зәр шығаруда қиындық туындаса, ауыр түрі – мүлде зәр шығара алмай қалу.

Парафимоз

Жоғарыда айтылған фимоздың асқынған түрі. Мұндайда жыныстық мүшенің басы ұшындағы теріге қысылып қалып, жабылмай қалады. Нәтижесінде онда қан жүрмей, біртіндеп жыныс мүшенің ағза тіндері өле бастайды.

Жыныс мүше ұшының жарақаты

Түрлі жағдайлар кезінде жыныс мүшесінің ұшындағы тері жарақат алып, онда тыртық қалуы мүмкін. Ал жыныстық қатынасқа түскенде ол кедергі келтіріп, кері әсер етеді.

Сезімталдық қасиетін жоғалтқанда...

Көптеген жағдайда уақытынан бұрын ұрық шығарып қою – жыныстық қатынас кезіндегі проблемаға айналады. Бұл басым жағдайда еркектің жыныстық мүшесінің ұшы сезімталдығын жоғалтқанда орын алады.

Жыныстық мүшенің ұшында түрлі қабынуы процесі орын алғанда...

Зәр шығару жүйесінде инфекциялық қауіп туындағанда

Медицина мамандарының пікірінше, бала күнінде сүндетке отырғызылған ұл балаларда цистит пен пиелонефритке шалдығу тәуекелі аз болатын көрінеді. Ал ересектерде – жыныстық қатынас арқылы жұғатын венерологиялық аурулар мен инфекцияларды (кондилома, гениталды герпес, сифилис) және АИВ (ВИЧ) жұқтыру мүмкіндігі едәуір азаяды.

Папиллома вирусы

Сүндетке отырғызу – папиллома вирусын жұқтырудың алдын алады.

Әйелдерге де пайдасы бар

Егер әйелдің тұрақты серіктесі немесе күйеуі сүндетке отырғызылған болса, онда оның жатыр мойнында онкологиялық проблемалар асқынбайды.

Сүндеттеу – еркектің жыныстық мүшесінде онкологиялық проблемалардың алдын алады.

Гениталды кондилома (сүйелдер)

Еркектердің жыныс мүшесінің ұшында және сондағы тері қатпарында пайда болатын қатерсіз өскіндер – жекелей немесе топтасып шығуы мүмкін. Өскіндердің пайда болуы ағзаның аталған вирусты жұқтыруымен тікелей байланысты. Бұл жағдайда жыныс мүшесі ұшындағы теріге ота жасау қажеттілігі туындайды.

Міне, осы айтылған проблемалар барысында еркектердің жасы мен діни ұстанымына қарамастан сүндеттеу, яғни, медицина тілімен айтқанда, циркумцизия жасалады.

Заманауи медицина сүндеттеу немесе циркумцизияның еркектердің жыныс мүшесіндепайда болуы мүмкін онкологиялық қауіптерді 50%-ға төмендетеді деп санайды.

Түрлі дереккөздерден алынды

Дайындаған:Қ.Сауран

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста