Сол күні қыздық ғұмырыммен қош айтыстым...

Сол күні қыздық ғұмырыммен қош айтыстым...

Мен Семей өңірінің қызымын, отбасымызда бес қызбыз. Мен ортаншысымын. Анам мүғалім, әкем қарапайым жұмысшы. Кішкентайымнан көнбіс, көп сөйлемейтінмін, оның үстіне құлағымның біраз естімейтіні бар. Ешкіммен жақын араласпайтынмын, тіпті сырласатын құрбым да жоқ еді. Үндемей өзіммен өзім жүретінмін.

 

Тоғызыншы сыныпты бітіретін жылы сыныптастарым отырыс жасайтын болды. Ондай жиындарға бармайтын болған соң, үйде алансыз отырғанмын. Бірақ отырыс болатын күні сыныптағы қыздар қоймай алып кетті. Отырысқа ауылдың үлкен жігіттері де келіпті. Бәрі би билеп, көңіл көтеріп жатқанда мен бір бұрышта жалғыз отырған едім. Жаныма ауылдың үлкен жігіттерінің бірі келіп биге шақырды. Билеп жүріп, өзіне тартып қатты құшақтады. Сол күйі мені жеке бір бөлмеге алып кірді. Сол күні мен қыздық ғұмырыммен қош айтыстым. Мен еш қарсыласпай, сол баяғы үндемей көнбістігіме басып жата бердім. Бұл оқиғаны ешкімге тіс жарып айтпадым.

 

Осылай уақыт зымырап, оныншы сыныпты да бітірдік. Әке-шешем мені Алматыға оқуға жіберетін болып шешті. Алматыға келіп, орташа оқу орнына түсіріп, жатақханаға орналастырып кетті. Анам кетіп бара жатып, жанымдағы қыздың біреуіне маған қарайлап жүруін өтініпті. Құлағымның біраз естімейтінін де айтыпты. Ол қыз оны бүкіл жатақханаға жайып, мені сыртымнан бәрі керең дейтін болды. Сөйтіп Алматыдағы өмірім де осылай басталды.

 

Сөйтіп жанымдағы қыз жігітінің досымен таныстырды. Екеуміз жүре бастадық. Орайы келгенде төсек қатынасында да болып жүрдік, ал мен үндемей келісе беретінмін. Осылай төрт ай кездесіп жүрдік. Жанымдағы қыз жігітімен ұрсысып қалып, жүрмей кеткен соң, менің жігітім де келмей кетті.

 

Біздің жатақханада Шу өңірінің қыздары тұратын. Соларға жерлес жігіттері келіп тұратын. Солардың ішінде сөйлеп қалған, пысықтау Нұрлан деген жігіт болатын. Бір күні демалыста жанымдағы қыздар туыстарының үйіне кетті. Мен бөлмеде жалғыз қалдым. Сол күні Нұрлан бөлмеге келіп, мені сөзге тарта бастады. Бір кезде Нұрлан есікті іліп, мені сүйе бастады. Мен үндемей отыра бердім, соңы төсек қатынасымен бітті. Осылай ол жиі-жиі келіп тұратын болды. Біз қыз бен жігіт болып жүрген жоқпыз. Ол тек төсек қатынасы үшін келетін. Осылай оқуды да бітіріп, бәріміз жұмысқа орналастық. Бұл кезде де Нұрлан маған келуін тоқтатпаған еді. Әрине ол мені жақсы көргеннен келмейтін.

 

Осылай жүріп, бір күні аяғым ауыр екенін білдім. Жанымдағы дос қыздың анасы дәрігер болатын. Сол кісінің көмегімен аборт жасаттым. Бірақ Нұрланға жүктілігім туралы айтпаған едім. Осы кезде Нұрлан да жоқ болып кетті. Естуімше Шуға кетіп қалыпты.

 

Жұмысымыз жабылып, мен бір кафеге ыдыс жуушы болып орналастым. Бір күні бір даяшы қыз жұмыстан шығып кетті. Оның орнына мені даяшы қылып алды. Ол кезде де сол мінезімнің кесірінен талай опық жедім, клиенттер ақшасын төлемей кетіп қалатын. Сол үшін менің жалақымнан ұстап қалатын.

 

Бізде Данияр деген бармен жігіт істейтін. Көбіне сол маған үйретіп, көмектесіп жүретін. Бір күні Данияр маған өз сезімін білдіртіп, екеуміз қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Екеуміз де өз мамандығымыз бойынша жұмыс тауып, пәтер жалдап бірге тұрдық. Осылай Данияр мені үй-ішімен таныстырып, біз үйленетін болып шештік.

 

Қазір үйленгенімізге бес жыл болды. Менің мінезім қазір бұрынғыдай емес, тіпті мені көрмей кеткен құрбыларымның өзі қазір мені көргенде қатты таң қалады. Тіпті жұмыста менің бетіме қарап сөйлеуге қорқатын кісілер де бар. Қазір бізде бәрі бар, бірақ балаларымыз жоқ. Емделмеген, қаралмаған жерім жоқ. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Осының бәрі баяғы өзімнің көнбіс, үндемей қалған мінезімнің кесірі. Міне «бұға берсең, сұға береді» – деген осы екен.

 

 

 

Айым, Семей

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста