Ресторан ұстайтын түрікпен ақша үшін төсектес болған даяшы қыздың әңгімесі

Ресторан ұстайтын түрікпен ақша үшін төсектес болған даяшы қыздың әңгімесі

Таксист болудың өзіндік қызықтары жетерлік. Көлігіңе неше түрлі адам отырады. Түрлі тағдырды көресің. Небір өсек естисің. Өзің өсек айтасың дегендей…

Алматы шаһарында күнді түнге ұрып, түнді күнге ұрып таксоват етіп жүрген қара қазақтың бірімін.
Жақында мынадай оқиға болды. Сенбі күні түн ортасында қаланың шеткері көшелерінің бірінде салып ұрып келе жатыр едім. Бір қалтарыстан бір бойжеткен жанұшыра жүгіріп шығып қол көтерді. Біреуден қашып келе жатқан сынды. Артында аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, бір жігіт қуып боқтап келеді. Қызға көмек керек екені белгілі болды. Тоқтай қалып, есікті ашып жібердім. Жүгірген бойда ішке енген қыз:

«аға құтқара көріңіз. Тез кеттік» деді.

Газды басып, ытқыта жөнелдім. Жігіт боқтаған күйі қалды. Бірнеше көшені айналып өткен соң, әлгі қызға қарап, тіл қаттым. Ол болса, жылағанын баса алмай, солқылдап, біраз отырды.

«Не болды, қарындасым, жігіттіңмен төбелесіп қалдыңдар ма? Ол ұрып, сен қашқан секілдісің ғой», — деп, оған сұраулы жүзбен қарадым.

«Ой аға, айтпаңыз. Төбелессек түк емес қой. Одан да сорақы. Басқа жігітпен саунада жатқан жерімнен ұстап алды. Енді не істерімді білмеймін?» – осыны айтқан қыз тағы жылады.

 

Қыздың сыры

Біраздан соң, барып қыз бар сырын жайып салды:

Бір түрік мейрамханасында официант болып жұмыс істейді екен. Түріктердің сыры белгілі ғой. Жас қыз, әдемі қыз болған соң жұмысқа алады. Сосын, қырындайды. Олардың дегеніне көнбесе, ақшасын дұрыс төлемейді. Жұмыстан шығарып жібереді.

 

«Біз үш қыз осы мейрамханада жұмыс істегелі жылға жуық болды. Жаман емес. Рас, мейрамхана өте қымбат. Қалталылар болмаса, өзге жұрт есігінен сығалай алмайды. Ал келген қалталылар сенің әдемі бейнең мен сымбатыңа қарап-ақ, кейде артық ақша беріп кетеді. Табыс жаман емес. Бұл жерден кеткіміз жоқ. Оны мейрамхананың иесі түрік жақсы біледі. Жасы елуден асқан адам. Тоқсаныншы жылдардың ортасында Алматыға келіп, донер-бургер сатып, осылай көтеріліпті. Қазір шылқыған бай. Бірнеше мейрамхана, кафелері бар. Қазақтың, орыстың қыздарын шыр айналдырып, демалып, рахат өмір көріп жүргені. Үш қыз болып жұмысқа кіргенбіз.

Ортамыздағы өте көрікті Жаннаны бір айдың ішінде ашына жасап алды. Ақшасын өсірді.
Оны официанттан келген клиенттерді қарсы алып, шығарып салатын меңгеруші қызметіне қойды. Бізге де жаман қараған жоқ. Өйткені сұлу адамға қай жерде де есік ашық қой. Жақсы ақша төлейді. Амалсыз біз де оның айтқанына көне беретін болдық.

Шындығы керек, жақсы жұмыстан шығып қалмас үшін, онымен ара тұра төсекте болып тұруға да келістік.
Өйткені екі күннің бірінде мейрамханаға жұмыс іздеген қыздар келіп жатады. Егер де біз түрік басшымыздың айтқанына көнбесек, солардың бірін ала салатыны белгілі. Ал ондайға көнбеймін деп, жұлқынған намысты бірнеше қызды жұмыстан шығарып жіберіп, сөйтіп, айтқанына көніп, айдауында жүретін қыздарды алған.


Әлгі бастық бізбен өзі демалғанымен қоймай, кейде Түркиядан келген достарының қойнына да салатын. Үшеуміздің де жігіттеріміз бар. Кейде таң атқанша әлгі қонақтарды риза етеміз деп, амалсыз жігіттерімізге «адам көп болды. Сондықтан таң атқанша жүрдік. Ыдыс-аяқ жуыстық», — деп өтірік айтып жүрдік.

Қазақтың жігіттері аңқау ғой. Ақша әкеліп, қалталарына салсақ, соған мәз. Ал ол ақшаны түріктің қойнына жатып тауып жүргенімізді қайдан білсін?

Сөйтіп жүргенде, біреулерден өсек естіді ме, білмеймін, жігітім мені аңди бастады. Ақыры міне, үстімізден түсті. Бес қыз, үш-төрт түріктің жігіті болып саунаға бардық. Соның ішінде емін-жарқын демалып жатқанда жігітім кіріп келсін. Ол сауна иесін түріктердің досымын деп алдап, ішке енген сияқты. Әйтпесе, бөтен адамды ол жерге кіргізбейді ғой. Содан айқай шу, төбелес. Әрең қашып шықтым.

Енді не істерімді білмеймін. Жалдап тұратын пәтеріме барсам, артымнан келіп өлтіріп кететін сияқты. Енді жұмысқа да бара алмаймын. Жігітім ол жерге де барары белгілі. Мейрамхана басшысы бұдан кейін мені жұмыстан қуатыны анық. Не істеймін білмеймін?».

Осыны айтқан қыз тағы да көз жасына ерік берді.

 

Әу баста аяп едім. Енді ол қызға деген аяушылығым жоғалып кетті. Жұмыс үшін, ол жерден тапқан азғантай ақша үшін сүйген жігітін өзгеге айырбастап жүрген қызды қалай аяу керек?
Мұны білгенде, мана көлікке отырғызбай тастап кету керек еді. Опасыздығы үшін жігіті ұра ма, өлтіре ме өзі білер еді.

«Қарындасым осы жерде түсіп қал. Сүйгенін алдап, өзгемен жатып жүрген қызға менің көлігімде орын жоқ. Ең бастысы, өзің қазақ болып тұрып, сүйген жігітің қазақ болып тұрып, азғантай табыс үшін, қайдағы бір түріктің қойнына жатып жүрсің. Бұл тек жігітті ғана емес, қазақты, өз қаныңды қорлау. Сендей сайқал қазақтың жігітіне әйел болып жарытпайды. Көліктен сүйреп түсірмей тұрғанда, түсіп қал», — дедім шыдамай.

Өйткені бойымдағы қазақы намыс оянып кеткен еді.
Қыз қателігін түсінді ме, үндемей түсіп қалды.

Бұл өткен сенбі күні түнде болған оқиға еді. Қазақтың намысын жерге таптаған қызды, осылайша, жолға тастап кеттім. 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста