Өз намысын қорғай алмаған қыз кімге керек?
Сәлеметсіздер ме,қыз- келіншектер !
Мен де сол жігіт мәселесі, өзегімді өртеп барады.Себебі ешкімге айта алмаймын.Орны толмас қателік жібердім. Жасым 23-те, үйдің жалғыз қызымын. Әкем жоқ, бала кезімде тастап кеткен. Жігіттіммен бұдан екі жыл бұрын танысқанмын.Содан жарты жылдай сөйлесіп жүріп, маған ұсыныс жасады. Қыз бен жігіт болып жүрдік. Басында бәрі керемет болды. Күнде қымбат сыйлықтар, гүлдер...
Бір-біріміздің үй ішімізбен де танысып, білістік. Сөйтіп жүріп қосылып қойдық. Оған өзімнен де артық сендім. Бірақ соңғы үш айда қатты өзгерді. Мені ұратынды,боқтайтынды шығарды. Ұрсысып қалсақ,қайтып хабарласпайды.Өзім кешірім сұраймын.3 күн болды,хабарласпайды да,звандасам алмайды.
Әттең сол күн қайтып келсе ғой. Ешқашан сол күнәні жасамаушы едім. Анамның сенімін ақтайда алмадым. Таң атқанан тек өлімді ойлаймын. Енді кімге керекпін? Өз намысын қорғай алмаған қыз кімге керек? Не үшін мені алдады? Менің өмірімді қор қылып бақытты боламын деп ойлай ма екен? Сіңлілеріме айтарым мен сиқты өкініп қалмас үшін,қанша сенімді жігіт болса да ақ босағаны аттамай,төсек қатынасына бармаңдар. Әйтпесе мен сияқты,өмірден түңіліп жүресіңдер сосын.Ал мен өлгім келеді.Не істеймін?Өткен күнді қайтара алмаймын.