Отызға толмай жатып екі мәрте ажырасып кеттім...

Отызға толмай жатып екі мәрте ажырасып кеттім...

Қазір жасым 28-де. Салт басты жүргеніме бір жылдың жүзі болды. Әкем болса шешем қайтыс болғалы «малға ие болам» деп, ауылда жүр. Қарындасым тұрмыста. Менің өмірім өзгеге сабақ боларлықтай я үлгі болатындай маңызды емес шығар. Бірақ осыған дейін бастан кешкендерім бір сериалға жүк болатын тақырып.
Мен орталық Қазақстан өңірінің қазағымын. Үйдің үлкені әрі жалғыз ұл болған соң қартамыс әке-шешем менің бетімнен қаққан жоқ. Жегенім алдымда, жемегенім артымда болды. Қарындасым да солай өсті. Мектепті үздік бітіріп, соңғы класта оқып жүргенде республикалық олимпиадада топ жарып, жоғары оқу орнына грантқа түсіп үй-ішімізбен қуанғанымыз кеше ғана еді...

Ерке өскен мен серілеу жігіт болдым. Әлі де солай. Күлім қаққан қыз атаулыны мүлт жібермей дегеніме жетіп тынатынмын. Ол үрдіс әлі менің бойымда бар. Сөйтіп жүріп, өзімнен бір жас үлкен Мақпал есімді қызбен аз ғана уақыт көңіл жарастырып, үйленіп алдым. Бізді табыстырған махаббат дегеннен көрі төсек қызығы деген дұрыс болар. Мақпал жіңішке келген, дөңгелек жүзді, ақ құба қыз болды. Қараған еркек оған көз тоқтататындай көрікті еді. Аз күн сөйлесіп жүріп біздің сауықтың соңы төсекте жалғасты. Жүктілігінің жайы белгілі болған соң біз отау тіктік. Арада тұңғышымыз Нұрлыайым жарық дүние есігін ашты. Менің тырбаңдап еңбек етіп, сабағыма да үлгеруіме тура келді. Сөз жоқ, мен бұл үдені бағындыра алдым. Алғашқы отбасылық өміріміз жақсы өтіп жатты. Бірінші қызымның соңынан іңгәлап екінші қызым келді. Бұл уақытта сырқаттан шешем өмірден өтіп, арулап көмдік.
Шешем өмірден озғаннан кейін менің өмірімнен береке кеткендей болды. Жарыма деген ыстық ықылас болғанымен, сырттан біреуді күтетіндей елегізіп жүруді әдетіме айналдырып алдым. Мәдениет басқармасында жұмыс істей жүріп, үйдегілерге жұмысты сылтауратып, қыз-қырқынға да бойдақ кездегідей тиісуді «жолға» қоя бастағанымды өзім де аңғармадым. Көлденең жүріс білінбей қоя ма, ұялы телефоныма сылқымдардан келген хаттарды жарым оқып, бірнеше рет ұрыс пен қызғаныштың ащы дәмін де татып үлгердім. Мақпал менің осындай қылықтарымды екі баланың болашағы үшін кешіре алды. Бірақ оған да оңайға соқпағанын білемін. Кейін менің қарындасым Маржан тұрмысқа шыққан соң мен оларға қиын соқпасын деп бөлек шықтым. Күйеу балам мен қарындасым әкеммен бірге тұрып жатты. Кейін әкем ауылдағы азын-аулақ малымызға қарайтын адам болмаған соң соған қарайлаймын деп малшы болды.
Ал менің қолымнан келген істің бәрін ұршықша иіріп, барынша табысты мол тауып жүрдім. Пәтер жалдап тұрсақ та қосымша табыс аз болған жоқ. Мақпалдың жақсы жері ақшаны ұқыпты жұмсап, беталды жарата бермейтін соның арқасында біз пәтерге ақша жинап жаттық. Үйленгенімізге үш жыл толғаннан кейін біз бірімізге әбден үйрендік. Әрі жинаған қаражатымыз қаланың шетіндегі шағын ауданнан пәтер алуға жетерліктей болды. Пәтерден пәтерге көшіп жүріп, біз бақыттың не екенін ұққандай болдық.
Қош... соңымен бөлек шығып өз бетіммен өскен менің қолым жеке пәтерге жетті. Осыған дейін әр жерде жұмыс істедім. Өтірік көлгірсігенім емес, қанша тарыққан сәтім болса да құрылыс, көлік жуу секілді жерлерді жағалағаным жоқ. Құдайдың басқа салған өнері асабалықты серік еттім. Одан бөлек мәдениет саласындағы мекемеде орташа жалақымен өмір сүріп жаттым. Біреуден кейін, біреуден ілгері болғаныммен тұрмысыма жарым шексіз риза еді. Бір қызығы осы уақытқа дейін әу демеген жарым үй алған соң мінез шығара бастады. Менің де мінезім жетісіп тұрғаны шамалы. Сөйтіп, ара-тұра біз ұрсысып қана қоймай жарым менен таяқ жейтін болды. Ұрыс болған соң көңіл де суи бастайды екен. Жарымнан байқалмаған ыстық қатынасты мен өзгеден іздейтін болдым. Той жағалап жүріп небір қызықты көресің. Құтырған қыз-келіншектер кейде желімдей жабысады. Сондай тойлардың бірінде мен Толқын есімді жары қайтыс болған, бір баласы бар келіншекпен таныстым. Әңгімешіл, өзіне баурап алатын, қылықты, бітімі қыздай екен. Телефон алысқан соң біздің байланыс күннен күнге күшейе берді. Жай ғана таныстықтың соңы төсекте табыстыратыны әу бастан белгілі еді. Жағдай осылай болған соң күн сайын оны көрмеу мен үшін мүмкін болмады. Ер адамның көлденең жүрісі әйелге қалай байқалмасын, жарым біліп қойып, ылаңды салды-ай келіп. Ақыры біз ұрысып-татуласып жүріп, ажырасып тындық. Мұндай мүмкіндікті әккі болған Толқын жіберсін бе, маған демеу болғансып қолына кіргізіп алды. Жардан көрмеген ыстық ықылас, үзіліссіз төсек ләззаты мені баурап алғаны да рас. Сөйтіп, біз отбасы болып тұра бастадық.
Толқынның үгіттеуі ме, әлде өзім соңы қаладым ба білмеймін, арада 4 ай өткенде алғашқы жарым Мақпалмен заң жүзінде ажырасып тындым. Біраз жыл тер төгіп алған екі бөлмелі пәтерді балаларымның несібесі деп соларға тастадым. Екінші жарыммен басталған тіршілік мен үшін жаман болған жоқ. жыл өтпестен Толқын Жүрсін есімді аппақ шекесі торсықтай ұлды өмірге әкелді. Жүрсіннің өмірге келуі менің біраз қайғымды ұмыттырғандай еді. Ер адамның табысы түзде ғой. Түзде көп жүретін менің ішімдік ішсем тойлатып кететін әдетім қалмай-ақ қойды. Толқынға ұнамайтыны да осы еді. Ақыры ол шыдасын ба, өз мінезіне салып үйге кіргізбей қоятынды шығарды. Өзімнен де бар, күлім қаққан қыз-келіншектерден тартынып қалмаймын. Осының өзі де Толқынды қызғаныш отына өртемей қоймады.
Арада бір жарым жыл өткенде мен тағы да ескі әдетімше ажырасып, салт басты болып шыға келдім. Жүрсінді Толқынға тастап, екінші мәрте алимент төлеу міндеті жүктелді. Сөйтіп мен екінші мәрте ажырасып, жалғыз қалдым. Қазір бұрынғыша асабалығыммен қатар жұмысымды істеп жүрмін. Екі әйелім де менімен қосылғысы келмейді. Менің де ынтығып тұрғаным шамалы. Бірақ кейбір түндерде балаларымды ойлап, дөңбекшіп шығамын. Осындай күйге түскеніме өзімнен өзге кінәлі ешкім жоқ.
Тек әкем ғана мен үшін алаңдап, екі әйеліммен де сөйлесіп көрді. Бірақ екеуі де теріс айналған күйі кете барды. Мен осындай тағдырым үшін ешкімге өкпе артпаймын. Тек есейген сайын әкесіз өсіп жатқан балаларым үшін алаңдаймын. Әкем де осы үшін уайымдап бітті. Қазіргі өмірімнің мәні не екенін де білмеймін. Жұмысым бар болғанымен, тапқан табыстың да берекесі жоқ секілді...

Керім Ақылбеков, Қарағанды қаласы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста