Оны құлай сүйсем де, таяғына шыдай алмадым

Оны құлай сүйсем де, таяғына шыдай алмадым

 Мен өз өмірімнен кішкене сыр шертейін. 19 жасымда дүкенде сатушы болып жұмыс жасайтынмын. Жігітпен жүрмеппін. ешқашан түнг клубтарға да барып көрген емеспін. Өйткені қызықпайтынмын. Қыздармен пәтерде тұрсақ та қасымдағы қыздардың əдеті жағымсыз көрінетін. Мені əжем өсірген. Кемпірдің тəрбиесін алғаннан ба артық селтеңдеуге құлқым болмайтын. Оқитынмын,əрі жұмыс. Сол жасқа дейін тек бір рет қана жігітпен кездесуге шыққанмын. Қоймай телефоныма хабарласып жалынып бір жігіт кездесуге шақырды. Демалыс күні болатын. Жарайды деп паркке бардым. Барсам қарсы алдымда өзбек жігіт тұр. Бұған дейін көрмегенмін ол жігітті. Телефонда қазақша сөйлегенге қазақ деп ойлағанмын. Содан онымен сөйлескім де келмеді, кері бұрылдым да кеттім. Ол соңымдан еріп келе жатқан таксиге міндім де кеттім. Шыны керек маған қазақ жігіті ұнайтын. Оны төмендеткенім емес. Тек жаным қазақ жігітін қалайтын. Содан бері талай жігіт кездесуге шақырды. Қаламадым, бармадым. 

Бір күні дүкенге бір əйел келді. Ананы-мынаны сұрап жанымда біраз тұрды. Жасымды, руымды т.б жеке өміріме қатысты сұрақтар қойды. Ертесіне бойы ұзын, ақ құба жігіт келіп тұр. Ол да анау-мынау деп сауда жасаған болып кетті. Кеш болып үйге қайтуға асығып жиналып сыртқа шықтым. Əлгі жігіт тұр. Біртүрлі екен танымайтын адамның сені күтіп тұрғаны. Содан ол мені шығарып салғысы келетінін айтты. Мен үндемедім, ол да үнсіз жанымда еріп келеді. Сөйтіп күнде маған келіп тұратын болды, телефон арқылы сөйлесіп тұрдық. Сөйтіп жүргенде бір-бірімізді ұнатып, бауыпр басып, отбаын құрдық. 
 Баста қызық болды бəрі. енем де бəрі-бəрі керемет еді. Содан бір күні қайынапкеммен манты түйіп отқанбыз. Əнгіме арасында күйеуімнің бұрын үйленгенін, қызы бар екенін айтты. Таң қалдым. Не айтарымды білмей састым. Қайын əпкем де ыңғайсызданып ақталып кешірім сұрап кетті. Ештеме емес білгенмін дедім да қойдым. Кешке куйеуім жұмыстан келді. Тамағын беріп бөлмеге кіргенде жəйлап сұрай бастадым. Ол кешірім сұрап,  айтқысы келгенін бірақ мен тұрмысқа шықпай қоя ма деп қорыққанын сосын айтпағанын айтып ақталды. Шыны керек мен қатты қобалжымадым. 
 
Күйеуім басым ауырады деп жиі айтатын және басы ауырғанда ештеңеге зауқы болмай жатып қалатын. Әр адамның мінезі болады ғой. Оның да мінезі болды. Басы ауырғанда қатты ашуланатын. Бірақ басы қойса одан жаксы адам жоқ. Маған махаббат жайлы көп өлеңдер шығарып беретін. сүйетінін айтып қайталай беретін. Мен қатты жақсы көрдім. 
Бірақ кейінгі кезде басының ауыратыны жиілеп, қатты ашуланып, тіпті қол көтеретінді шығарды. Онысын тек басы ауырғаннан ғой деп мəн бермедім. Басы ауырғаны күшейіп кетті, тексерілуге барғысы келмейді. Оның басы қашаннан бері ауыратынын қайынапамнан сұрасам, ол  11 сынып оқып жұргенде 5 қабаттан құлағанын айтты. этажды домнан құлаған екен. Содан бері бсы қатты ауыратын көрінеді. Кейін білдім, бірінші əйелін көп ұрғаны үшін кетіп қалыпты. Келе-келе мені де жиі ұратынды шығарды, артынша кешірім сұрап құшақтап жұбатады.Сөйтіп жүріп бала көтерд. Ол ашуланғанда жүкті екеніме қарамай аямай ұратын. Бірақ қанша таяқ жесем де балам түсіп қалмады. 7 айлық кезінде тым қатты ұрып тастады. Аузым қанап басым айналып кетті. Ішімді ұстап бүгіп отырып қалдым. Тұруға шамам жоқ. Ұрмашы деп жатырмын, бірақ даусым шықпайды. Сосын киімдерімді жинадым да кетпекші болдым, ол жібермей құшақтап тұрып алды.  Өмірімде төркініме жылап барған емеспін. Бұл ең алғашқы жане ең соңғы ұрсысып барғаным еді. Əкем узи-ге түсуге акша т.б жағынан көмектесті. Тексерілдім, бала сау деді. Бірақ ішімде күдік ба,р 7 ай бойы соққы алған бала ғой деп Аллаға жалбарынумен болдым. 9 ай толғанда босанып, қызды болдым. Күйеуім кешіріп сұрап келді, бірақ мен оған сене алмадым, басы ауырған кезде қызым екеумізді өлтіріп қоя ма деп қорықтым.  Сол бойы ажырасып кеттік. Кейде оның бірініш әйелі маған хабарласып тұрады, ыздарымыз да кездесіп тұрады. Қазір қызым 2 жарымда. Менен соң үйленді деп естідім əкесін. Осы күндері маған жазып хабарласып жүр. Алған əйелі мінезді екенін сырттан естіп жатырмыз. енеме де атаға да қарамайды екен. Қыздың əкесі мені сағынғанын айтады, жалынады. көргісі келетінін айтады. Мен де оны сағынсам да, кездесудцің енді мәні жоқ деп ойлаймын. Хабарласса, жауап бермей жүрмін. .Бірақ расын айтсам, мен одан баска ер адамды қабылдай алмайтын сияқтымын. Керек емес те сияқты өзге ер адам. Өзге еркекпен сөйлесу жиіркенішті сияқты. Не істерімді білмеймін, ары қарай қалай өмір сүрсем екен. 
Аноним 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста