Назымның оқиғасы

Назымның оқиғасы

Назым дәрігер болуды армандайтын. Мектеп түлегі атанып, енді жоғары оқу орнына түсуге Семейден Алматыға келген.

Шашын тоқпақтай етіп желкесіне түйген, дене мүшесі құлындай 16 жастағы қыз құжаттарын тапсырып, жанындағы өзі сияқты абитуриент құрбысымен көк базардағы асханаға кіреді.

Күйеуге ерте шықты
Әңгімелесе кірген екі қызға тамақтанып отырған екі жігіттің назары бірден ауды. Әскери киім киген жігіттерге қыздар да бұрыла қарады. Сол күннен бастап Марат пен Назымның достастығы нығая түсті. Марат Назымды күннен-күнге жақсы көре бастады. Алматыдағы іссапары аяқталар уақытта Марат өзінен он жас кіші Назымды алып қашуға бел буды. Себебі, ендігі өмірін онсыз елесте алмайтынын түсінді.
Сөйтіп, арман қуып Алматыға келген жас қызды жолдасының көлігімен Түркістанға жақын Бөген деген ауылға бірақ алып келді. Кафе, мейрамхана, мереке-қыдыру сияқты жастық шақтың қызықтарын көріп үлгермеген қыз келін атанып шыға келді, оқуға түспеді. Бірер жылдар ішінде жас отбасы екі ұлды болды. Мараттың қызметі өсіп, Қызылорда қаласына көшті. Әскери бөлімше жас отбасына екі бөлмелі пәтер беріп, бақытты күндер жалғаса берді. Біреуден артық, біреуден кем отбасы он жылды артқа тастады. Үлкен ұлдары Бөгенде, Мараттың ата-анасының қолында оқиды. Мараттың бұрынғысынша іссапары көп. 10-15 күн үйде болмайды.
Күдік

Бірде кезекті сапардан келгенде бір жолдасы Назымды саунадан бір жігітпен шығып бара жатқанын көргенін айтады.

– Мүмкін емес, сенбеймін!

– Не қылам, өтірік айтып? Сенін әйелің деймін!

Кеудесіне толған күдік сейілер емес. Үйіне келгенде де сүйіп қосылған әйеліне көз салса, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Қарап отырса, қазір Назым небәрі 26 жаста екен. Балалы болған соң өңі ашыла түсіп, дене бітімі де сұлуланып кеткендей. Әйеліне тамсана көз салып, жамандыққа қимай, “көзіммен көрмеген соң неғылам, бекер ұрыс шығарып”, деді де қойды Марат.

Бірнеше күн өтті. Кішкентайы мектепке кеткесін екеуі таңғы астарын ішіп отырған. Үй телефоны шылдырлай жөнеліп, Назым тұра жүгірді. Дәл сол сәтте үстел шетінде жатқан Назымның ұялы телефоны да тыз ете қалды. Көрейін деп қолын созды да, қайта тартып алды. Ұялды.

Бірақ, әлгі досының айтқаны есіне сап ете түсті де, әйелінің телефонына үңілді.

“Жаным, сені сағындым. Не істеп жатырсың? жаным, жаным”, – депті Сер деп қысқаша жазылған есім.

Марат сенер емес, қаны басына шықты, өңі сұрланып кетті. Сол кезде ас бөлмеге кірген Назым Мараттың қолындағы ұялы телефонын көріп, бірден түсіне қойды. Сонда да демін ішіне тартып, “Не болды, кім, не жазыпты“,-деді.

– Кім мынау?

– Сәулені білесің ғой, соның жігіті ғой, Сәулеге жазып жатқан. Оның ұялы телефоны сынып қалып, үйге келгенде менікінен хат жіберген болатын.

– Өтірік айтпа Назым!

– Рас айтам, сенбесең звонда, сұра!

Марат Назымның дөңгеленіп кеткен көздерінен қорқыныш сезімін байқағандай болды. Бірталай жерге барып ұрсысты. Шартпа-шұрт ұрыстан соң келесі күнді де екеуі үндемей өткізді. Бірнеше күннен соң Марат кезекті іссапарына кетті.

Ащы шындық мынадай еді
Бірнеше жыл үйде баламен отырған Назым соңғы жылдары жалыға бастаған. Бірде күйеуі іссапарда болғанда құрбысы Сәуле кафеге барайық деп қоймаған. Ұлын көрші әйелге қалдырып, боянып-сыланып, тәуірлерін киіп, екеуі кафеге кетті. Содан бастап жиі кафелететін болды. Сыра ішіп, темекіні бұрқыратып отырған екі қыздың бірін бірде Серік атты жігіт биге шақырып қоймаған. Сумаңдаған базарком жігіт Назымға білген комплименттерін аямай, іші-бауырына кіріп, жақындауға тырысты. Осылайша бірде түннің жарымында Назым Серікті үйіне ертіп келді. Күйеуі үйінде болмайтын “басы бос”, қылықты келіншектің қызығын Серік көріп жүрді.

Көңіліне күдік ұялаған Марат іссапарда дұрыс жұмыс істей алмады. Ойының бәрі үйде, әйелінің тостағандай көзі, сөздері есінен кетер емес. Ойға шомып, жынданып кете жаздады. “Бұлай қызғаныштан қиналғанша барып сөйлесіп, ұрсыспай әңгімелесіп, біржолата дұрыс жауабын естиін”, – деп ойлады да, іссапарының төртінші күні сұранып кетті. Түнгі пойыздан түсе сала, таксилетіп келіп, асыға үйіне кірді.

Өздерінің төсегінде Назым саны жалтырап, тыр жалаңаш бір еркектің астында жатыр. Қолдарымен әлгіні қапсыра құшақтап алған, арқасын сипап қояды. Қымсынар емес. Ыңырсып, жаным дейді. Өзі керемет ұнататын ұзын, қара, қою шаштары былғанды… астында… тапталды…

– Назым!

Оқыс шыққан дауыстан екі ойнас жасап жатқан шаруаларын дереу тоқтатып, бастарын күрт көтере есікке қарады. Назым үрейленген көздерін Маратқа қадап, ләм-мим деуге шамасы келмеді.

Мараттың кеудесіне өксік, көзіне жас толды. Жүрегі айнып, лоқсып алды. Сол сәтте өзіне қол жұмсағысы да келді. Назымды ұрғысы келді, “жоқ ананы ұру керек”, – деп ойлады. Үйден қалай атып шыққанын білмейді, көзі қарауытып кетті. Қатты ашуы келді, өмірінің мәні, ошағының жылуы Назым еді ғой. Дәл осы сәтте не істеу керектігін білмеді.

Ал Назым аз уақыт аралығында бауыр басып, “сүйіп қалған” жігіті өзін Марат сияқты сүйеді деп ойлады. Әркез сыйлықтар әкеліп, қуантып, өзі басқан ізін сүйіп, қажет кезде қорғанышы болып, өзін асырап, еркеліктерін көтеріп, балаларын жақсы көріп өтеді деп ойлады.

Бірнеше апта ішінде Мараттың қандай күйде болғанын айтып жеткізу қиын. Көзі шүңірейіп ішіне түсіп, азып-арыды. Ашушаң, өмірден түңілген. Міне, ажырасу үрдісі де басталды. Марат көзіне шөп салып, отбасы деген қасиетті ұғымды аяқасты еткен әйелге балаларын бергісі келмеді. Бірақ бірер айдан соң кіші ұлын Назымға қайтып берді. Одан кейін Назым Семейге төркініне кеткен болатын.

Қазір базарда сауда жасап жүргенін естідік таныстардан.

Сол оқиғадан кейін міне, алты жыл өтіпті. Марат бір қызы бар, университетте сабақ беретін өзінен бірер жас кіші Құралай деген келіншекпен көңіл қосып, үйленіп кетті.

Аяжан Төрехан


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста