Мен бөлеме ғашықпын...

Мен бөлеме ғашықпын...

Басқа басқа қазақ бөлесіне тұрмақ, алыс туысқанына ғашық болмайды емес пе, ғашық болуға қақысы да жоқ. Қазақ болып туғаннан кейін бөлеңе ғашық болудың өзі ұят. Ал мен бөлеме ғашықпын. Ия, ия туған бөлеме өлердей ғашықпын. Онсыз өмірімді елесте алмаймын. Онсыз өмірімнің мәні де, сәні де қалмағандай. Қысқасын айтқанда, мен оны ойламаған күн де, түн де жоқ. Оған деген ғашықтық сезімім сонау 4-ші сыныпта оқып жүргенімде оянғаны есімде. Міне одан бері арада 16-17 жылдай уақыт өтіпті. Сондықтан мен «Алаш айнасы» интернет-газетіндегі «Отбасы ошақ қасы» айдарына мына жазбамды жолдап, сіздерден көмек сұраймын. Ау, халайық! маған сіздерден көмек керек.

Егер сіздер маған бұл тығырықтан алып шығар жол көрсетпесеңіздер өз өзіме қол жұмсаймын. Солай істеймін де. Рас айтамын. Егер сіздер менің жақындарым секілді пәк махаббатыма тыйым салатын болсаңыздар, мен өмірмен қоштасуға дайынмын. Мен одан басқа жанды бұл өмірден кездестірген емеспін, кездестіре алмайтыныма және сенімдімін. Кейде ойлаймын егер мен өзімізге менталитеті жақын ұйғыр, не болмаса өзбек болып туылғанымда ғой бұл проблема жартылай шешіліп қойылар ма еді деп. Жалпы ұйғырлар балаларын өзге ұлтқа түгілі, бейтаныс ұйғырға да бермеуге тырысады екен. Олар керісінше (ұлы болсын, қызы болсын) бөтенге емес, өзіміздің жақынға барсын деп, жиендері немесе бөлелерімен үйлендіруге тырысатынын естіп, қатты қызыққаным бар. Ал, мен қазақпын. Сол себепті кейде қазақ болып туылғаныма өкінемін. Бұл өмірде мені тек үлкен жеңгем ғана түсінеді. Сол кісі ғана маған үнемі қолдау білдіріп, тығырықтан шығудың түрлі жолдарын айтып, кеңес беріп тұрады. Қайтсін енді оның да үш қызы бірінен соң бірі бой жетіп келе жатыр ғой. Бөлеме ғашық екенімді анам, сіңілім, барлық жеңгелерім мен бауырларым да біледі. Және олар мені есінен алжасқан, бейшара деп қабылдайды. Бірде сіңілім екеуміз ұрсысып қалғанымызда ол буынсыз жерге «пышақ салып» мен туралы кімнің не ойлайтынын бүге-шүгесіне дейін жайып салғаны бар. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын бірақ олардың әрқайсысының мен туралы не ойлайтынын сізде біле отырыңыз... Мәселен, нағашы апам мені ант бұрған бәлекет десе, кіші жеңгем адам болып туылмауы керек еді, ал сіңілім жолы болмаған «неудачница» деген ат таңып берді. Осы сөздерді естіген күннен бастап, үлкен жеңгемнен басқасынан көңілім суыған. Және олардың сөздік қорында «сезім» деген сөздің жоқ екенін ұқтым. Ал анам ол жайында осы күнге дейін ештеме айтқан емес, айтқысы да келмейді.

Биыл 29 жасқа толған Асхат бөлемнің 3 жасар қызы бар. Келіншегі де жаман адам емес. Үйіне бара қалсаң жаны қалмай күтіп алады (әрине ол бұл мәселеде хабарсыз). Ал, Асхат болса менің оған деген асыл сезімімнің бар екенін іштей сезеді. Сезеді деймін-ау, ол оған сенімді де. Себебі оның да маған деген көңілі алабөтен. Және ол екеуміздің бөле болып туылғанымызға өкінетіндей. Кейде ол да қазаққа ғана тән «заңға» қарсы шығып, менімен оңаша қалғысы келетіндей. Ал нақты байқаймын соңғы уақытта оның үйіне бара қалсам болды, әлдебір нәрсені сылтауратып, сыртқы шығып кететін болып жүр. Ол да мен секілді бұл тағдырға төзе алмай жүр-ау шамасы деп топшыладым. Білуімше, оны тек қазақы болмысы ғана ұстап тұрғандай. Сол себепті болар соңғы күндері ол менен қашқақтап жүр. Ал менің жүрегім сыздап, жарыларға шақ қалды.

Кезінде Асхат түскен университеттегі заң факультетіне бір жылдан кейін мен де түскенмін. Қазір екеуміз де өз мамандығымыз бойынша, ол прокурор, ал мен жекеменшік фирмада заңгер болып жұмыс істеп жүрміз. Осы күнге дейін көңіліме медеу болып келгені екеуміз кей күндері жұмысты сылтауратып, кездесіп, кеңесіп тұрғанымыз.

Әлі есімде, студент кезімде Асхат мені кафеге шақырып, достарымен таныстырғаны, отырыс барысында оның ән айтқаны, билегені, артынан екеуміз оңаша қалып алғаш сүйіскенім. Сол сәтті әлі күнге аңсаймын. Сол күн қайта оралса жанымды беруге әзірмін. Бұл менің шын сөзім...

Қазір мен әке-шешемнен бөлек, жалғыз өзім пәтер жалдап тұрамын. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ. Қысқасы ессіз махаббаттан басқаның бәрі бар. Тек қинайтыны соңғы айда Асхаттың әр айтқан сөзі, көзінің қиығымен қарағаны, әр қимылы түсіме сериалдағыдай үзік үзік болып күнде кіретін болды.

Үлкен жеңгем бірде: «Сен осы қалыпта жүре беретін болсаң, құрисың. Егер батылың жетсе, ебін тауып Асхатпен жат та, бала тауып ал. Сені құтқаратын сол бала ғана болады» деді.

Сіз не кеңес бересіз құрметті оқырман!

Автор: Сая, Алматы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста