Кісі ақысын жегеннің пейілі тарылады

Кісі ақысын жегеннің пейілі тарылады

Қайырлы күн,  сайт ұжымы!  Ішімдегіні шығару үшін сіздерден басқа ешкімді  таба алмадым.  Есімім - Закира. Жамбыл облысының тумасымын.  Жамбылда  жұмыс реті болмай, Алматыға келгелі  жеті жыл өтті.  Бар жерде жұмыс жасадым. Асхана қызметкерінен бастап, кеңсе қызметкеріне дейін. Алла берген төрт балам үшін кез-келген жұмысты жасаймын. Арланбаймын. Балаларымның тамағынан арам ас өткізбесем болды.

Сол соңғы қызметімдегі басшылықтың беті қалыңдау болды. Жұмысқа итше жегіп, табан ақы маңдай терімді  бермей қор қылды. 

Кейбір санасы-соқыр, көңілі-нас бастық сымақтар кісі ақысын жеп, өз  қарагөздерінің еңбегін қанап, қай пұшпаққа шығам дейді?  Болмасты əңгіме етіп, кірлемегенді кірлетіп, болмағанды болдырып, заңды жұмысқа тұрсақта тапқан  табысымыздан тартқылап қалуды əдет қылды. Əдеті- отыз пайыз ұстап қалу. Өзгермейтін қағида. Əр айда солай. Көндіккендер көндікті. Көндікпегендер жұмыстан кетті. Адамдық қайда? Əрбір үйде шикі өкпе балалар бар емес пе? Олардың аузынан жырып, олардың ырызығына қалай ортақ болуға болады? Жетісіп жүрмегеніміз көрер көзге аян емес пе? Жұмыссыз қалмас үшін ғана өзімді қинап жүрмін. Ай сайын бір себеп тауып,  бірдеңе сынбаса да қысқартулардың бітетін түрі көрінбейді. Жеке меншік жұмыс орны болған соң айлығымызда əрқилы болатыны да  түсінікті ғой.  "Белі ауырмай тапқан ас қорытылмай қалады, кісі ақысын жегеннің пейілін тəңір алады.  Демесін пенде адасып, арам ас бойға жағады. Арамдық жасап алданба, Бір күні сұрақ болады-деген Бұқар бабамыздың сөзін іштей күбірлеп қоямын.  Адамдығын тірідей өлтіріп, теңге деп талтаңдап жүргендер менің сөзімді қайтсін?!


 el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста