Енем ұлын қызғанып мені дуалап тастады: Қызылорда облысының тұрғыны 10 жыл тату тұрған күйеуімен ажырасып кеткенін айтты
Қызыорда облысының тұрғын Жарқын Бипенова өзінің дуаланғанын айтып көмек сұрайды. Жолдасы екеуінің ажырасуына, отбасының бұзылуына енесін кінәлаған келіншек басынан өткен оқиғасын айтты.
Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.
Жарқын Бипенова 10 жыл бірге тұрған күйеуімен ажырасып кетті. Сүйіп қосылған жолдасы екеуінің арасы аяқ астынан суып, шаңырағы шайқалған. Бір ұл, бір қызы заңды түрде анасына берілгенімен, күйеуі зорлықпен көрсетпей келеді.
“Жолдасым екеуміз жақсы тұрғанбыз. Ол мені бір баламмен алды. Бірінші балам басқадан. Ол 8 айында мүгедек екенін білдік. Оны анам бақты. Оған берілетін мүгедектік жәрдемақыны да анам алады. Жолдасым негізі жақсы адам. Бірақ анасының сөзіне ереді. Анасы мені жамандаса, ұрады. Енемнің өзі ұрған кезі болды. Солай ажырасып кеттік. Мені алдап ауруханаға жатқызбақ болды. Мен қашып кеттім. Заңды түрде балалар менімен болу керек. Бірақ маған бермей жүр”, – деді ол.
Айтуынша, өзін алдап психикалық диспансерге жатқызған. Менің жүйкем ауырмайды, денім сау деген әйел өзінің дуаланғанын айтады.
“Мені енем дуалады. Бөлек кетпесін, малай болып жүрсін деді. Мені ұлымның ақшасын ұстап қойды деп қызғанады. Бізді ажырасу үшін істеді. Киімдерім, іш киімін мен суреттерім жоқ болып кетті. Оның бәрін енем істеді деп ойлаймын”, – деді кейіпкер.
Қырғызстандық миллиардер үлкен қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады
"Мені тыр жалаңаш көшеге қуып жіберді": Түркістандық келіншек депутат күйеуінің жасырын екі тоқал алғанын айтты
Жарқынның өз анасы да құдағиы мен күйеу баласының жалған сөйлейтінін айтты. Енесінің келінін ұрып-соғып, күн көрсетпегенін жеткізді.
“Қызым он жыл шыдады. Ешқандай адам олай шыдамайды. Қызымды жынды қылып көрсетті. Алдап ауруханаға өздері жатқызған. Қағаз алып алған. Бір сөзіне де сенбеймін. Қызыммен қайта қосылғанын қаламаймын. Бізге балаларымыз керек”, – деді ол.
Ал Жарқынның ажырасып кеткен жолдасы Алматтың айтуынша, ол әйелін тек емдетуге тырысқан.
“Ауруханаға апарғанда әйелім қорқынышты түстер көретінін айтқан. Күйзелісте жүрген екен. Дәрігер оның бала босанған соң күйзеліске түсіп кеткенін, дер кезінде емдеу керек екенін айтты. Содан кейін біз оны психикалық диспансерге жатқыздық. Ол өзі ауырып жүрді. Аурухаға барайық десең бас тартады”, – деді Алмат.
Жақында әйеліне бірге болайық дегенімен Жарқын тек балаларды сұрап отыр. Алматтың анасымен бірге тұрғысы жоқ.
Ал Роза есімді көріпкел Жарқынның ішінде жын жоқ екенін, алайда сыртынан дуаланғанын айтады.
“Оны аласа бойлы, толық әйел сыртынан дуалаған. Бетіне күліп жүреді. Көп сөйлейтін әйел. Оны арқасынан дуалаған”, – деді ол.
Алайда бағдарлама сарапшылары адам баласы көріпкелге емес, молдаға бару керек екенін айтты. Адам бойында жын болса, ол Құран сүрелер арқылы анықталып, сүре арқылы қайтарылады деп сенбеді.
Жарқын Бипенованың ісін арнайы комиссия мен мамандар тексеріп жатыр. Оның балаларының тағдыры алдағы уақытта заңға сәйкес шешілетін болды.
stan.kz