Достың сатқындығы сүйгеніңнің сатқындығынан да ауыр екен...

Достың сатқындығы сүйгеніңнің сатқындығынан да ауыр екен...

Өткенде әлеуметтік желіден достықтың қандай ұлы қасиет екенін ұқтыратын әңгімені оқыдым. Сөзбе сөз есімде жоқ. Әңгіменің нобайы былай: Бір жігітке біреулер хабарласып, «бүгін сағат 15:00-де пәлен жерге кешікпей кел әкеңді кім өлтіргенін білесің» дейді. Одан кейін сүйген қызы хабарласып, «сағат 15:00-де мына жерде кездесейік, аса маңызды мәселе болып тұр» дейді. Артынша, досы хабарласып, «15:00 де жет, басыма іс түсіп қалды» дейді. Жігіт үшін үшеуі де маңызды еді. Сондықтан ол қандай шешім қабылдауды білмей, анасынан ақыл сұрайды. Анасы «өлген адамды енді қайтара алмайсың, оны кім өлтіргені аса маңызды емес. Егер сүйген қызың сені түсінбесе, онда басқа қыз табылар, ал шын дос табу қиын. Сондықтан досыңа бар» дейді. Анасының ақылын тыңдаған жігіт досы айтқан жерге барады. Сол сәтте алдына көлік келіп тоқтайды. Қолына жігіттің әкесін өлтірген кісі туралы мағлұматтарды ұстап, көліктен досы мен сүйген қызы түседі. Жігіттің досқа деген адалдығына сүйген қызы да, досы да дән риза болады. 

Осы бір әңгімені оқып отырып, жоғарғы оқу орнында бірге оқыған жолдас жігіттің досының сатқындығы туралы айтқаны есіме түсті. Жігіттерге ой салар деген үмітпен сол оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарының назарына ұсынып отырмын. «Біз Қасыммен бала кезден бірге өскен дос едік» деп Назар әңгімесін бастады....
«Мектепке де бірге бардық. Бір партада отырдық. Қасым жастайынан сабаққа алғыр болды. Мен де одан қалмауға тырысатынмын. Жоғарғы сыныптарда оқып жүргенде, түсінбеген сабақтарды маған жалықпай үйрететін. Кешкі уақытта да бірге қыдыратынбыз. 10 сыныпта оқып жүргенде 9 сыныпта оқитын, жұбы жазылмайтын қос құрбыға екеуміз сөз салдық. Қасым Назыммен достасты да, мен Айгүлмен дос болдым. Көп ұзамай достығымыз сүйіспеншілікке ұласты. Енді төртеуміздің жұбымыз жазылмай жүретін болдық. Би кештері, туған күн кештерінде үнемі бірге боламыз. Біздің арамыздағы қарым-қатынасты мектеп қана емес, бүкіл ауыл білетін. Ата-аналарымыз да қарсы болған жоқ.
Мектепті бітірген соң Қасым екеуміз де заңгер мамандығын таңдадық. Университетке құжатты бірге тапсырдық. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген Қасым барлық емтиханды үздік тапсырды. Мен де барлық емтиханды тапсырдым, бірақ көрсеткішім төмендеу болды. Сол себепті конкурстан өте алмай қалдым. Қасым студент атанды да, мен әскерге кеттім. Келесі жылында Назым мен Айгүл де мектепті бітірді. Назым мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Мәскеудегі жоғарғы оқу орындарының біріне түсті. Ал Айгүл мұғалімдік мамандығын таңдап, Қасым оқып жүрген қаладағы оқу орындарының біріне оқуға қабылданды. Сүйіктім Айгүлден де, достарым Қасым мен Назымнан да үздіксіз хат келіп тұрды. Туған туыстан да, мектепте бірге оқыған сыныптастардан хат үзілмейтін.
Әскерден қайтуға жарты жыл қалғанда, мектепте бірге оқыған сыныптас қыздардың бірінен «Қасым мен Айгүл жүріп жүр» деген хат келді. Жүрегіме біреу ине сұққандай болды. Сенерімді де, сенбесімді де білмей дал болдым. Бала кезімізден бірге өскен досымның мені сатып кеткені ме? Айгүл қалай мұндай әрекетке баруы мүмкін? Бұл әңгіменің шын өтірігін кімнен сұрап білуге болады? Бұл жайлы Қасым мен Айгүлден сұрасам, ол өтірік әңгіме болса, досым мен сүйгенімнің көңіліне қаяу түсіріп алмаймын ба? Сансыз жауапсыз сұрақтар... Дегенмен мән-жайды білу керек. Ойланып, ойланып, мектепте бірге оқыған сыныптас жігіттердің біріне шындықты бүкпей айтуын өтініп хат жаздым. Бір жарым айдан кейін әзер жеткен жауап хатта сыныптасым «өз көзіммен көргем жоқ, бірақ ауылға бірге келіп, бірге кетіп жүреді. Жұптары жазылмайды. Елдің бәрі екеуі жүреді екен деп жүр» депті. Сыныптасымның сыпайылап айтқан сөздері ол әңгіменің растығына көзімді жеткізді.
Отан алдындағы борышты аяқтап, елге жол тарттым. Пойызбен қалаға дейін барып, одан әрі ауылға автобуспен жетем. Жол солай. Келе жатқанымды Қасым мен Айгүлге де хабарлағам. Пойыз келіп тоқтағанда, олар перронда күтіп тұрған екен. Екеуінен де бұрынғыдай, ашық-жарқын мінез байқай алмадым. Кінәлі жанарларынан бәрін де ұқтым. Енді ештеңе сұраудың да қажеті жоқ екенін түсіндім. Олар да ештеңе демеді. Осылай сөзсіз ұғыныстық. Автобусқа отырғалы жатқанымда Қасым мен Айгүл де ауылға менімен бірге бармақ екенін айтты. Бірақ, мен «қажет емес» дедім. Онсыз да не істерін білмей тұрған бұрынғы сүйіктім мен досым селтиген күйі тұрып қалды. Өздерінің кінәсін сезгенді ме, әйтеуір, ұзап бара жатқан автобустың соңынан қол бұлғауға да шамалары келмеді.
Солай, бір күнде досымнан да сүйгенімнен де айрылдым. Екі жылдан кейін Қасым мен Айгүл шаңырақ көтерді. Тойларына мені де, Назымды да шақырды. Реніштің бәрін ұмытып, тойларына барайын деп ойлағам, бірақ бір күш жібермей қойды. Кейін естідім, Назым да ол тойға бармапты. Сол жағдайдан кейін біздің достығымыз мәңгіге ажырады. Кейін оқуға түсіп, басқа өңірдің қызына үйлендім. Назым да көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шықты. Назыммен қазір де араласып тұрамыз. Қасым мен Айгүл оқу бітірген соң қалада қалды.
Сүйгенімен ажырасып кетіп жататындар қаншама?! Әрине, сүйгенінен айырылу оңай емес. Десе де уақыт өте ұмытылады. Сондықтан болар, Айгүлдің ісін кешірген сияқтымын. Бірақ достың сатқындығы жүректе жазылмас жара болып, мәңгіге қалды екен. Содан да болар, досымның әрекетін кешіре алмадым. Әрине, Қасымның да, Айгүлдің де ісі сатқындық. Бірақ сүйген қыздың сатқындығы достың сатқындығының қасында ештеңе емес секілді?!»

Асылбек Хамитов

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста