Алғашқы сүйісудің әсерін екі рет кешуге болмайды

Алғашқы сүйісудің әсерін екі рет кешуге болмайды

Ах, ол лүпілдеген, епсіз алғашқы сүйісу! Біреулерде ол бала бақшада бетке, біреулерде мекетепте – шыны ойыны барысында, біреулерде алғашқы қарым қатынастармен болған. Алғашқы сүйісудің әсерін екі рет кешуге болмайды. Дәл сондықтан оның әсері көптеген жылдарға есімізде қалады. Біздің репортаждың кейіпкерлері бізбен өздерінің ең қымбаттары – ең алғаш сүйісудегі әсер және сезімдерімен бөлісті.

Анвар Джураев, 36 жас. SAHAR тобының солисті

– Менің алғашқы сүйісуім қазіргі есеппен айтарлықтай кеш – 17 жасымда болған еді. Біз түлектер кешін жақсы атап өткіздік, оның соңында мен маған өте қатты ұнайтын сыныптас қызды сүюге шешім қабылдадым. Оның есімі менің есімде, бірақ атамаймын. Тілекші, әрине мен болдым: біз серуендеп жүрдік, мен бос оңашалау жер таптым, сол жерде біздің алғашқы сүюісуіміз болды. Ол менің күткенімнен де – асып түсті. Мен әлі күнге дейін өзімнің сезімдерімді білемін: одан кейін бір апта бойы мен ұшып жүрдім десе де болады. Ол кезде сүйісу сондай үлкен күшке ие, сүйісу үйленгенмен тең болатын. Ол бір ғажап, төсек қарым қатынастарынан да салмақты мағынасы бар еді. Өкінішке орай, ол оқиғадан кейін біздің арласуымыз дамыған жоқ. Біз кішкене уақыт кездесіп жүрдік, кейін мен басқа қалаға көшіп, сезімдеріміз жоқ болды. Қызға сүйісу ұнады деп ойлаймын, бірақ ол бәрібір басқа адамға күйеуге шықты! – деп күледі әртіс.

Айнұр Есенжолова, 20 жас. Студент

– Менің алғашқы сүйісуім оныншы сыныптың соңында 16 жасымда болған. Ол маған сыныптас болатын алғашқы махаббатым – Айбекпен өтті. Біздің сүйіс кездесіп бастағаннан бір ай өткенде болды. Ол кішкене күлкілі және епсіз сәт болатын, өйткені мен әрқашан романтикалық фильмдерді көру барасында үлкендер сүйіскенде бастарын шайқайтынын көретінмін. Және мен солай жасау керек екен деп ойладым! Ол мені сүйген кезде, мен әр миллисекунд сайын басымды шайқап тұрдым, ол мені тоқтатып, олай жасау керек еместігін айтты! Мен қызанақ секілді қып қызыл едім! Менің алғаш сүйісім дәл осы адаммен өткендігі үшін өте қуаныштымын. Бұл өте ерекше еді. Адамдар іште көбелектер ұшып жүр дегенде олардың рас айтатынын түсіндім! Бірінші сүйісуден қалған әсер – адамның қартайған шағына дейін есінде қалатын ең ұмытылмасы деп ойлаймын. Және ол қарым қатынастар қалай болсын аяқталса да сен оларды күлкімен еске аласың, – деп қортындылайды Айнұр.

Dentsu Aegis Network Kazakhstan коммуникациялық топ агенттіктерінің басқарушы директоры, «Mediaгрех» кітабінің авторы.

– Мен үшін алғашқы сүйісу – ол айырылысу символы мен ебедейсіз тәжірбие. Бәрі мен он төрт жаста болғанымда өтті. Ол менен бір сынып жоғары оқитын және менің ең алғаш нағыз махаббатым тұғын. Біз бірге көп уақыт өткізетінбіз. Қол ұстасып жүретінбіз, оның портфелін арқалайтынмын, Буратино алып беретінмін бірақ ең бастысы үшін іс еш жетпейтін. Танысудан кейін маған күтпеген жаңалық айтты. Мен Ұлыбританияға ұзақ оқуға кететін болдым. Ол кезде мүмкіндік бар еді. Біз танысқаннан бері бірде бір рет сүйіспеген едік. Мен ұялшақ жігіт едім, менің досым да оқиғаларды асықтырмайтын. Ұшудың алдында мен Иринаны үйіне шығарып салдым. Кірер есіктің алдында тұрып, ұзақ сөйлескеніміз есімде. Сол уақыт ішінде менің басымда бір ғана– мен оны қашан сүйіуім керек ойы болатын? Тәжірбием жоқ қой. Оған сағынатынымды, хат жазып тұратынымды айттым. Ол подъездке кіре бастағанда, мен қазір мүмкіндігімді жіберіп алсам, ешқашан оны қайтара алмайтынымды түсіндім. Сол кезде мен оны шақырып, өзіме қаратып, сенімсіз сүйдім. Менің беттерім жанып тұрды, қысылып қалдым, барлық нәрсені дұрыс жасамадым деп ойладым. Балаша, сыпайы бірақ шынайы болды. Мен сол сәтті жиі есіме түсіремін. Әр алғашқы сынақ бағасыз. Бұл ең жарқын және қайталанбас әсерлер, – деп бөлісті Виктор.

Люся Яркова, жасы: Жер планетасынан кем. Радиожурналист, тележурналист

– Сіз білесіз бе менің алғашқы сүйісуім балабақшада болған, бірақ менің есімде ол мүлдем жоқ. Алғашқы саналы сүйіс әсерлі емес тұғын, сондықтан мен оны есімде сақтамаған шығармын. Тағы мен қызанақта сүйісуді үйренетінмін, өйткені барлығын керемет жасағысы келетін перфекционистка едім. Қызанақтың қандай сезімдері болғандығын білмеймін, бірақ мен сол кезде томатты шырын іштім. Алғашқы сүйіс жайлы менің өз ойларым бар: менің оның Ғаламшармен болатындығына сенемін. Құдай адамға дарын бергенде ол оны сүйеді деп жатады ғой. Менің сүйісім Құдаймен болғанын қалаймын. Мүмкін ол сүйіс болып қойған, немесе ертең, бір жылдан соң немесе келесі өмірімде болатын шығар, бірақ ол міндетті түрде болады. Ал адамдармен сүйісуге келсек, мен оларға қарсы емеспін, әсіресе көктемде. Ол кезде олар жанды ерекше оятатын сияқты, жан ешқандай шектеулерге ие болмауы, тәуелсіз болуы тиіс, – деп қорытындылады Люся.

Валентина Некрасова, 24 жаста. Киім Модельер-конструкторы

– Менің алғашқы сүйісім Жеңіс Күні 18 жасымда болған. Біз досым Сергей екеуміз, саябақта серуендеп, демалып жүрдік. Белгілі сәтте, мерекенің ең ортасында тұрып, Сергей мені сүюді шешті. Осылай менің алғашқы сүйісуім өтті. Егер шынымды айтсам, бұл жағымды болғаннан гөрі, түсініксіз және тез болған секілді. Таңқалу сезімі бар еді. Менің ойлағанымдай болмады, өйткені мен алғашқы сүюсуді романтикалық жағдайда, қыз сезімдерінен аяғын тартып, ал оның артында құстар сайрап тұратынын елестетінмін. Бірақ сол оқиғадан кейін біз кездесе бастадық, – деп есіне алады бойжеткен.

Мирон Сугрбаев, 20 жаста. Студент

– Мен лагерьде демалып жүрген едім. Менің ол кезде жасым қаншада екені есімде жоқ – менің ойымша ол 2007 жыл еді. Жасақтардың арасында әрдайым бірінші болудағы қарсыластықтың кесірінен кернеулі жағдай байқалатын. Жасақтар жалпы саны үшеу еді: кішкентайлар, үлкендер және ортаншылар. Кішкентайлар, әрине, іс жүзінде біздің «ойнымыздан» тыс болатын – көбінше мен болған ортаншылар және үлкендер жасағы жарысатын. Біз бірігу және жасақтардың арасында жағымсыздық болмас үшін біздерге би кештерін ұйымдастыратын. Бірде жаздың салқын кешінде жаңбыр басталды. DJ Мұрат Насыроватың «Танец под дождем» баяу композициясын қойды. Және мен, өз жасағымның көшбасшысы үлкендер жасағының көшбасшысын «баяу әнге» биге шақырдым. Өкінішке орай, оның аты есімде жоқ, бірақ оның 16 жастағы әдемі қыз екендігі және қазақша сөйлейтіндігі есімде. Мына біздің үсітмізге тамшылап тұрған жаңбыр, және романтикалық әуен өз дегенін жасады – біз сүйістік. Бұл икемсіз, ылғалды еді, бірақ басы салынды. Мен үлкен «әйелді» сүйгенім үшін мақтанатынмын, менің жасағымдағы барлық балалар мен ікөре алмайтын. Кештерде біз оңашаланып, сүюсуге болатын түрлі жерлерде жасырынатынбыз. Алғашқы 20-30 сүюсу сонымен болды деп айта аламын. Демалыстан кейін біз онымен жоғалып кеттік: ол кезде телефондар, ғаламтор жоқ еді ғой. Егер шынымды айтсам, менің де оны жалғастыруға зауқым жоқ еді, өйткені бәрі балаша, ебедейсіз болатын: біз бір бірімізді ұрып, тістейтінбіз. Мен ол кезде мынандай бұзық емес едім, – деп күледі Мирон.

Анастасия Белоусова, 19 лет. Студентка

– Ол оқиға сегізінші сыныпта,менің жасым 13 те кезде болатын. Мен өзім өте сезімтал қызбын: санам кіргеннен бері, әрдайым ғашық болып жүреінмін, ол маған жауап қайтарғаны міндетті емес. Алғашқыда мен бір Максимге, кейін өте ұзақ Алешаға ғашық болдым. Ал сүюсу жайлы оқиға 23 ақпан күні болған. Мен ол күнді жақсы есімде сақтадым, біз сыныппен ол күнді атап өту үшін Алешаға бардық. Ішімдік жайлы әңгімелер болған еді, бірақ нәтижесінде біз бір энергетикте тоқтадық. Әрине, бәрі солардан мас болғансып, алғашқыда біз карта ойнадық, одан кейін жайлап шыныға өттік. Ол жылдары бәрінің әңгімесі «Сен сүістің ба?», «Кіммен?», «Қашан?» деген сияқты ғой. Және ондай әңгімелер бізде кемшілік сезімін шақыратын. Біз ойнап бастағанда мен екі нәрсені түсіндім: біріншісі, мен оны қалаймын, екіншісі – мен оны қалаймын, бірақ бұл түрде емес.

Мен ойнауды шештім. Менің қасымда Максим отырған еді. Ол білесіздер ме, акселерация сипаттары бар сарылау, және ол жыныстық әзілдерге құмар еді. Әрдайым әңгімені секске тірейтін, бізді де, өзін де иландыратын. Оған қарамастан, кейде ол айтарлықтай сүйкімді көрінетін. Шыныны айналдырып жатыр, ал маған түк шықпайды. Мен өзім босаңсып, түк болмағандай отырған едім, ішімнен қобажып отырмын ғой! Біз сыныптастырмен адам өзі қалай сүйісетіні жайлы таңдайтынына келіскен едік: жәй беттен сүю, ерінмен, немесе нағыз «тілді қосып». Біраздан соң маған, және, назар аударыңыздар, Максимге түседі! Маған қарсы Алеша – оған ыстық сезімім бар, сол сәтке менің бар өмірімнің махаббаты отыр еді, бірақ шыны Максимге көрсетті! Менен сол кезде қалай сүйісесің деп сұрағанда мен сенімді «Тілмен!» деп жауап бердім. Жалпы менің есімде қалғаны– оның жіңішке, бірақ жұмсақ еріндері өте ылғалды, ащы болды. Бұл кішкене жиіркенішті болды, бірақ сол әрекеттің бәрінен маған жалғыз ұнағаны – ол менің басымды сәл құшақтағаны. Бұл икемсіз, ақымақтық, бірақ қызық болды. Қалай болса да мен өкінбеймін, – деп күледі Анастасия.

Латина Сатарова, 25 жаста. PR-маман, блоггер

– Мен өзімнің алғашқы сүйісуімді есте сақтадым, ол 12 жасымда болған. Маған ұнайтын және мені ұнататын мектептегі бала шығарып салған еді. Ол жаңадан келген, паралель сыныпта оқитын. Ол барлық қыздарға ұнайтын, бірақ оған ұнағаны мен болыппын.

Мен не болғанын түсінбей қалдым: мен үшін ол бірдей қорқынышты және ерекше болды. Мен күтпеген едім, өйткені бір нәсрені айтып тұрғанмын, одан кейін ғана барып мені қазір ғана сүйгенін түсіндім. Мен ойымда жаман ойлар болатын, мен бір нәрсені дұрыс жасамағаным жайлы ойландым. Үйде менімен бір қабатта тұратын құрбым бар еді. Мен жүгіріп келіп: «Алена! Мен сүйістім!» деп айғаладым.менің ол сәтке әсерім көп еді. Менің ойымша ондай әсерлерді өміріңде жиі сезе бермейсің. Олар алғаш рет болып жатқан оқиғаларға байланысты. Мен ол кезде кішкентай едім, және ол сүйіс ересек өмірден бір нәрсені символдады де ойлаймын, – деп бөліседі Латина.

Кирилл Мейстер, 25 жаста. Тележүргізуші, шоумен

– Егер шындықты айтсам, менің ең алғаш сүйісуім сыныптас қызбен, бетке болатын. Егер сезімі бар шынайы сүйіс жайлы айтсақ, ол менің жалғыз және алғашқы келіншегім Светланамен 2009 жылы болды. Менің жасым 19 еді. Біздің танысуымыз Вендік балға дайындықта орын алды. Екі, бір жарым апта өткен соң біз дайындық залының шектеуінен шықтық: мен оны алғашқы кездесуге сүйкімді кафеге шақырдым, ол жерде біз кешкі ас іштік. Кешкі астан кейін мен оны үйіне шығарып салдым.

Ол уақытқа бізде ондай үйлену және дүниеге бала алып келетін берік қарым қатынастарға жалғасады деп ойламағанбыз. Мен оны үйінің қасында сүйдім. Сол кезде «Метод Хитча» фильмі танымал еді, ол фильмде егер қыз шаштарына қайта қайта тиіссе, подъездтің алдында кілттерін ұстап тұрса ол бір нәрсені күтіп тұр деп айтылған еді. Мен сол сияқты жолдың 90% өтіп, одығын соған қалдырдым. Сүйіс менің бар үмітімді ақтады, мен оны өте қалаған едім. Ал жалпы, алғашқы сүйісуді сен бірге болғың келетін адамыңа сыйлайсың, оның сенің адамың екендігін сол кезде түсінесің. Сол сүйісті сен өмір бойы есте сақтайсың, – деп атап өтті Кирилл.

Мадина Ахмедова, 21 жаста. Студентка

– Мен алғаш сүйіскенімде менің жасым 19 болатын. Нақты күнін айта аламын – 2013 жылдың 5 маусымы. Мен Астанада оқитынмын, ал жазда Аламтыға практикаға келдім. Келгенге дейін бір жыл бұрын мен жас жігітпен таныстым, ол кейін менің жігітіме айналды: бастапқыда виртуалды, кейін шынайы. Ол мені вокзалда күтіп алып, жалдамалы пәтеріме дейін шығарып салды, ол жерде мен өзімнің заттарымды қалдырдым. Біз саябақта қыдырып, шынайы арласуға үйренуді шештік. Кешке жақын, бірбірімізді жақынырақ біліп, бірге екенімізді түсініп ол мені сүйді. Менің жігітім үшін де ол алғашқы сүйюсу болатын, бірақ ол екеумізге де ұнады, – деп ске алады Мадина.

Юрий Сальников, 25 жаста. Автомеханик

– Менің жасым қаншада болғанын ұмытып қалыппын, бірақ алтыншы сыныпта оқитыным есімде. Қыз менен үлкен болатын, менің есімде, ол тоғызыншы сыныпта оқитын. Мен ұялшақ жігіт едім, бірақ бәрінің көңілінен шығуға тырысатынмын. Үнемі махаббат оқиғасы бар филмдерді көретінмін, және өзмнің ішімнен: «Қызық, менің қолымнан осылай келеді ма екен?» деп ойлайтынмын. Мекетеп дискотекасында сүйістім, ол жерде мен DJ едім. Ол қызбен сүйіске дейін де арласатынбыз, ал сол күні ол маған жақындап, біз қарым қатынас, сүйюсу жайлы әңгімелесе бастадық. Ол менен «Байқап көргің келеі ме?» деп сұрады, мен не деп жауап бердім? Әрине, көргім келеді, алтыншы сыныпта! Менің үміттерім толықтай ақталды, бірақ мен ол қыздың есімін ұмытып қалыппын! Қазір маған «Универдегі» Майкл есіме түсті, егер менің не жайлы айтып жастқанымды Сіз түсінсеңіз..., – деп күледі Юрий.

Динара Мінтаева, 21 жаста. Студентка

– Мен 14 жасымда алғаш ғашық болдым. Менің сүйіктім Дінислам менен бес жас үлкен болатын. Бірде ол мені үйіме дейін шығарып салды. Біз үнемі гүлдермен безендіріліп тұратын, романтикалық қалыпты жасап тұратын аркаға келдік. Мен оған әрі қарай шығарып салудың керек еместігін айттым, өйткені әкем көріп қоюы мүмкін еді. Ол мені құшақтап, сүйе бастады. Менің аяғым дірілдеп, ұялып, қалай естен танып қалмауды ойлап тұрдым. Ол мені сүйе бастағанда менің анам келе жатқанын көрдім! Мен оған: «Қаш тезірек!» деп айттым, ол болса маған: «Не үшін қашуым керек?» деп жауап берді, «Ол саған бір нәрсе істесе не болады? Менің жасым 14, маған болмайды» деп жауап бердім. Мен анам маған олар тек 25 жасында кол ұстасқандарын айтқаны есімде.

Ол күліп үйіне кеткен. Мен үйге кіре салысымен, бөлмеме жүгірдім. Менің артымнан анам кіріп, тек қана: «Бұл біздің шағын құпиямыз болады!» деп сыбырлады. Менің үміттерім ақталды, мен ештеңі білмей, тәжірбием болмаса да. Маған жылы әрі жақсы болды. Ол сүйістен кейін біз үш жыл кездестік. Қазірге дейін жақсы қарым қатынастамыз, – деп қортындылайды Динара.

 

Құрметті оқырман, ал сіздің алғашқы сүйіскеніңіз қалай болып еді?

www.voxpopuli.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста