Жеңгетайлықпен айналысатын БАҚ-тарға заңмен тыйым салу керек пе?

Жеңгетайлықпен айналысатын БАҚ-тарға заңмен тыйым салу керек пе?

Жеңгетайлық – жезөкшелікпен айналысуға арналған топтар мен арнаулы орындарды ұйымдастырып, зинақорлық жасаушы адамдарды өзара кездестіретін, сол арқылы пайда табуды көздейтін қылмыстық іс-әрекет.Қазақстанда күш қолдану немесе қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою, не алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу Қылмыстық кодекстің 270 және 271-інші баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда біздің елімізде көптеген газет-журналдар, сайттар, телеарналар интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар мен жарнамаларға тұнып тұр. Демек бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары да жеңгетайдың қызметін атқарып отырған жоқ па? «Алаш айнасы» осы мәселені ой көкпарына салып көрген еді.  


Иә
Бейбіт Сапаралы, қоғам қайраткері:
Жеңгетайлықтың үлкен күнә екендігі Құранда да, Хадистерде де айтылған. Жеңгетайлық зинақорлық болып табылады. Зина бар жерде Алла тағаланың қаһары болады. Құдай тағаланың қаһарына ұшырап жатсақ та, мұнымен қоғам болып күресудің орнына қайта соған қызмет етеміз. Ең сорақысы қазіргі біздің қоғамда жеңгетайлықпен тек жекелеген адамдар ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдары да айналысып отыр. Кез келген қазақша, орысша басылымдарды, ғаламтордағы сайттарды ашып қалсаңыз, жеңгетайлардың жарнамасынан көз аша алмайсыз. Қазіргі таңда кез келген ақпарат құралдарын үлкен де, кіші де, бала-шаға да оқи алады. Сонда біз қандай қоғам мүшелерін тәрбиелеп жатырмыз?
Полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан азаматтарды ұстап, жаза қолданып жатады, ал жыныстық қызмет көрсетуді жарнамалаған БАҚ-тарға ешқандай шара қолданылмайды. Бұның себебі, меніңше, ең алдымен біздің еліміздегі идеологияның жөнсіздігі. Идеологиямен мемлекеттік хатшыдан бастап, парламент, үкімет орындары, қоғамдық ұйымдар, барлығымыз айналысуымыз керек.
Қазіргі таңда Қазақстанда ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алмай шатасып жүрміз. Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұрады екен деп әбден жалпақшешей болып кеттік. Елімізде отыздан астам мұсылман ұлттың өкілдері тұратынын, мемлекетті құраушы негізгі қазақ ұлтының өз дәстүрі, салты, діні, ділі бар екенін  өзгелердің жетесіне жеткізе алмай жүрміз. Мәселен, Малайзияда қытайлар көп тұрады. Бірақ олар сол елдің заңына, әдет-ғұрпына бағынады. Ал біз болсақ, біздің елімізде шайтани қызмет жасап, сайран салып жүргендерге ешқандай шара қолданбаймыз. Жамандықты шектеуге атсалысып, қоғамдық пікір қалыптастыруы тиіс БАҚ өкілдері қалталарының қамымен осындай бассыздыққа жол беріп отыр. Оларға қой дейтін қожа, әй дейтін әже болмағандықтан да жеңгетайлықпен, делдалдықпен айналысуын тоқтатпайды. Бұл сонау социализмнің сарқыншақты.
Егер біз ұлтымыздың болашағын ойласақ, иманды қоғамның тұлғаларын тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан қызға да, ұлға да, тіпті қажет болса БАҚ өкілдеріне де қырық үйден тыйым керек деп есептеймін. Зинақорлық, жеңгетайлық сияқты харам дүниелерді насихаттауға, жарнамалауға заңмен тыйым салынған жөн.


Жоқ 
Жеміс Тұрмағамбетова,
«Адам құқығы хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
БАҚ құралдарындағы интимдік қызметке қатысты жарнамалар заң бойынша жеңгетайлыққа жатпайды. Сондықтан газет-журналдардағы, ғаламтор сайттарындағы жыныстық қызмет көрсетуге қатысты хабарландырулар мен жарнамаларға заң бойынша шектеу қою мүмкін емес. Әрбір БАҚ құралының өз ішкі ережелері, қағидалары бар. Сондай-ақ басылымдардың, сайттардың, телеарналардың редакторлары, басшылары қандай ақпарат жариялайтынын, қандай хабарландыру, жарнама беретінін өздері шешеді. Қазіргі таңда БАҚ құралдарының негізі табысы жарнамалардан түседі. Ал интимдік қызмет көрсету туралы жарнаманы жекелеген адамдар береді. Өйткені біздің елімізде жезөкшелік қылмыс болып табылмайды. Интернет сайттары, газет-журналдар жеке адамды мәжбүрлеу арқылы жыныстық қызметке итермелегені туралы нақты ақпарат болса, онда әңгіме басқа. Мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалады.Сондай-ақ полиция қызметкерлері интимдік қызмет туралы әрбір хабарландыруды жеке адам беріп отыр ма, жеңгетайлар беріп отыр ма, оны тексермейді. Өйткені бұл мүмкін емес.
Меніңше, егер біздің қоғамда етек алып кеткен жеңгетайлық мәселесін шектейміз десек, БАҚ құралдарының басшылары, редакторлар, журналистер өздері бұған жол бермеу керек.

Түйін:
Өрімдей қыздарды жезөкшелікке жегіп, елдің қолы жетпей жүрген пәтерлерді жынойнаққа айналдырып жүрген жеңгетайлар біздің елімізде жетіп артылады. Өзгенің тәнін сатып нәпақа тауып, сауданың көрігін қыздырып жүрген зинақорлар жазадан сытылудың түрлі амалдарын тауып алатын көрінеді. Әккі жеңгетайлар газет, журнал, сайт секілді ақпарат құралдарына  интимдік қызмет көрсетуші жеке адам ретінде хабарландыру беріп, клиент жинап, олардың қойнына жезөкшені салып беруді таптырмас әдіске айналдырып алған. Бәрі болмаса да, ақпарат құралдарының көбі жеңгетайларға қызмет етіп отыр. Төртінші билік өкілдері, өзіміз жеңгетайларға осындай мүмкіндік беріп отырғанымыз қалай?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста