«Жас қыран» мен «Жас ұлан» комсомол, пионер ұйымдарының тәжірибесіне негізделуі керек пе?

«Жас қыран» мен «Жас ұлан» комсомол, пионер ұйымдарының тәжірибесіне негізделуі керек пе?

Кеңес заманында мемлекеттік идеологияның бір тармағы жастардың пионер, комсомол ұйымдары еді. Аталмыш ұйымдардың жастарды тәрбиелеудегі ықпалы зор болатын. Алайда Тәуелсіздік алғаннан кейін комсомол мен пионер деген ұйымдар өз мәнін жоғалтып, жойылды. Әйтсе де соңғы кездері мектептердегі жастармен тәрбие жұмыстарын күшейту мақсатында «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдары құрылып, жұмыс істей бастады. Осы орайда мамандар «бұл ұйымдардың жұмысы бұрынғы комсомол, пионер ұйымдарының тәжірибесіне негізделуі керек» деген пікірлерін білдіруде. Алайда бұл пікірге қарсы пікір айтушылар да баршылық. Тақырыпқа орай мамандардың пікірін ой-көкпар айдарында тоғыстырып көрген едік...

Серікболсын ӘБДІЛДИН, қоғам қайраткері:
Иә

– Қалай десек те, кеңестік кезеңнің бір артықшылығы жастар арасында мем­лекеттік идеология насихатының мықты­лығында еді. Жастар жан-жақты, патриот, салауатты өмір салтын ұстанған, қоғамда белсенді, октябрятына шейін көшедегі қартқа көмек қолын созуға даяр қайырым­ды еді. Ал бүгінгі күні біз қайсы бір жастың да бойынан осы қасиетті таба алмаймыз. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жастар тәрбиесін назардан тыс қалдырдық. Шынын айту керек, жастар тәрбиесі уыстан суып шығып кетті. Олар қазір ештеңеге сенбейді, еш нәрсеге иланбайды. Деген­мен бүгінде кеш те болса «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарының құрылып, жас­тар­мен жұмыс жүргізіле бастауы қуантады. Десек те, бұл ұйымдардың қалай жұмыс істеуі бұл ұйымдардың қаншалықты дұрыс ба­ғытта жұмыс істеуіне байланысты. 
Осы орай­да бұл ұйымдардың жұмысын ком­­со­мол, пионер ұйымдарының тәжіри­бе­сіне не­гіз­дей отырып жұмыс істетуден ұт­пасақ, ұтыл­маймыз дер едім.
Бүгінде жастарды біреулер  идеоло­гия, енді біреулері дін деп әбден шатас­тыр­ды. Нәтижесінде әлі оң мен солын та­ны­маған жастар адасып кетті. Сондықтан жас­тарды мектеп қабырға­сынан бастап  мем­лекеттік идеология арқылы тәрбие­леу­дің маңызы зор деп айта аламын. Со­ның ішінде жастардың бойына адамилық қа­сиеттерді сіңіре отырып, елін сүйер ұлан ретінде тәрбие­леуден еш ұтылмаймыз. Осы бағытта комсомол мен пионер ұйым­­да­рының тәжірибесіне сүйенудің де еш ағат­тығы жоқ. Себебі аталмыш ұйым­дар­дың ке­зін­де еш жаманшылығы болмады. Ке­рі­сінше, жастарға берері көп болды десек қа­телеспейміз. Жастар­ды тәрбиелеуде ға­на емес, сол кезеңде қоғамға берері мол ұйым­дар болды.
Сондықтан өз басым бүгінде құрылып отыр­ған «Жас қанат», «Жас ұлан» ұйым­да­ры­ның жұмыс тәжірибесін комсомол, пио­нер ұйымдарының тәжірибесіне не­гіздеу ке­рек деп санаймын.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының хатшысы:
Жоқ

– Жоқ, Тәуелсіз елімізде құрылған «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарын кеңестік кезеңдегі комсомол мен пионердің тәжірибесіне негіздеудің қажеті жоқ. Себебі сол кезеңнің саясатына байланысты, түптеп келгенде, комсомол мен пионер белгілі бір партияға қызмет етіп, солардың насихаты үшін жұмыс істегені жасырын емес. Тіпті белгілі бір дәре­жеде партияның кадрларын дайын­дау үшін қызмет еткені де рас. Ал ком­сомол мен пионердің осы жұмыс тә­жірибесі бізге үлгі бола ала ма?! Рас, жас­тардың бойында отансүйгіштік пен пат­риоттықты насихаттауда да маңызының зор болғаны рас. Алайда түпкі мақсаты бел­гілі бір ұйымға ғана қызмет ету, солар­дың іс әрекетін дәріптеу болғанын ескер­сек, аталмыш ұйымдардың үлгі етер тір­лігі аз деуге болады.
Кеңестік кезеңде жастарды жан-жақты, қо­­ғамда белсенді, елін сүйер азамат ре­тін­де да­йындай отырып, партияға қызмет етер кадр ретінде дайындап шығу міндеті тұр­ды. Әр­бір жас үшін партия қатарынан шы­ғып қа­лу өлім­мен тең болды. Осылайша қо­ғам­дық жұ­мыста белсенді көрінгендерін пар­тия таң­дау арқылы өз қатарына тартты. Бү­гінгі күні «Жас қыран» мен «Жас ұланды» құ­рудағы бас­ты мақсат жастарды адами қа­сиеттерге бау­ли отырып, оқушылардың бос уақытын тиім­ді пайдалану, қоғамдық жұ­мыстар мен спорт­қа тарту болып та­бы­луы тиіс. Ал ол үшін ком­сомол мен пионер­дің жұмыс тәжірибесіне сү­йенудің қажеті ша­малы деп ойлаймын. Де­ген­мен батысқа елік­теп, тәрбиесі нашарлап, по­триоттық се­зімі әлсіреп бара жатқан жас­та­рымыз үшін мектеп жанынан «Жас қыран», «Жас ұлан» секілді ұйымдар керек-ақ. Ал мұн­дай ұйым­дардың жұмысын ұлттық тәр­бие­ге не­гіздей отырып дамытсақ, ештеңеден ұтыл­­мас едік. Өйткені тәлім-тәрбиесі мол, ада­­милық қасиеттері жоғары ұлттық идео­ло­гия­ның маңызы зор.  
Сондықтан Тәуелсіз елімізде құрылып отыр­ған «Жас қыран» мен «Жас ұлан» ұйым­да­рын ешбір ықпалға негіздемей, на­ғыз Тә­уел­сіз елдің тәуелсіз ұландарының ұлт­тық идео­ло­гиясына негіздеу керек деп са­наймын.

Бейтарап пікір
Дәурен БАБАМҰРАТОВ,
«Болашақ» республикалық қозғалысының жетекшісі:
– Мемлекеттік идеологияның маңызы зор. Осы орайда «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарының жұмыс тәжірибесін кеңестік кезеңдегі комсомол, пионер ұйымдарының немесе тек қана ұлттық сипатқа негіздеудің қажеті жоқ. Өйткені комсомол, пионер ұйымдарының тәжірибесінде де артықшылықтарымен қатар, кемшіліктер болды. Сондай-ақ ол ұйымдардың жұмыс тәжірибесін тек қана ұлттық негізде құру керек десек те шатасамыз. Өйткені осыған дейін бізде ондай ұйымдардың жұмыс тәжірибесі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан мұқият зерттеп, зерделей отырып, «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарының жұмыс тәжірибесін әлемдік деңгейдегі осы секілді жастарға ықпалы басым ұйымдардың озық тәжірибелерін басшылыққа ала отырып жүзеге асыру керек деп ойлаймын. Олардың әрқайсысынан өзімізге керегін алып, өз қолданысымызға енгізуіміз қажет. Оның ішінде міндетті түрде адамилық қасиеттерді насихаттап, жастардың бойында патриоттықпен қатар, елін құрмет тұту, азаматтық ұстанымдарын ашық жеткізе алу секілді қасиеттерді сіңіруіміз ләзім. Айта кетер жайт – ол ұйым «Жас Отанның» жастар қанаты секілді емес, тәуелсіз, дербес ұйым болып қалыптасуы тиіс. Яғни ешқандай саяси ұйым мен саяси партияның ықпалында болмауы қажет. Қандай да бір шешім жасау кезінде олардың әрқайсысының өзіндік ұстанымы болуы шарт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста