Қуаңшылыққа байланысты мемлекеттік мал азығы қорын құру керек пе?

Қуаңшылыққа байланысты мемлекеттік мал азығы қорын құру керек пе?

Жақында ауа райын болжаушылар биылғы жаздың ерекше ыстық болатындығын, өрт қаупінің жоғарылап тұрғанын ескертті. Бұл мәлімет әсіресе орманшылар мен шаруаларға төбеден жай түскендей әсер етті. Онсыз да бейнеті мен азабы мол мал бағушыларға да қиын болайын деп тұр. Өйткені бүгіндері мал азығы удай қымбат. Бір теңгеден екі теңгені әрең құрап отырған олар үшін қуаңшылық жағадан алған Жәбірейілмен бірдей болары хақ. Сондықтан мамандар бұл салаға мемлекет тарапынан қандай да бір көмек қажеттігін айтады. Бұл ретте «Қуаңшылыққа байланысты мемлекеттік мал азығы қорын құру керек пе?» деген сауал да туындайды. Бұл пікірге қатысты мамандардың көзқарасы төмендегідей...


Бақтияр Садықов, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
иә
– Табиғаттың мінезді болуы біздің еліміз үшін тосын жайт емес. Егер бажай­лап қарап отырсақ, бізде 10 жылдың ішінде қуаңшы­лық 3-4 рет қайталанып отырады. Сондықтан етті мал потенциалын арттыру бойынша алдына мақсат қойып отырған біздің елімізге мемлекеттік мал азығы қорын құру керек деп білемін.
Соңғы жылдары етті мал ша­руа­шы­лығын дамыту бойынша бағдарлама қабыл­данып, аталған салаға республика­лық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп жатыр. Қанша жерден даулы болғанымен, сырттан асылтұқымды мал әке­лінді. 
Оны сатып алғысы келгендер де та­былды. Яғни мал тұқымын жақсартуға жер­гілікті шаруа қожалықтары ниетті болып шықты. Енді сол бар малды мал ету үшін бізге тұрақты азық қоры қажет болып отыр. Әрине, қуаңшылық орын алды деп агроөнеркәсіп кешенін қайта жандандырып жатқан мемлекетімізге қысылып қарап отырған жараспайды.
Естеріңізде болса, астық жеткіліксіз кезде, өңір-өңірде тұрақтандыру қорлары бой көтерген болатын. Ол істің қандай да бір шалалығы болған шығар, дегенмен соның арқасында нарықтағы бағаны тұ­рақтандырып, жоқ жерге қажетті азық-түлікті жеткізіп, халықты үздіксіз ауыл шар­уашылығы тауарларымен қамтамасыз етіп отырдық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Мі­не, осы қордың сызбасын үлгіге ала отырып, мал азығы қорын да құру қажет. Яғни мал өсіріп отырған халықта қуаң­шылықтың салдарынан малынан айы­рылып қаламын ба деген қорқыныш болмауы керек. Мал азығына се­німді мемлекеттің мал шаруа­шылығы қар­қынды дамиды. Ал біздің күйттеп отырғанымыз да осы нәрсе емес пе?..
Бүгіндері Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінде мал азығы қорын нығайту жөнінде бағдарлама әзірленіп жатыр. Меніңше, мемлекеттік мал азығы қорын құруды сол бағдарламаға бір шара ретінде кіргізіп, қара­жат бөлгізуге болатын секілді. Ал ол қордың қандай жағдайда тиімді болатындығы бойынша отан­дық ғалымдар кез келген уақытта ғылыми-зерттеу жұмысы мен жобасын әзірлеп бере алады деп ойлаймын. Тек жоғарыдан қолдау табылса болғаны.


Ақжол Әбдуқалимов, «Қазақстан фермерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:
жоқ
– Біз социалистік елде өмір сүріп жатқанымыз жоқ, мәселені мемлекет шешсін дейтіндей. Қазір нарық заманы. Ал нарықтық қарым-қатынаста мемле­кеттің қатысуы азайған сайын сыбайлас жемқор­лықты жоюға соншалықты мүм­кіндік туындайды. Сондықтан мем­лекеттік дегеннен аяқ тартып жүрген дұрыс сияқты. Мысалы, кеше астық бойынша әр облыста құрылған Тұрақтан­дыру қорын алыңыз. Желінген ақша, бүлінген көкөніс мәселесі әр деңгейде талқыланып жатты. Осындай күйге тү­сетін тағы бір қор құру деген, әрине, ақылға сыймайтын нәрсе.
Шөп деген екі-үш жылға шыдай бе­реді. Сондықтан малы көп адам жем-шөп қо­рын қазір өзі жасап алады. «Сақтанғанды құдай сақтайды» деп. Ал мал ұстап, оған дайындала ал­май­­тындар ақы­рындап бұл шаруа­шылық түрінен бас тартып жатыр. Нарықтың өзі осындай реттеу жүргізуде, бұл – қалыпты құбы­лыс.
Табиғи апат айтып кел­мейді. Әсіресе мұндайда же­кемен­шіктен маза кетеді.
Жалпы, бізде төтенше жағ­­­дайлар орын алғанда мемлекеттік қолдау көр­сету қоры деген бар. 2010 жы­лы осы қор мал азы­ғын субсидиялау бойын­ша ірі кәсіпорындарға қаражат бөл­ген-тұғын. Бұл қаржы тікелей Үкі­меттің өкі­мімен ғана бөлінеді. Міне, осы тұрғыда Қазақстан фермерлер одағы тек ірі кәсіпорындарды ғана емес, мал ұстап отырған жекеменшікті де субси­диялауды сұрап отыр. Осындай ұсынысы бар құжатты таяуда Үкіметке жолдадық та.
Жемшөп әрқашан да болады. Қуаң­шылықта да. Тек оның бағасы шарықтап кетеді. Сондай сәтте, Үкімет төтенше жағдайлар орын алғанда мемлекеттік қолдау көрсету қоры арқылы еліміздегі мал бағып отырған барлық халықтың тұтынатын мал азығын субсидияласа дейміз. Яғни бүгіндері бір арба шөп 20 мың теңге десек, шаруа оның 10 мың теңгесін өзі төлеп, қалғанын мемлекет қаржысымен жапса, бұл үлкен көмек болар еді.

Түйін
Нарық заңдылығы бойынша кез келген адам күмән келтіретін бүкіл затын сақтандыруы тиіс. Соның ішінде малын да. Ал қуаңшылық орын алып, сақтандырылған мал арам қатса, ол адам сақтандыру компаниясынан өтемақы алып, басқа бас сатып ала алады. Міне, осындай жүйе нарық заманы адамын еш нәрсеге алаңдатпайды. Соның ішінде табиғи апатқа да. Алайда біздің елімізде сақтандыру нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған, аталған нарықтың айналымындағы қаражаты да көп емес. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мал шаруашылығы қарасты құзырлы ведомство да сақтандыру ісіне нысандарын бейімдемеген. Мәселен, малға төлқұжат беру процесі бізде енді-енді қолға алынып жатыр дегендей. Сондықтан бұл арада мемлекеттің көмегіне жүгінуден басқа амал жоқ секілді. Ал ол көмек түрі арнайы мал азығы қорын құру бола ма, әлде мал ұстайтын халықтың тұтынатын мал азығын субсидиялау бола ма, әйтеуір, осының бір тиімді тәсілін таңдау – биліктің еншісіндегі дүние.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста