Өлім жазасын қолданатын елдердің тәжірибесін енгізбейінше, елімізде есірткі трафигінің жолын кесе аламыз ба?

Өлім жазасын қолданатын елдердің тәжірибесін енгізбейінше,  елімізде есірткі трафигінің жолын кесе аламыз ба?

Есірткі саудасы – ұлттық генефонымызға төнген үлкен қауіп. Еліміз үшін кезек күттірмес негізгі проблемаға айналып отырғаны да бәрімізге аян. «Нашақорлықпен табанды күрес жүргізе алмай отырғандығымыздың негізгі себебі – жаза түрінің жеңілдігі» дейді біреулер. Кейбір сарапшы мамандардың айтуынша, көршілес Қытай, Таиланд, Иран секілді елдердегідей ең жоғарғы жаза түрін қолданбай, есірткі тасымалына тосқауыл қоямыз деу бекер. Біздің елде өлім жазасына жол берілмейтіндігі белгілі бола тұра, оған қарсы уәж айтатындар қатары еш сиреген емес. Себебі шынымен де жағдай алаңдатарлық. Әсіресе, нашақорлықтың жасарып бара жатқандығы жанға қатты батады. Бұл тақырыпты мамандар пікірталасына шығарып, екі бағытта қаузауды жөн санадық.

tair-nazhanov-ia

Таир НАЗХАНОВ, «Адвокаттар форумы» қоғамдық ұйымының төрағасы:

Иә
– Менің ойымша, есірткі тасымалымен күресті өлім жазасын қолданбай-ақ та жүргізуге әбден болады. Негізі, қазір біздің елде есірткі бизнесімен айналысатын қылмыскерлер жазасы барған сайын күшейіп келеді. Осының өзіне өз басым қуанамын. Неге? Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Кеңес одағы кезінде Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес, есірткі бизнесіне жол бергендерге айыппұл төлетуден артыққа бармайтын. Кейіннен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын болды. Ал қазір ҚР ҚК-тің 259-бабына сәйкес, есірткі тасымалымен айналысқандарды 20 жылдан өмір бойына дейін соттауға қол жеткіздік. Байқап отырғандарыңыздай, уақыт өте жаза да қатайып келеді.

Қазір өздеріңіз білесіздер, көптеген елдер өлім жазасынан бас тартып отыр. Олардың қатарында біз де бармыз. Еліміз бүгінгі күні ізгілендіру саясатын ұстануда. Қылмыстың аты – қылмыс. 

Қай түрімен болсын, мейлі, кешенді күрес жүргізілуі тиіс. Дей тұра есірткі саудасы артында үлкен қасірет жатқанын естен шығармайық. Сондықтан да қылмыстың осы түрімен күресті тек күш құрылымдарының жауапкершілігіне ғана жүктеп қоймай, оның алдын алуға бүкіл қоғам болып атсалысуға тиіспіз.

Ал мен мына бір мәселеге айрықша көңіл бөлу керек дер едім. Күдіктінің қылмысын анықтап, оны жазалау барысында күмәнді жайлар орын алып жатады. Бұл тұста мен тергеу ісі қозғалып, ол шегіне жетемін дегенше олқылықтар кетіп жататындығын айтқалы отырмын. Сол себепті тергеу ісінің мейлінше әділ жүргізілуі қатаң бақыланса деймін.

Мәселен, есірткі трафигімен айналысты деген күдіктіні қылмыскер деп танып, оған өлім жазасын қолдандық делік. Оған жала жабылмағанына кім кепілдік береді? Сол себепті, ең алдымен, күрес жүргізіп отырған органдар қызметінің  ақты ақ, қараны қара деп, еш күмәнсіз, күдіксіз ажыратып берулеріне қол жеткізуге тиіспіз. Олар сенім үдесінен шықпайынша, қазіргі қолданыстағы жүйеге қандай да бір өзгеріс енгізуге болмас.

Негізі, біздің елдегі жазалау жүйесі дұрыс жолға қойылған деп санаймын. Ал есірткі бизнесімен күрестен нәтиже шығарудың жолдары жеткілікті. Қабылданып жатқан заңнамалар мен бағдарламалар айтылып-айтылып аяқсыз қалмай, іс жүзінде жемісін берсін деп тілейік.

Әңгіменің тоқетері қылмыстың бұл түріне өлім жазасын енгізу арқылы есірткіге тосқауыл қоямыз дегеніміз – қателік. Бұл – әлеуметтік проблема, бұл –  экономикалық проблема, бұл – саяси проблема. Сондықтан да бұл мәселе жалқы емес, жалпы түрде бетбұруды қажет етеді.

serikbolsyn-abdildin-jok

Серікболсын Әбділдин, Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы:

Жоқ
– Бұл өте күрделі де маңызды проблема. Пікірталасқа ұшырағанына қаншама жылдар өтсе де, шешімі әлі табылар емес. Сол себепті де сіздер қойып отырған сауал тереңнен саралауды қажет етеді.

Ең алдымен, мына бір мәселенің басын ашып алайықшы. Наркобарондар мен есірткі трафигінің артында тұрғандар нағыз шортанның өздері. Олардың әмірі жүріп-ақ тұр. «Ақ дегені – алғыс, қара дегені  – қарғыс». Біле білсеңіздер, есірткі бизнесінің жандана түсуіне мүдделі болып отырғандар да солар. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, әлем бойынша ең көп пайда түсіретін бизнестің бірі – дәл осы есірткілік заттар саудасы. Ал енді айтыңызшы, біздің елдің қылмыстық жүйесіне өлім жазасын енгізу мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Сол себепті манағы «ақ дегені – алғыс, қара дегені  – қарғыс» деп отырғандарым оған жол бере қоймас.  

 Бұл ешкімге жасырын емес. Тіпті құқық қорғау органы қызметкерлерінің өздері олардың алдында дәрменсіз.
Сондай-ақ тәртіп сақшыларының арасында осыны пайдаланып, есірткі саудасын кәсіп етіп жүргендер баршылық.

Өкінішке қарай, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрестің аты бар да, нақты еш нәтиже жоқ. Оған қомақты қаржы да бөлініп жатыр. Сол қаржының мақсатты жұмсалып жатқаны да күмән тудырмай қоймас.

Дәл қазіргі саясатымызбен жүре берсек, біз есірткі бизнесіне ешуақытта тосқауыл қоя алмаймыз. Және де жоғары эшелондағылардың арасын тазартпай көрген күніміз осы.

Өздеріңіз білесіздер, ғұмыры инеге байланғандар саны барған сайын еселеніп келеді. Бейбіт күнде қаншама жастарымыздан айырылып қалып жатырмыз. Сан мыңдаған отбасы осы есірткінің салдарынан ойран болуда. Ал біз қылмыскерді тек соттаумен ғана шектеліп отырмыз. Бір айта кетерлігі, темір есік, тор терезе – есірткі қылмыстарының санын еш азайта алар емес.

Еліміздегі аса қатаң  жазаны тоқтатып қойғандықтан, сіздер айтып отырғандай, есірткі тасымалына өлім жазасын енгізу қаншалықты мүмкін екен? Ал менің пікірімше, өлім жазасын қолданатын кез жетті. Онсыз бұл қылмыстың алдын алу еш мүмкін емес. Егер қоғамдық дауысқа салса, мен өлім жазасын енгізуді қос қолымды көтеріп тұрып қолдар едім.

Мысал келтіре кетсем, Иран билігі осыдан біраз бұрын «есірткі тасымалдады» деген айып тағылған 20 адамды дарға асып өлтірді деп естігенім бар. Сондай-ақ аталған елде өткен жылы 346 қылмыскер өлім жазасына кесіліпті.

Мұндай қатаң жазаның талайға сабақ болары сөзсіз. Осылай сес көрсетіп отырса, кім болса да шалыс баспауға тырысар еді. Келер ұрпақтың болашағы бізге аманат екенін ұмытпайық.

Түйін
Аманжол ОРАЗБАЕВ, Есірткі құралдарының және психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орта¬лықтың бөлім бастығы:
– Өлім жазасымен бәрін шеше алмаспыз. Менің ойымша, оның керегі де жоқ. Қазір есірткі тасымалымен айналысатындарды өмір бойына бас бостандығынан айыруға болады. Міне, сөз болып отырған жаза түрін кеңінен қолдансақ, осының өзі тозақпен бірдей. Есірткі тасымалдаушыларды қоғамнан аластатсақ, бұл да ауыр жаза.
Қазір бірқатар елдерде өлім жазасы әлі де бар. Алайда сол елдердің өзінде есірткілік заттар шекараңды бұзып-жарып, ішке толассыз ағылуда. Одан дәл осы қылмысқа қарсы күрестің басы-қасында жүргендіктен хабардармыз.
Ең бастысы – күресті жан-жақты жағдайда күшейту керек. Мемлекет те бір сәтке мүлгіп кетпеуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста