Астана экологиясын бұзбас үшін оны өндірістен таза әкімшілік қала ретінде сақтау керек пе?

Астана экологиясын бұзбас үшін оны өндірістен таза әкімшілік қала ретінде сақтау керек пе?

Жас Астанамыз күннен-күнге көркейіп, қанатын кеңге жайып келеді. Осы орайда кейбір мамандар «астанамыздың экологиялық климатын бұзбас үшін оны өндірістен таза әкімшілік қала ретінде сақтау керек, жас қаламызда өндіріс ошақтарын салудың қажеті жоқ» деген пікірлер айтып жүр. Ал егер өндіріс ошақтары болмаса, астаналықтарды жұмыспен қалай қамтамасыз етуге болады? Өндіріс орындары салына қалған жағдайда қаланың экологиясына төнер қауіп бар ма? Тақырыпты мамандардың ой-көкпарына салып көрген едік...

tolegen-muhamedganov_2

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, Сенат депутаты:

ИӘ
– Еліміздің бас қаласының экологиялық жағдайын бұзбас үшін Астанада өндіріс ошақтарын салудың қажеті жоқ. Айта кетер жайт, онсыз да бүгінгі күні қаланың алдағы уақытта бой көтерер құрылыс жоспарларында өндіріс орындарын салу қарастырылмаған. Яғни алдағы уақытта да Астана қаласы өндірістен ада, экологиялық жағынан ауасы өте таза қалалардың бірі болып қала береді.

Қазір еліміздегі ірі қалалардың бірі Алматы қаласы әлемдегі ең лас қалалардың бірі атанып отырса, Қарағанды қаласы шахта өндірісінің ортасында жатыр. Сондықтан, ең болмаса, бас қаламыздың экологиясын сақтау үшін барлық қолдан келген әрекеттерді жасауымыз керек.

Жалпы, әлем бойынша өндіріс ошақтары жоқ, таза әкімшілік қалалар баршылық. Солардың бірі – Вашингтон қаласы. Онда қала халқының саны аз, шағын ғана. Өндіріс орындары атымен жоқ. Қаланың экологиясын сақтау үшін арнайы өндіріссіз қала ету алдын ала жоспарланған.

Қалада ешқандай зауыт-фабрикалар болмаса, қала халқын қалай асыраймыз деп қорқудың мүлдем қажеті жоқ. Талай қалалар өндіріссіз-ақ жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, асырап келеді. Өндіріссіз-ақ қала бюджетінің қоржынына қыруар пайда келтіруде. Мәселен, өндірістің орнына қаладағы қызмет көрсету орындарын дамытуға болады. Өйткені көптеген елдер өндірістен гөрі қызмет көрсету сапасын арттырып, туризмді дамыту арқылы қыруар табыс тауып келеді. Осы орайда Астана қаласындағы «Океанариум», «Ханшатыры», «Джунгли», «Бәйтерек», «Пирамида», «Думан» ойын-сауық орталықтары мен ғимараттарының әрқайсысы халықтың ойдағыдай демалуына жоғары дәрежеде қызмет көрсете алады дер едім. Алдағы уақытта да осындай ойын-сауық көңіл көтеру орындары көбейе бермек. Бұлардың барлығы Астананы туристік орталық ретінде танытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Астана қаласының іргесіндегі Бурабайдағы туризмді дамытсақ, шетелден туристерді көптеп тартуға болар еді. Осындай халыққа қызмет көрсету орындарын дамыта білсек, өндіріс ошақтарынсыз-ақ қала халқын асырауға болады.

Бүгінгі күні Астана күн өткен сайын дүниежүзілік деңгейдегі рухани орталыққа айналу үстінде. Осылайша, дамыған үстіне дами түссе, әлемнің талай мемлекеті таныр еді. Ал қазіргі таңда Астананы туризмнің рухани орталығына айналдыру басты мақсат болып отыр.

mels-eleusizov-11

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

Жоқ
– Астанаға қазірдің өзінде мемлекеттік және жергілікті бюджеттен аз ақша бөлініп отырған жоқ. Ал енді өндіріс ошақтарын салмай, қала халқын асырауды толық Астананың бюджетіне артып қояр болсақ, не болады? Халық саны күн санап өсіп келе жатқан қаланы қамтамасыз ете ала ма? Қала болған соң, онда өндіріс ошақтары болмауы мүмкін емес. Өндіріс ошақтары, біріншіден, қала халқын жұмыспен қамтамасыз етсе, екіншіден, қала бюджетіне кіріс түсіреді. Сондықтан Астана қаласында міндетті түрде өндіріс ошақтары салынуы керек. Айта кетер жайт, бүгінде заманға сай экологиялық жағдайдың алдын алудың амалдары көп. Оның үстіне Астананың экологиясы қанша жерден халық саны көбейіп, өнеркәсіп орындары салынса да, Алматы қаласындай болмайды.

Өйткені Астана Алматы қаласындай таудың ортасында орналаспаған. Астана жазық жерде орналасқандықтан, күн-түн демей, жел соғып тұрады. Ал Алматы қаласы таудың ортасында орналасқандықтан, лас ауаны айдап кететін жел жоқ. Сондықтан ауасы лас қала атанып отыр.

Дәл қазіргі таңда Астанада экологиялық жағдайдың алдын алу үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – қаланың шет жағына ағаш отырғызу арқылы Астана қаласы мен Бурабай аймағын орман арқылы қосу жобасының экологияға тигізер пайдасы зор. Бұл жөнінде Елбасының өзі: «Бұл жасыл белдеу Астананы жаздың аптап ыстық желі мен қысқы боранынан қорғайды. Осыған байланысты, қаламыздың ауа райы да өзгереді. Астана үлкен далалық өлкенің орталығындағы жасыл өлкеге айналып, экологиялық таза мегаполис үлгісі болады», – деп атап көрсетті. Биылдың өзінде Астананың төңірегінде 71 мың гектар жерге жасыл желек егілді. Бұл дегеніңіз – табиғатқа көрсетілер үлкен көмек.
Сондай-ақ өндіріс ошақтарына ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды сүзгіден өткізетін құрылғы орнатуға да болады. Мұндай құрылғылар ауаның ластанып, зиянды қалдықтардың таралуына жол бермейді. Сондықтан елордаға өндіріс орындарын қорықпай сала беруге болады.

Бейтарап пікір

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:
– Өндіріссіз экономика дамымайды, ал экономикасы дамымаса, қала дұрыс өркендемейді. Бүгінгі күні Астана қаласындағы халық саны бір миллионға жақындап қалды деген дерек бар. Алдағы уақытта бұл статистика тоқтап қалмақ емес. Ендеше, жан-жақтан ағылған халықты қалай асыраймыз? Қала болғаннан кейін, ол жерлерде қызмет көрсетумен қатар, қаланың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті өндіріс орындары да болуы керек. Өндіріс орындары өнім өндірумен қатар, қала халқын да жұмыспен қамтамасыз етер еді. Жалпы, экологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа технологияларды өндіріске енгізетін болсақ, бұдан қаланың экологиясына ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Қала деген үлкен бір ағза секілді. Онда мәдени орталықтармен қатар, экологиялық өндіріс ошақтары да болуы қажет. Тек экологиялық талаптардың толық сақталуын қаперге алған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста