ЖЫЛҚАЙДАРОВ Сәкен Егінбайұлы
ЖЫЛҚАЙДАРОВ Сәкен Егінбайұлы 1956 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Куйбышев атындағы ұжымшарда туған. Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1979-1993 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Алматы гортеплокомэнерго» партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2011 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі. 2011-2012 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «50 лет Целине», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.