Сағындық Кәрімұлы Нұрәлиев
Сағындық Кәрімұлы Нұрәлиев 1949 жылы 11 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Бүкілодақтық сыртқы сауда академисын бітірген. 1986-1989 жылдары - «Гранит» Алматы өндірістік-техникалық кәсіпорнының аға инженері, 1-ші санатты инженері. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Іс басқармасы сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка бөлімінің бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Шет ел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігінің, Шет елдік капиталды пайдалану жөніндегі комитетінің басқарма бастығы. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басқармасының бастығы - ІІ департаменті директорының орынбасары. 1999 жылдан - «British Petroleum (BP)» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы. 2003 жылдан «Kazakhstan Petroleum» қауымдастығы басқармасының төрағасы. 2009 жылдан бастап британдық «Canamens Energy» мұнай компаниясы филиалының директоры істейді.