Сәбит Борисұлы Есмұратов
Сәбит Борисұлы Есмұратов 1949 жылы 2 қазан Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Халықаралық жоғары мектепті, 1995 жылы ақпараттандыру және аграрлық білім академиясын, 1971 жылы Қостанай ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған. Агроном, экономист, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, экономика ғылымының докторы, професор.
1971-1986 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зертхана институтының аспирантурасын бітірген соң осы ғылыми-зертхана институтында ғылыми қызметкер. 1986-1991 жылдары Қостанай ауыл шаруашылық институтында доцент, деканның орынбасары, проректор. 1992-2000 жылдары ректор. 1991-1992 жылдары «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдан Қостанай инженерлік-экономика университетінің және Халықаралық аграрлық білім академиясы Қостанай бөлімшесінің президенті болды.
«Экономические основы специализации сельскохозяйственных производственных кооперативов Северного Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер технологиясын жетілдіру мен топырақ құнарлылығын арттыру және қолданбалы экономика мен экология мәселелері. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография және оқу құралдарының авторы.