Қайрат Қамалұлы Қадыржанов

Қайрат Қамалұлы Қадыржанов

 Қайрат Қамалұлы Қадыржанов 1945 жылы 5 желтоқсанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтын, КСРО Ғылым академиясы И.Курчатов атындағы Атом энергиясы институтының аспирантурасын бітірген. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі
1975-1978 жылдары - Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы. 1978-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институты бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 1997-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры. Қазір Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы физика-математикалық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Ресей Жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі, Біріккен ядролық зерттеу институты (Ресей, Дубна қаласы) мүше-мемлекеттер үкіметтік өкілетті өкілдері Комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтар беру комиссиясының, Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі.
«Физические основы ионных технологий», «Фазовые преобразования в имплантационных системах металл-металлоид», «Nuclear Physial Methods in Radioecological Investigations of Nuclear Test Sites» (бірігіп жазған), «Физические основы ионных технологий создания стабильных многослойных металлических материалов» атты кітаптардың, 400-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 12 монографияның авторы.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Е.П. Славский» (Ресей) медалімен, «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Алтын белгісімен марапатталған. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясының академигі Шапық Шокин атындағы сыйлықтың иегері. 2009 жылы Словакия Республикасының Құрметті консулы атағы берілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста