Есен Әбікенұлы Бектұров

Есен Әбікенұлы Бектұров

 Есен Әбікенұлы Бектұров 1931 жылы 14 желтоқсанда Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген. 1954 жылы ҚазМУ-ді, 1957 жылы оның аспирантурасын тәмамдаған. Химия ғылымының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері (1986).
1958-1997 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында полимерлер физика-химия лабораториясының кіші, аға ғылыми қызметкері, 1966-1997 жылдары меңгерушісі болды. 1997 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Негізгі ғылыми еңбектері суда еритін және ісінетін полимерлер мен полиэлектролиттердің кешенді түзілуін және физика-химия қасиеттерін зерттеуге арналған. Ерітіндідегі баяу әсерлесетін жүйелерді зерттеудегі уақыттың мәнін алғаш рет көрсетті. Еріткіш табиғатының сұрыпталып өзгеру әдісінің жаңа нұсқасын ұсынды. Полимерлердің құрылымына, макромолекулалардың термодинамикалық иілгіштік қасиетіне ортаның әсер етуі сияқты бірқатар заңдылықтарды ашты. Комплементарлығы бұзылған әсерлесуші макромолекулалар жүйесінде комплекс түзу мүмкіндігі көрсетілді. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1986) және ЮНЕСКО-ның Н. Бор атындағы алтын медалінің лауреаты (1997).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста