Бинәли Әбдіқапасұлы Ысқақ
Бинәли Әбдіқапасұлы Ысқақ 1957 жылы 22 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1990 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы.
Еңбек жолын 1979 жылы Түрген механикалық зауытының мастері болып бастаған. 1985-1987 жылдары Есік қаласының ауыл шаруашылығы техникасы мекемесінің директоры, 1987-1991 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы «Жарсу» совхозының партия комитетінің хатшысы болды.
1992-1994 жылдары Есік қаласы «Есік» агрокомбинатының бас директорының орынбасары, техникалық орталығының директоры міндеттерін бірге атқарды. 1996-2000 жылдары «Ырыс» акционерлік қоғамының президенті, 2000-2001 жылдары «Ларус» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің бас басқармасының төрағасы, 2001-2006 жылдары Алматы қаласында Қазақтың Ұлттық Аграрлық университетінің проректоры, 2006 -2010 жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бастығының орынбасары, 2010 жылдың қаңтар айынан «Қазпошта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының директоры, 2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл ауданының әкімі. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқаруда.