Балабай Ақбердіұлы Шелпеков
Балабай Ақбердіұлы Шелпеков 1961 жылы 27 маусымда Түркменстанда дүниеге келген. И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған. «Өзенмұнай» мұнай-газ өндірісі басқармасында қызмет істеген. 1988-1989 жылдары - Жаңаөзен қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 2002-2005 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Канцеляриясының бас сарапшысы. 2006-2008 жылдары - Маңғыстау облысы Түкқараған ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары - «Тобыл Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.