Айдын Жеңісұлы Құлсейітов
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов 1976 жылы 9 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Жарнама жөніндегі агент, «Жанна» ЖШС-нің менеджері болып қызмет атқарған. 1997-1999 жылдары - «Олжа» ЖШС-нің бас менеджері, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Латифа» ЖШС-нің бас директоры. 2000-2003 жылдары - Өскемен қалалық Индустрия, экология және байланыс бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті директоры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Индустриалды саясат департаментінің директоры. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және салааралық реттеу департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2009-2012 жылдары «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасы. 2012 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың мамырына дейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқармасының төрағасы болды.