Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған. 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).
1975 - 1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976-1977 жылдары ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986-1988 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы. 1991-1997 жылдары Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші, дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып тағайындалды. 2007 жылы Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы болды.
2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.
1977 жылы «Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 жылы «VIII - XX ғасырдағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Иешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған. ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО Ғылым Академиясы Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөлімінің төрағасы болды. КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984) марапатталған. ҚазМУ-дің әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республикамыздың мемлекеттік 10 университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Араб тілі» Ғылым Академиясының (Каир) академигі. Дербісәлі республикалық арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылыми докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Ол алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де араб бөлімі мен Шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды. Оның басшылығымен республикамызда тұңғыш рет урду, парсы, түрік, қытай, жапон, корей тілдері мен әдебиеті мамандықтары ашылып, кафедралары ұйымдастырылды. Сөйтіп, республика өте зәру шығыстану ғылымы саласының ұлттық мамандарын даярлауға белсене ат салысты. Дербісәлі қаламынан араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлері мен мәдениетінің мәселелері, Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланыс, ол жұрттың ой дүниесі мен Ислам тарихы, қасиетті Құран, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріптері туралы 600-ден аса теор. және практик. мәні бар ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерді жазған. Араб тілді Марокко әдебиетінің тұтас тарихын жазып шықты. Ол тек КСРО ғана емес, сол елдің өзінде де жазылған жоқ еді. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде туындатқан, еңбектері әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап кеткен даламыздың X - XVIII ғ. өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бурһанад-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмұт әл-Фараби, үш Кердери, үш Сайрами (Исфиджаби), жеті Түркістани, 31 Таразилер, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыри, Гийас ад-Дин Женди, Хусам ад-Дин Сығнақи және т.б. барлығы 100-ге жуық Ғылым Академиясылымдары мен ойшылдарын тауып, еңбектерін ғылыми айналымға енгізді. Олар жайлы шығыстану және филология факультеттерінде дәрістер оқыды. Студенттер мен магистрлердің диплом жұмыстарына басшылық етті. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шыҒылым Академиясырмашылығын зерттеуде де соны қадамдар жасады. ҚашҒылым Академиясырия (1994), Пәкстан (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тапты. Құлпытасының әпитапиясын шешті. Берлин және Қашгар қолжазбасы бойынша гүламаның «Жаһаннаме» атты поәмасын шағатай тілінен тәржімалап жариялады (Алматы, «Білім» 2006). Ол жайлы бірқатар зерттеу жасады. Сондай-ақ, ол Нұр-Мүборак Египет Ислам мәдениеті университететін, имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтын, қасиетті Құранды мәнерлеп оқу бойынша респ. түңғыш конкурсты, Рамазан айларында А-ның орт. мешітінен қазақ теледидары арқылы қадір түнін насихаттау секілді тағы да басқа көптеген діни-руханият, діниағартушылық шараларын үйымдастырды. 2003, 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі үлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты. ДербісәліҚазақстанда араб тілі мен әдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 ж. Египет Араб республикасының 1-дәр. «Ғылым және өнер» орденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы «Парасат» орденімен және 2001 жылы «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 ж. «Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл», 2008 ж. «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен және 2007 ж. ҚР Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды, 2005 ж-дың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық. мәслихатының шешімімен Түлкібас ауданының «Құрметті азамағы» және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының шешімімен «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтары берілді. Ол Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы, діндер аралық түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарып келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста