Жаңажол кен орнында зауыттан өрт шығып, 4 жұмысшыны күйік шалды

Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

1 мамыр сағат 15:55 шамасында 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнынан хабар түскен.

 

Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртеніп жатқаны айтылған.

 

Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды.

 

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді.

 

Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

 

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

 

Тілсіз жау 20:35-те оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста