Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды

Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды

Астанада өзінің сыныптасын өлтірді деп айыпталған оқушы психиатрия орталығына жатқызылды, - деп хабарлайды, Tengrinews.kz. Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитеті қоғамда үлкен шу тудырған Астана қаласында оқушының өз сыныптасын өлтіруіне қатысты іс туралы нақтырақ мәліметтерді жариялады.

Кәмелеттік жасқа толмаған Олжахан Арлан Алматыдағы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының балалар бөліміне жатқызылды, - дейді Білім және ғылым министрлігіне қарасты балалардың құқығын қорғау комитетіндегілер.

Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы 14 қараша күні қылмыстық іс қозғады. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Айыпталушының 14 жасқа, яғни қылмыстық жауапқа тартылатын жасқа толмауына орай тергеу жұмыстары жалғасып, өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот сараптамалық, медициналық сараптамалар жүргізілуде. Осы қылмыстық іске орай Астана қаласы Білім басқармасының басшысына, оқушы қайтыс болған мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Еске сала кетейік, бұл оқиға Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болды. 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан білгісіз затпен ұрған. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған. Кейін сыныптасын өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғаны жария етілді. Алғашында ол өзінің сыныптасын қаламсаппен ұрды деп хабарланса, кейін белгісіз затпен ұрғандығы туралы айтылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста